Тақырыбы: «Қазақстан – ғажапстан»
Мақсаты:
-
оқушылардың алған білімдерін жинақтап, тиянақтап, жүйлеп қорытындылау;
-
оқушылардың шығармашылық ізденістерін, ой-өрісін, сөйлеу шеберлігін және танымдық қасиеттерін арттыра отырып дамыту.
-
Туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы эстетикалық тәрбие беру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер көрмесі (стенд), газеттер.
Өткізу формасы: сайыс.
Барысы:
-
Кіріспе
-
Сайысты ашу.
-
Топтарды ортаға шақыру.
-
Қазылар алқасын сайлау.
І кезең « Таныстыру».
Әр топ өздерін таныстырады. ( 1-5 ұпай)
8а – сыныбы «Мұрагер» тобы, 8б - сыныбы «Сұңқар» тобы
ІІ кезең « Өткел».
Топ басшыларына 5 сұрақ. «Мұрагер» тобының басшысына
А. 1. Қазақстан орналасқан материк (Евразия)
2. Қазақстанмен шектесетін елдер саны (5)
3. Елорда Астанаға көшірілген жыл (1997)
4. Қ.Иассауи кесенесі орналасқан қала (Түркістан)
5. Марал өсіретін облыс (Шығыс Қазақстан)
«Сұңқар» тобының басшысына
Б. 1. Қазақстан орналасқан дүние бөлігі (Европа, Азия)
2. Қазақстанның ұзын шекарасы (Ресеймен)
3. Қазақстандағы Облыс саны (14)
4. Жерасты Бекет ата мешіті орналасқан жер (Маңғыстау таулары)
5. Тұт ағашын өсіретін облыс (Оңтүстік Қазақстан)
ІІІ кезең «Белес».
«Бұл кім ? »
А. 1. Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік Мұзды мұхиттың шығанағы деп санап, мұхитпен жалғасады деп ойлаған рим ғалымы.
Қосымша көмек. Ол б.з.д. 63-24ж өмір сүрген
Жауабы: Страбон.
2. Жұлдыздарды зерттеп ең ірі обсорватория салып, өлшеу құралдарын ойлап шығарған. Өзінің «Ғылымдарды жіктеу» еңбегінде арифметика, геометрия, музыка туралы өз ой-көзқарасын жазып қалдырған ғалым-ойшыл.
Қосымша көмек. Ол б.з.д. 870ж Отырарда дүниеге келген.
Жауабы: Әл – Фараби.
Б. 1. Қазақстан туралы алғашқы деректі өзінің «Тарих» деген еңбегіне енгізген, Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен ғалым.
Қосымша көмек. Ол б.з.д. V ғасырда өмір сүрген.
Жауабы: Герадот.
2. Ол 1900-1903 жылдары Арал теңізін мұқият зерттеді. Оның «Арал теңізі» атты еңбегінде теңіз бен оның айналасының жер бедері, геологиясы, гидрологиясы, фаунасы мен флорасы сипатталады.
Қосымша көмек. Балқашты зерттеді.
Жауабы: Л.С.Берг.
ІV кезең «Асу» Бейнесұрақтар.
-
Тереңдігі 300 метрге дейін жететін экзотикалық бедерлі бұл жер жер қыртысының қақырап айырылған тұсында орналасқан. Бұл жер 300 млн жыл бұрын пайда болған бедерлер үдерісін саралауға, табиғи пирамидалардың .мұнаралардың адам айтқысыз ғажап көрінісін, ғасырлар тоғысын тамашалауға мүмкіндік береді.
-
Бұл аймақ тек қазақстандықтардың ғана емес, алыс және жақын шетел туристерінің де демалатын сүйікті орны. Бұл жер үлкенді – кішілі тауларға бай. Олар таңғажайып мистикалық кереметтерге толы фантастикалық таулар. Ең үлкен шоқысы Жеке-батыр (826 м)
-
V кезең. Шың. Картада белгіленген сұрақтар.
1. Кәрі, қатерлі, ай дала- жазық тегістік деген мағына береді. Ағын су мүлдем жоқ, тек кей жерде сорлар мен жайпақ ойыстар кездеседі. Солтүстік – Шығыс бөлігі неғұрлым биіктеу( 600 м. дейін), тақтатасты, жер бедері төбелі, оңтүстік – батыс бөлігі бірте-бірте аласарады. Бұл қай жер? (Бетбақдала)
2. Бұл өзен үш тармақтан құралады: Текес, Ханкөл, Күнгес үшеуі қосылып жаңа атауға ие болды. Қытай жерінен шығып қазақ жері арқылы кішігірім тау өзендерін қосып алады. Ұзындығы 800 км-ден аспайды. Бұл қазақ даласының ең суы мол өзендерінің бірі. Өзенді ата ( Іле )
VІ кезең. Бекет. Көрермендер көмегі. Сурет-сұрақ.
-
Бұл әдемі құстар қалай аталады, қай қорықта (қоқиқаз, Қорғалжын қорығында)
-
Бұл өсімдік қалай аталады, одам қандай дәрі алынады? (дәрмене жусан)
VІІ кезең. Жерұйық. ( «Сұңқар» тобына)
Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша қазақ халқының қамын болашағын ойлаған «дала философы». Ойшыл, ел қамын жеп, қайығы-қасірет кешкен оның аты аңызға айналып кеткен.
Халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжымақ бар, оның аты – «Жерұйық». Бұл ел жау ,алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, тіршілік кешеді, ел арасы, ру жоқ. Малға жай, елге ырыс, осындай мекен барын ғайыптан болжап білген ол енді сол жерді іздеп табу үшін төніректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады. Ол кім? (Асанқайғыға Сәбитұлы)
Қорытынды. Біз тәуелсіз елдің азаматы болғанымызды тек мақтаныш етіп қоймай, елімізді экономикалық тәуелсіздікке жеткізуге тиіспіз. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, жастары жалын жүректі,өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал келеді. Туған елімізді өркениетті елдермен терезесі тең болу үшін, терең әрі жан-жақты білім иесі болуы керек. Сол мақсат орындалуы үшін сабақты жақсы оқып, білімді де білікті маман болуға дайындалуымыз керек.
Пай, пай, пай ! Киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер,
Ғашықтар бірін-бірі өпкен жер,
Сарылып сал сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі
«Қазақстан - ғажапстан»
атты географиялық сайыс
Өткізген: Қаймашева А.Т
2012-2013 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |