Лекция жоспары: Экология ғылымының мақсаты мен міндеттері. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы



бет1/3
Дата14.09.2024
өлшемі95.5 Kb.
#503635
түріЛекция
  1   2   3
Лекция 1


[gl]


Тақырып 1
Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның қалыптасуының қысқаша тарихы
[:]


Лекция жоспары:

  1. Экология ғылымының мақсаты мен міндеттері.

  2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы.

  3. Экология ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері.

  4. Экологияның басқа ғылым салалары мен байланысы.

Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы Генрих Девид Торо пайдаланды. Ал, «экология» деген терминді 1866 жылы ғылымға енгізген неміс биологы Эрнест Геккель.


Экология ғылымы организмдердің тіршілік ету жағдайларын, организм мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара қарым-қатынастар мен байланыстарды зерттейді. «Экология» сөзі гректің «oikos – үй, мекен жай», «logos-ілім, ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Экологияның негізгі мазмұны - тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен популяциялық-биоценотикалық деңгейде зерттеуі және одан жоғары деңгейдегі биологиялық макрожүйелердің: биогеоценоздардың (экожүйелердің), биосфераның қызмет етуін, олардың өнімділігі мен энергетикасын зерттеуі болып табылады.
Экологияның ғылымының негізгі мақсаты – ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. «Адам-қоғам-табиғат»арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздеу.
Экологияның негізгі міндеттері – популяция, биоценоз және оларда болып жатқан өзгерістерді зерттеп, қазіргі таңдағы планетаның индустрализация және урбанизация жағдайында экологиялық үдерістер заңдылықтарын ашып, оларды басқару.
Экологияның зерттеу пәні биологиялық макрожүйелер (популяциялар, биоценоздар) және олардың уақыттағы және кеңістіктегі динамикасы болып табылады. Б.Иогансен барлық биологиялық ғылымдарды 3 топқа бөлді: жалпы, жекеленген, құрамды.
Жалпы биологиялық ғылымдар барлық органикалық әлемді бір нақты бағытта, оның тіршілік етуінің тек қана бір жағын зерттейді. (морфология, физиология, экология )
Жекеленген ғылымдар бір нақты биологиялық объектісін жан-жақты зерттейді. (ботаника, зоология)
Құрамды ғылымдардың негізінде ағзалардың тіршілік ету жағдайларын зерттеуі жатыр. (топырақтану, паразитология)
Экология зерттеу объектілердің көлемі бойынша: аутэкология, демэкология, синэкология, географиялық, немесе ландшафттық, экологияға және ғаламдық экологияға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет