Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Б.з.д II мыңж.Грекия тарихы
Қабылдаған :Тулегенов Едил
Орындаған :Худайбергенов Билал
Тобы :ТТА-211
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Крит –мекен өркениеті бойынша түпдеректер
2.Жазба түпдеректері
3.Миной өркениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Азиядағы сарайлық кешендер, құрлықтық Грециядағы жерлеу кешендері.Ежелгі Греция тарихы ежелгі әлем тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Ежелгі Греция тарихы бойынша түпдеректерді зерттеу арқылы ежелгі әлем тарихының бөлігі ретінде, оның даму заңдылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, грек өркениетінің ерекшеліктерін көрсетіп, грек өркениетін қайталанбайтын тарихи шындық ретінде көруге болады.
Крит және Ахей тарихы бойынша деректер б.з.д. II мыңжылдықты қамтиды. Бұл кезеңнің көптеген деректері үш негізгі категорияларға бөлінеді: жазбаша ескерткіштер, (Б сызықты жазумен жазылған), қала және қоныстардың археологиялық қазба жұмыстарының мәліметтері, грек авторларының шығармалары. Б сызықты жазылған хат тақталары Крит аралында А.Эванспен 1901 жылы табылған. Тек 1953 жылы ағылшын ғалымы М.Вентрис жазулардың тіліне талдау жасаған. Қазіргі кезеңде Б сызықты хаттардың бірнеше мың тақтайшалары белгілі. Олар Криттегі Кносс жерінде, Пилос, Микен, Фивы, Тиринф қалаларына қазба жүргізу барысында табылған. Тақталардың басым бөлігі б.з.д. ХІY-ХІІ ғасырларға жатады. Жазулар өте қысқа болып келеді. Жазулар шаруашылық есеп түрінде беріледі. Онда жерді жалға беру туралы, мал санының басы, жұмысшыларға қызмет етуші қызметкерлерге азық-түлік беру, күн және құл тізімі, қолөнершілер тізімі, шикізаттық материалдар тізімі, матрос және жауынгерлердің мобилизациялауларға жататындарының тізімдері, сонымен бірге, кәмпелескен мүліктердің тізімдері берілген. Тақтайшалар сарайлық шаруашылықтың қызметі, сарай және әкімшіліктік бірліктері арасындағы қарым-қатынастар туралы, мемлекет ісін басқару туралы ақпарат береді. Б.з.д. II мыңжылдықтағы Ахей патшалығының экономикасы және басқарудың негізгі белгілері туралы мәлімет беруге мүмкіндік береді. Тақтайшалардан басқа, жеке сөзден немесе қыш ыдыстардың бетіне қашалып жасалынған. Мөрлердегі жеке әріптер қыш ыдыстарға жазылған.
Археологиялық қазбалар материалдық мәдениет туралы әр түрлі мәліметтер береді. Ең маңыздысы сарай кешендерінде қазба жұмыстарын жүргізгенде табылған: Крит аралындағы Кносста, Фестада, Микеньде, Пелопоннестегі Пилоста. Көптеген бөлмелер, сарайдың күрделі жоспары, сонымен бірге, үлкен апартаменттер, қабылдау залдары, храмдық бөлмелер, қолөнерлік шеберханалар, шаруашылықтық қоймалар, тұрмыстық заттардың көптігі, сан алуан қару түрлері б.з. II мыңжылдықтағы ірі монархиялардың орталықтарының күрделі де ғажайып өмірі туралы түсінік береді.Б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Лернде (солтүстік Пелопонес) және Рафинада (Аттикада) ашылған ірі қоныстар аса қызығушылық тудырды. Бұл жерлерде қола құюшы өндіріс табылған. Б.з.д. II мыңжылдықтың екінші жартысында Микенде, Пилоста, Афиныда, Фивыда сарайларды айналдыра үлкен қоршаулар пайда болады. Бұл жерлерде қолөнершілер мен көпестер мекендеді.Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде батыс философияның архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші], Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
Хронологиялық шеңбер
Б.з.б. 2000 ж. — Микендіктер туралы алғашқы деректердің пайда болуы.
Б.з.б. 1650-1550 жж. — Қабір шеңберінің салынуы.
Б.з.б. 1600 ж. — Микен мәдениетінің даму шыңын.
Б.з.б. 1400 ж. — Микендіктерлің Крит аралын қол астына алуы.
Б.з.б. 1250 ж. — Микен қалаларының төңірегінде қабырғалардың салынуы.
Б.з.б. 1230 ж. — Трояның құлауы.
Б.з.б. 1200 ж. — Микен дәуірінің күйзеліске ұшырауы.
Достарыңызбен бөлісу: |