ҚОРЫТЫНДЫ
1.Ертедаму,ерте балалық шақ мәселесі қарастырылған психологиялықпедагогикалық еңбектерге жасаған талдау баланың ерте жас аралығының кезеңдері әдебиеттерде жан-жақты талданғанын, бірқатар теориялық қағидалар мен тұжырымдардың (құрсақтық тәрбие, туғаннан тәрбиелеу, туғаннан – 3 жасқа дейін бала тұлғасын қалыптастыру, жаны мен тәнін тәрбиелеу және т.б.) қалыптасқандығын көрсетті. Осы теориялық талдау негізінде бүгінгі күнде әдебиеттерде басым тұрақтанған және практикада жүзеге асырылып жатқан ерте жастағы баланың жас шекарасының кезеңдері болып 1-3 жас аралғы саналады және ол нәрестелік (0-1 жас) және сәбилік (1-3 жас) кезеңнен тұрады. 2. Белсенділік ғылыми әдебиеттерде адамның қозғалыс формасы, динамикалық жағдайы, қатынас көрсеткіші, саналы іс-әрекеті, белсенді күйі, даму қозғалыс күші, қасиеті тұрғысынан қарастырылған. Біз өз зерттеу пәнімізге сәйкес «ерте жасар баланың белсенділігі қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынастағы әрекетінің көрініс», деп түсінеміз. 3. «Белсенділік», «Танымдық белсенділік» анықтамаларының мәніне талдау жасау оларға берілген түсініктер мен тұжырымдарды жүйеге келтіруге, олардың бір-бірімен арақатынасын көрсетуге және аталған ұғымдарды зерттеу пәнімізге сәйкес нақтылау мүмкіндігін тудырды. біздің түсінігімізше, «Ерте жасар баланың танымдық белсенділігі дегеніміз оның жаңаны қажетсіну,құштар болу, байқау, білу, үйрену, жасау әрекеттерінің көрінісі». 4. Ғылыми әдебиеттердегі ерте жастағы балалардың физиологиялық және психикалық ерекшеліктерін зерттеу олардың осы жасында дене тәрбиесі – баланың физиологиялық (бойы, салмағының өсуі, денсаулығы, еңбек әрекеті), ақыл-ой тәрбиесі – психикалық үйлесімді дамуын (сенсорлық, эстетикалық, адамгершілік және т.б. сезімдерін, ой-өрісін, белсенділігін)» жүзеге асыру қажеттігін көрсетті. Ерте жас аралығындағы баланың танымдық белсенділігін дамыту олардың дене және ақыл-ой тәрбиесінің дамуына тікелей ықпал етеді. 5. Ерте жастағы баланың танымдық белсенділігі мен психикалық үдерістерінің дамуы ара қатынасын зерттеу бізге ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін дамытудың механизмін жасауға мүмкіндік берді (қажетсіну – құштар болу – байқау – білу – үйрену - жасау). 6. Қазақ халық шығармашылығы және оны білім алушылардың оқу-тәрбие үдерістерінде пайдалану қарастырылған еңбектерді талдау негізінде қазақ халық шығармашылығының педагогикалық жіктемесін жасалды: ауыз әдебиеті: күлдіргі өлеңдер, мазақтамалар, уату-алдарқату, ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтел, жаңылтпаштар; музыка: бесік жыры, мәпелеу жыры, сәбилік ғұрып жыры, ұлттық би қимылдары; ойын: ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, ойын-ермек, тәжікелесу; спорттық-қозғалыс ойындары; қолөнер: оюөрнек, құрақ, жапсырма кесте, ұлттық киімдер, тұрмыстық бұйымдар, сыйлықтық бұйымдар. Осы педагогикалық жіктемені жасауда балалардың ерте жас аралығы ерекшеліктері, аталған шығармашылық түрлерініің осы жастағы 138 балалар тәрбиесінің мазмұнына, психикалық үдерістерінің дамуына ықпалы, танымдық белсенділігін дамыту мүмкіндіктері негізге алынды. 7. Қазақ халық шығармашылығын түрлерін қарастыру барысында біз олардың балалардың қабылдауына жеңіл, білуге құштарлығын арттыратын, қиялын ұшқырлайтын, зейінін қалыптастыратын, эмоционалдық жақсы сезімталдыққа бейімдейтін, ой-өрісін өсіретін, танымдық аясын кеңейтетін, саналы-әрекетке итермелейтін, белсенділігін арттыратын педагогикалық құрал екендігін анықтадық. 8. Ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту моделі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық, бағалаушылық төрт бөліктен тұрады. Мақсаттық блок аталған дамуды жүзеге асыруға қоғамның, мемлекеттің талап, сұраныстарын, мақсатын, басшылыққа алатын (құндылық-мотивациялық, жүйелілік, жеке тұлғалық, іс-әрекеттік, жекелік-креативтілік) әдіснамалық тұғырларды және принциптерді қамтиды. Технологиялық – бағдарлама мазмұнын, оны жүзеге асырудағы жұмыс формаларын, әдістерін, құралдарын анықтайды. Ұйымдастырушылық – кезеңдерін (мақсаттық, мазмұндық-іс-әрекеттік, аналитикалық-түзетушілік.), функцияларын (дамытушы, коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени тәрбиелеу, оқыту, шығармашылық-қайта өңдеу), педагогикалық экспериментті (анықтаушы, қалыптастырушы, қорытындылау) сипаттайды. Технологиялық және ұйымдастырушылық блок мынадай педагогикалық шарттарды сақтай отырып қалыптастыруды көздейді: мәденитанымдық білім беру ортасын құру; баланың жеке білім беру траекториясын жүзеге асыру; ана мен баланың шығармашылық өзара әрекеттестігі мен өзара байланысы; педагог-ана-баланың шығармашылық өзара әрекеттестігі мен өзара байланысы. Бағалаушылық блокта ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту нәтижесін анықтауға арналған өлшемдер мен көрсеткіштер және деңгейлер көрсетіледі. 9. Аталған дамудың бағалау компоненттерін қажеттілік-құштар болу, байқап-білу, үйреніп-жасау құрайды. Оларға сәйкес өлшемдері болып қазақ халық шығармашылығына тұрақты танымдық қызығушылық, қазақ халық шығармашылығын танып-білуге эмоционалдық жағымды қатынасы, қазақ халық шығармашылығы түрлерін білуге, үйренуге, жасауға ерік-жігерінің болуы, оны іс-әрекетте көрсетуі табылады. Деңгейлері құштарлық белсенділік, талпынысты белсенділік, саналы белсенділік болып анықталды. 10. Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығымен танымдық белсенділігін дамыту бағытындағы «Сәби танымы» кешенді бағдарламасы үш бағдарламадан тұрады: 1) Ерте жастағы балаларды тәрбиелейтін педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған; 2) Ерте жастағы балаларды тәрбиелеуде атааналармен бірлестіктегі жұмыс; 3) Балаларды ерте дамыту орталықтарында олардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында пайдаланылатын бағдарлама.
Достарыңызбен бөлісу: |