Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. «Подбор параметра» командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»



бет1/3
Дата27.10.2023
өлшемі156.97 Kb.
#481660
түріПрограмма
  1   2   3
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 10 8 САБАҚ


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №10


Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. «Подбор параметра» командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»




Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін бет тұрғызуда және теңдеу шешуде пайдалана білуге үйрету.
Негізгі түсініктер:

Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеде мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.


Сондай-ақ, Excel программасында Сервис->Подбор параметра командасын пайдаланып теңдеулерді жуықтап шешу мүмкіндігі де қарастырылған. Жоғары математика курсынан белгілі теңдеудің түбірін жуықтап шешу әдісін қолданғанда әуелі түбір жатқан аралық анықталады. Мұндай аралықтар үшін олардың шеткі нүктелеріндегі функция мәндерінің таңбалары әртүрлі болуы шарт. Аралық анықталғаннан кейін сол аралықтағы түбірдің мәнін, Сервис->Подбор параметра командасын қолдана отырып белгілі бір дәлдікке дейін жуықтап табуға болады.



  1. жаттығу. Бет ( поверхность) тұрғызу. Беттің формуласы:




  1. Өз бумаңызда Лаб_Ex_10 деп аталатын жұмыс кітабын құрыңыз.

  2. х-тің мәндерін 0,2 қадаммен А2 ұяшықтан бастап баған түрінде енгізіңіз;

  3. у-тің мәндерін 0,2 қадаммен В1 ұяшықтан бастап жол түрінде енгізіңіз;

  4. В2 ұяшыққа формула: =3*А2^2 – 2* SIN(B1)^2*B1^2 жазыңыз;

Формуланы жазып болғаннан кейін оны қалған ұяшықтарға көшіру кезінде адрестердің дұрыс өзгеруін бақылап көріңіз, қорытынды жасаңыз: х-тің мәндері барлық уақытта А бағанында болуы керек, сондықтан баған өзгеріп кетпес үшін оның алдына абсолют адрестің белгісі қойылады, яғни $А болады, ал у-тің мәндеріне сәйкес бірінші жолдың адресі $1 болып өзгереді.

  1. Ендеше осыған сәйкес В2 ұяшықтағы формуланы: =3*$А2^2 – 2* SIN(B$1)^2*B$1^2 түрге келтіреміз /9-сурет/;

  2. z –тің қалған мәндерін толтыру маркерін пайдалана отырып, шығарыңыз;

  3. Ол үшін В2:В12 диапазонды белгілеп алып толтыру маркерін сәйкес тіктөртбұрышты обылыс толғанға дейін созасыз;


9-сурет


  1. Кестені х, у, z. мәндерімен қоса белгілеп алыңыз;

  2. Диаграмма шеберін (Мастер диаграмм) шақырыңыз, диаграмма типінен Поверхность (1-ші түрін ) таңдаңыз;

  3. Диаграмманың параметрлерін өзгертіңіз;

  4. Диаграмманы сол бетке орналастырыңыз, атын Поверхность деп өзгертіңіз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет