Тақырыбы: «Биология ғажайыптары» сайысы Мақсаты: Білімділік



бет1/4
Дата27.09.2022
өлшемі27.72 Kb.
#461436
  1   2   3   4

Авторы: Куренбаева Гульбагдат Билдебаевна


Алматы қаласы Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі химия-биология пәндерінің оқытушысы
1 курс биология пәні
Тақырыбы: «Биология ғажайыптары» сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Студенттердің биология пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
Дамытушылық: Танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, пәнге қызығушылығын арттыру, интеллектуалды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасай отырып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, кесте мен суреттер, жемістер мен көкөністер .
Әдісі: Сұрақ-жауап, ой талқы.
Түрі: Сайыс.
Жоспары:
Таныстыру (Топ аты, ұраны, газет)
«Кім тапқыр» ойыны
«Сиқырлы сандықша» сұрақ-жауап
«Көбелекті құтқару» сергіту сәті
«Ойлан тап» топ басшылар сайысы.
Үй тапсырмасы: Зерттеу жұмыстары.
1.Алманың емдік қасиеті
2. Кактус өсімдігі.
3. Адыраспан.
4 . Қорытынды
1-жүргізуші: Көруге бұл сайысқа жиылғандар.
Ғылымға құрметпенен сиынғандар,
Қош келдіңіздер, биологиялық ғажайыпты.
Тамашалау бақыты бұйырғандар!
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер, жиналған қауым!
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қымбаттысайысқа қатысушылар!
2-жүргізуші:Бүгін сіздер колледжіміздегі «Жаратылыстану ғажайыптары» атты онкүндігінің аясында өтіп жатқан «Биологияғажайыптары» атты сайсымыздың куәсі болыңыздар!
1-жүргізуші:Бұл іс– шараға колледжіміздің І курс студенттері 58 БОП ,
59 БОП , 68 БТОП топтары қатысады, өз білімдерін сарапқа салып, бақтарын сынамақшы.
1-жүргізуші:
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Қара қылды қақ жарар алдарыңда,
Таныстырайық әділ-қазыалқасымен
(Қазыларды таныстыру)
2-жүргізуші:
Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу керек , білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?- дей отырып сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлердің ретін анықтап алайық. Ол үшін әділ-қазылар алдынан топ басшылары келіп жеребе алсын.
Әр топ ұрандары мен эмблемаларын қорғайды.Сөз кезегін топ жетекшілеріне береміз.
І топ -«Цитоплазма» 58 БОП
ІІ топ – «Лотос» 59 БОП
ІІІ топ – «Ядро» 68 БТОП


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет