1. Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару жане жедел қалпына келтіру жұмыстары. Зақымдану ошақтарындағы апаттық-құтқару жəне жедел қалпына
келтіру жұмыстарын (АҚ жоне ЖҚК) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі іс-
шаралар алдын ала жоспарланады жəне дайындалады, апат туындағаннан
кейін нақтыланады жəне қалыптасқан мəн-жайлар есепке алына отырып
өткізіледі.
Зақымдану
ошақтарындағы
мəн-жайды
болжамдау
жергілікті
жағдайлар мен мүмкіндіктерді, халықты құтқару аумағы мен шаруашылық
объектілерін қорғау бойынша міндеттердің орындалуына əсер ететін
заманауи зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларын сипаттайтын
мөліметтер негізінде жүргізіледі. Бұл факторларға:
— физикалық-географиялық, метеорологиялық, сейсмологиялық, басқа
да экзогенді құбылыстар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар;
— адам жəне материалдық ресурстардың болуы;
— инфрақұрылым, қалалардың жəне басқа елді мекендер құрылсының
сипаты;
—
қорғаныс
құрылыстарымен,
қорғану
құралдарымен
қамсыздандырылу;
— Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының болуы;
Бұған қоса, халықтың мүмкін болатын шығындары (жалпы,
санитарлық, қайтарымсыз); ғимараттар мен құрылыстардың, көліктік
коммуникациялардың, коммуналдық-энергетикалық желілер мен байланыс
құралдарының қирау дəрежесі; сондай-ақ, тұтастай алғанда, аудан, қала,
облыс бойынша құтқару жəне басқа да шұғыл сипаттағы əрекеттер
мүмкіндігі болжанады. Одан кейін Азаматтық қорғаныстың апаттық-құтқару
жəне жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті күштері мен
құралдарын есептеу жүргізіледі.
Зақымдану ошақтарында апаттық-құтқару жəне жедел қалпына келтіру
жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі аса маңызды іс-шаралар мыналар:
— мəн-жайды бағалау;
— апаттық-құтқару жəне ЖҚК жұмыстарын жүргізуге шешім
қабылдау;
— апаттың-құтқару жəне ЖҚК жұмыстарын өткізуді жоспарлау;
— апаттық-құтқару жəне ЖҚК жұмыстарын жүргізу барысында
Азаматтық қорғаныс күштерін басқару жəне жан-жаңты қамтылған, өзара
ұйымдасқан əрекеттер жүргізу;
— Азаматтық қорғаныс күштері əрекетін жан-жақты қамтамасыз етуді,
өзара əрекетті ұйымдастыру жəне апаттық-құтқару жəне ЖҚК жүргізу
барысында оларды басқару.
Құтқару жəне жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге
қабылданған шешімге сүйене отырып, алдын ала топтасқан күштерді құру
4
мен зақымдану ошақтарындағы алдын ала белгіленген учаскелерде
(нысандарда) оларды пайдаланудың тəртібі жоспарланады.