Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс!» Мақсаты



Дата03.07.2016
өлшемі72 Kb.
#174867
Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс!»

Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата-аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.
3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әліппе кітабының суреті, видео ролик, шарлар, тақырып,

А. Құнанбаевтың, Ы. Алтынсариннің суреттері, әріптер.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстздар, аяулы да ардақты ата-аналар ! Бүгін де егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп Тәуелсіздік тойын тойлап жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер , бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып ,бір жасқа тағы да есейіп отыр.Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын! 
Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 1 сынып оқушыларын ортаға қошеметтеп қарсы алайық! (ортаға оқушылар шығады).

Өсті міне ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!

Би: Айкөркем, Махаббат, Жаннұр. Қазақша би.

1жүргізуші М. Ақниет (қыз): 


Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға

2жүргізуші Т. Ақниет (ұл):

Шашу, шашу шашайық! 
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық (әжелер шашу шашады)


Мұғалім:

Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық,
Қайсы күйші , кім биші,
Талабына қарайық,
Іші толған әріпке ,
Бар білімнің бастауы
Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол бастар. Ол сүйікті әліппе, әліппе, әліппе! 


Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық (әліппе ортаға шығады).


Әліппе:

Армысыздар жас достар! 
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғылымның
Әліппесін меңгерген 
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден. 
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане ортаға салайық!

1жүргізуші М. Ақниет (қыз): 

Жұмбақ жаңылтпаш, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез-келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбан таныстық.

Айкөркем:

Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.

2-жүргізуші Т. Ақниет (ұл):

Абай- қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерін үйрендік.

Мерей С:

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.

Көрініс: Әліппе мен дәптер. (Әліппе- Аида, дәптер-Ақылжан).

Әліппе туралы: Берекет:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Дәптер туралы: Жаннұр:

Дәптер сенің серігің

Дәптер досың болады.

Әріптердің сұлбасы

Дәптеріме қонады.

Айтқан сөзді құпта да

Ұстазыңды құрметте

Дәптеріңді күт бала

Дәптеріңді кірлетпе!

Мұғалім: Балалар, біз санауды да үйрендік. Қане, санамақ айтайық:

Санамақ:

1-дегенім – бесік, Шықтың содан өсіп

2-дегенім – елім, Далам, тауым, көгім

3-дегенім – үміт, Үміт артар жігіт

4-дегенім – төзім,Төзе білем өзім

5-дегенім – бақыт, бағалайтын бақыт

6-дегенім – ақыл, Тыңдағаның мақұл

7-дегенім – жалау, Жүректегі алау

8-дегенім – сөзің, Серт беретін кезің

9-дегенім – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау

10-дегенім – Отан, Қорға соны, ботам!

Ән: Әліппе. (Гүлзада апайдың дайындаған өлеңі «Әліппе» ) Хормен

Жаннұр:

Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.


Ақылжан:

А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем.
Сөз оқимын, айырып әріпті енді.


Әділет:

Әліппе – білім анасы
Әліппе –кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?

А. Мерей:

Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!

Айбат:

«А»-әрпінен есімім

Айтсам сөздің кесімін

Айбат мен боламын

Айдай өсіп толамын

Би: Қыздар: Домбырамен би.

Думан:

Оспан да өлең жаттады

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған,

Екеуінің аттары. «О»

Аида:

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың. «Т»

Қуаныш:

Астана- Астанам

Астана – бас қалам,

Ардақтап атыңды

Аузымнан тастаман. «А»

Бекнұр:

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы. «Н»



Мұғалім: Қандай сөз шықты: «Отан». Хормен

Ақнұр:

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды

1-жүргізуші: М. Ақниет:

Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет!


Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын Сау болыңдар!


2-жүргізуші: Т. Ақниет:
Қош бол, құтты әліппем, 
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.


1 жүргізуші: М. Ақниет:


Таныстырған 42 әріппен 
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
ӘН: Оқуда озат боламын: Хормен . Видео ролик.


2 жүргізуші: Т. Ақниет:

Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.


1 жүргізуші: М. Ақниет:

Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық. 
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)


Ана тілі: мамасы:

Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
Барлық, барлық анаға. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.


Махаббат:

Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.

Ерсұлтан:

Ана тілі ұраным,
Ана тілі-құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым. 

Алия:
Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің. 

2 –жүргізуші: М. Ақниет:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Талабына қарайық,
Жұмбақ шешіп көрейік.


Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (Кітап)
Жаза-жаза арықтаған,Жазудан ол жалықпаған.(Карандаш)
Өліден тірі туады, Тіріден өлі туады. (жұмыртқа)
Үй үстінде ұсақ тас, алайын десем табылмас.(жұлдыз)
Би: Үнді жастар биі: 4 ұл, 4 қыз

Ән: Әліппе – Хит. Хормен.

Мұғалім:

Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға 
Тілек айтар қонақтар.
Бүгінгі біздің «Әліппе саған мың алғыс!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет