«Көрерменнен көрімдік»



Дата11.02.2024
өлшемі24.31 Kb.
#491611
қызықты сұрақтар 5-6


Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз Гульбану Сламияновна екеуміз қоғамдық гуманитарлық және эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндік аясында «Қызықты сұрақтар айдары» іс-шарасын жүргіземіз. Мақсаты- сіздердің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндеріне қызығушылықтарыңызды арттыру, білімдеріңізді кеңету. Бірінші 5-6 сыныптар қатысады, содан кейін 7-8 сыныптар. Ең бастысы тәптіп сақтаймыз. Яғни жауапты білсеңіз, қолды көтеріп, жауабын айтасыздар. Түсінікті ме? Олай болса, ойынымызды бастаймыз. Ойын 3 кезеңнен тұрады.

  1. Бәйге. Сұрақтарға жауап беру

  2. «Полиглот». Мақалға тиісті сөзді қойып, орыс, ағылшын тілдерінде айту.

  3. «Көрерменнен көрімдік»

1-кезең «Бәйге»

  1. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
    2. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
    3. Неше септік жалғауы бар? (7)
    4. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
    5. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
    6. Ықпалдың неше түрі бар? (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы)

7. Синоним сөздер дегеніміз не? Мысал келтір (дыбысталуы әртүрлі, бірақ мағыналары жақын сөздер. Мысалы: сұлу, әдемі, ажарлы, келбетті)
8. Үндестік заңы нешеу? (2 буын және дыбыс үндестігі)
9. Буынның түрлерін ата (ашық, тұйық, бітеу)
10. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
2-кезең «Полиглот». Мақалға тиісті сөзді қойып, орыс, ағылшын тілдерінде айту.
1. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман, плохой, bad)
2.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау, шестеро, six)
3. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл, язык, language)
4. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы, друг, friend)
5. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз, девочка, girl)
6. ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау, гора, mountain)
7. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз, слово, word)
8. ... жауса - жер ырысы,
Батыр туса – ел ырысы (жаңбыр, дождь, rain)
9. Отансыз ... — ормансыз бұлбұл. (адам, человек, human)
10. Туған ... - алтын бесік (жер, земля, land)
3-кезең «Көрерменнен көрімдік» Қатысушылар қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе сөзбен түсіндіреді. Ортаға 10 оқушы шығады.
Ат, той, жол, сәби, ту, киіз үй, жұлдыз, телефон, кітап, көгершін
Балалар, қатысқандарыңыз үшін рақмет! Сөз кезегін Гульбану Сламияновнаға беремін.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет