Орындаған: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, № 26 ЖОББМ КММ
Арнайы маман Каймулдинова Айнур Акылбаевна
Тақырыбы: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қолданылатын әдіс тәсілдер
Макатон - тілдік бағдарлама
Макатон-белгілер мен таңбаларды қолдану арқылы құрылымдық көпфункционалды тәсілмен жүзеге асатын тілдік бағдарлама .
Бағдарлама адамдармен қарым-қатынас жасау, тіл және оқу дағдыларын үйрету үшін аутизм, Даун синдромы, психоневрологиялық аурулары бар, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған және басқа да ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап жасалған.
Бағдарламаны Ұлыбританияда ХХ ғасырдың 70-жылдары Британ Империясы Орденінің мүшесі логопед және дефектолог Маргарет Уокер жасаған.
Пиктографиялық таңбалар жүйесі
Неміс маманы Р. Леб (1985-1994) сөйлемейтін және жүйке жүйесі зақымдаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін пиктограмма әзірледі.
Пиктографиялық таңбалар жүйесі (пиктографиялық байланыс-PIC) - сөйлемейтін балалармен қарым – қатынас орнататын оқытудың тиімді құралдарының бірі.
"Пиктограмма" термині жазуды сурет арқылы көрсету дегенді білдіреді.
Пиктограммалар вербалды емес қарым-қатынас(сөз арқылы емес) құралы ретінде қолданылады.
Сенсорлық-моторлық ортаны ұйымдастыру.
"Нумикон" - арифметикалық көріністерді қалыптастыру әдісі
«Нумикон»- бұл 1996-1998 жылдары Англияда математиканы оқуда қандай да бір қиындықтарға кездесетін балаларға арнайы әзірленген оқыту бағдарламасы мен көрнекі материалдар жиынтығы.
Нумиконда 1-ден 10-ға дейінгі сандар әр- түрлі түсте пласмасс шаблонды кесінділермен берілген, сол себепті сандар көру арқылы және тактильді қабылдауына өте тиімді.
Алдынғы санға қарағанда келесі сан бір санға артық, ал алдынғы сан бір санға кем және жұп сан мен тақ санның айырмашылығын текшелерді көру арқылы- ақ байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |