Тақырыбы: Ерте жастағы балаларда жедел асқорытудың бұзылуы. Диареялар. Емшек жасындағы балалардың созылмалы тамақтануының бұзылыстары.
1. Жедел асқорытудың бұзылу себептері.
2. Диареяның себептері, белгілері.
3. Емі, алдын алуы, күтім шаралары.
4. Дистрофия аруларының анықтамасы, жіктелуі.
5. Аурулардың даму себептері, белгілері, диагностикасы
6. Дистрофия асқынуларының,емі ,алдын алуы
7. Науқас нәрестелердің күтім принциптері
Диарея көбінесе аралас және қолдан тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Баланың жалпы жағдайы аса көп өзгермейді. Алғашқыда бала 1 – 2 рет құсып, 6 – 8 ретке дейін іші сұйық болып өтеді (д и а р е я). Нәжісі сұйық, сары түсті немесе көкшіл, іртік – іртік арасында шала қортылған сүт ақшыл түйіршік тәрізді. Баланың іші кеуіп, ауырсынады, мазасызданады, салмағы төмендейді, организімнен су жоғалту белгілері анықтала қоймайды. Дұрыс ем, күтім жасалса, тез тәуір болып кетеді.
Емдеу. Аурудың себебін анықтап, ары қарай болдырмау; денеден кеткен сұйықтар мен тұздар, микроэлементтердің орнын толтыру, осы мақсатпен ФАП және үй жағдайында қолдануға ыңғайлы р е г и д р о н немесе ц и т р а г л ю к о с о л а н препараттарын тағайындайды. Жиі сусын және шөп дәрілердің қайнатпаларын ішкізу. Ас қорытуды жақсарту мақсатында ферменттер (пепсин, фестал, панзинорм, мезим форте, линекс т.б.) тағайындау, витаминдермен емдеу. Көп жағдайда, баланың басқа қосымша аурулары болмаса, осы жүргізілген ем жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |