Тақырыбы: Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қорап, оның негізгі компоненттерінің тағайындалуы Орындаған: Асабаев Б. Тобы: ФҚА-02-19 Қабылдаған: Жумабаев Т. Ж.
презентация
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
| |
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ
|
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
Шымкент 2021 ж
Жоспар: І. Кіріспе - Алғашқы жәрдем аптечкасы
- Дәрі қобдишасы
ІІІ. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер Кіріспе Дәрі қобдишасы, дәріқұты . Әрбір отбасыда көлденең зардап шеккен не кенеттен ауырып қалған адамға алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрілер жинағы. Оны дайын күйінде сатып алуға немесе мүшелерінің жас мөлшері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, құрастыруға болады. Дәрі қобдишасының дайын жинақтамасы мынау: тұз, ацетилсалицил қышқылы (аспирин), кальцекс, ас содасы, жөтел таблеткасы, қыша қағаздар, валериана тұнбасы, борлы вазелин, мырыш майы, спиртті йод ерітіндісі, марганец қышқылды калий, мүсәтір спирті, бинт, компресс қағазы, мақта, таңғыш пакет, лейкопластырь, термометр, көзге дәрі тамызатын түтік. АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ АПТЕЧКАСЫ - Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге қажет құралдар және дәрі-дәрмектер жиынтығы алғашқы жәрдем аптечкасы деп аталады. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек апараттары және басқада құралдар жиынтығын нақты жағдайларға есептелген және тәжірибеден өткізілгенінен таңдап алу қажет.
- Алғашқы жәрдем аптечкасында міндетті түрде ауруды басатын, ыстық түсіретін, қабынуға қарсы, тынышталдыратын, антисептикалық құралдар, сонымен қатар таңғыш шүберектер, бинттер, мақта, бактерецидті лейкопластырь, қан тоқтататын жгут болу керек. Аптечкада қайшы, пинцет, ине, шприц, күре тамыр қысымын өлшейтін құрал, термометр болса артық болмайды.
Дәрі қобдишасы - Дәрі қобдишасының ішінде ішетін дәрілерді жаратын дәрілерден бөлек қойған жөн. Дәрілердің қай түрін болмасын құрғақ, салқын әрі қараңғы, балалардың қолы жетпейтіндей жерде сақтаған дұрыс. Кейбір дәрілердің заттаңбасында оларды сақтау тәртібі көрсетіледі, бұл қатаң орындалуға тиіс. Дәріні пайдаланбас бұрын оның дайындалған күніне және жарамдылық мерзіміне назар аударған жөн. Ұзақ уақыт сақталған дәрілерді пайдалануға болмайды, бұл әсіресе сұйық дәрілерге (микстура, экстракт, т. б.) қатысты. Түр-түсі өзгерген — тұнбасы шөккен, үлпек пайда болған дәрілер де пайдалануға жарамайды.
Қорытынды: - Қорытындылай келе Дәрілік аптечкасы, кез келген үйде және де кезкелген көлікте болуы тиіс. Дәрік аптечканың ішінде ең болмағанда; бинт, мүсәтір спирті, қысымын өлшейтін құрал, тынышталдыратын дәрі және де ауырсынуды басатын дәрілер болуы қажет. Егер бұл қобдишадағы заттар жеткіліксіз болса дереу түрде жедел жәрдем шақыруымыз керек.
Қолданылған әдебиеттер: Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 В. А. Карлов. Неврология. Руководство для врачей. — М.: Медицинское информационное агентство, 2002. — С. 10. Әлеуметтік желісі: - https://ppt-online.org/408699
Достарыңызбен бөлісу: |