Тақырыбы: Иық бұйымының сызбасы үшін өлшем алу
Мақсаты: білімділік: иықты бұйымдардың жіктелуін, атауларын, ерекшеліктерін үйрету, мезгіл бойынша жіктеуді үйрету, оқушының талғамын дамыту, эстетикалық тәрбиеге баулу, мезгілге сәйкес, соңғы сәнмен киім таңдауға үйрету, үйлесімділікпен киім таңдауға үйрету.
Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т. б жатады.
Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы – мұнда мойы\н ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.
Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т. б. маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша – тік, қынамалы және жартылай қынамалы болады. Пішімі – тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы т. б болып бөлінеді.
Иық бұйымдарын өңдеп әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты. Өңдеу түрлеріне кестелеу, қатпарлар, бедерлер, әр түрлі тігіс түрлері, бүрмелер, желбіршектер, жапсырмалар, шілтер, таспа, түймелер, қапсырмалар және басқа әшекей материалдары жатады.
Қолдануына қарай бұйымдар тұрмыстық, күнделікті, салтанатты деп бөлінеді. Тұрмыстық киімдерді мақта және штапель маталардан тігеді. Пішімі үй жағдайындағы жұмыстарға ыңғайлы болуы керек. Күнделікті киімдер күрделі пішіліп, мақта, жібек және жүн маталардан тігіледі.
Салтанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуэтті болып келеді. Мұндай киімдер әсем әшекейлермен, көркем өрнектермен, тамаша бедерлермен безендіріледі.
Ассиметрия дегеніміз – композицияның тең дәрежедегі бөліктері бір - біріне ұқсамауын айтамыз.
Симметрия деп барлық бөліктердің бір - бірімен белгілі бір заңдылықпен орналасуын айтамыз.
Ырғақ – деп элементтердің кезектесіп қайталанып бірінен - бірі заңдылықпен ауысуын айтамыз.
Сұлба – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тік бұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ т. б) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні.
Достарыңызбен бөлісу: |