2. «Анаға қарап қыз өсер» (топтың барлық мүшелері қатысады) 1. Ұршық иіру (5 минут); 2. « Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою») 5- минут; 3. Түйме қадау (5- минут) 4. 1 минут ішінде инежіпке бисер өткізу; 3. «Ақылды қыздар» сұрақ - жауап айдары. Топтың мүшелері бірігіп жауап береді Әр сұраққа 2минут 4. «Дәм думан» әр топ 10 мин ішінде. (қамыр жаю 1-қыз, жеміс- жидек нарезкасын жасау) 5. «Бұрымды қыздар» - шаш өру сайысы.Әр топтағы бірінші қыз екінші қыздың шашын өреді. Өрген шашын сипаттап береді, сол арқылы бұрымды қыз екендігін көрсетеді./10мин/ Сайыскерлерді 5 пен 10 аралығындағы ұпаймен бағаласаңыздар болады. 1 - жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп Таныстырып өздерін өтсе дейміз. (Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды) Ендеше, бірінші таныстыру кезеңін бастасақ. Бірінші бастайтын 8 «А» сыныбын қарсы алайық. Әділқазы алқалары қатысушы қыздардың ұпайын көрсетіп жіберсе. 1 - жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты, Кілемге біреулер өрнек салыпты. Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса, Оюдан түйін түйіп тамсаныпты, - дей келе, кезекті «Анаға қарап қыз өсер» кезеңіне берейік. Қыздарымыздың барлығы 4 кезең бойынша сайысқа түседі. 1.Ұршық иіру (5 минут); 2. « Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою») 5- минут; 3. Түйме қадау (5- минут) 4. 1 минут ішінде инежіпке бисер өткізу; Әділқазы алқалары қатысушы қыздардың ұпайын көрсетіп жіберсе. 1 - жүргізуші: «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. Инемен құдық қазғандай Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Ақылды қыздар» сайысы Бұл шартта ортаға сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді. Әр топқа арналған 4 сұрақ бар және бір сұраққа 1 деген ұпай беріледі. Егер 4 сұраққа жауап берсе 4 ұпай беріледі. Жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. Әділқазы алқалары қатысушы қыздардың ұпайын көрсетіп жіберсе
1 - жүргізуші: «Дәм думан» Шаңырақтың жайылады дастарқаны, Дастарқанның бір сәні бар – он тағамы. Тәтті тағам әр адамды сүйсіндірер, Аспаздыққа берейік бір бағаны дей келе қыздарымыз қамыр жаю шеберлігі, сонымен қатар жеміс – жидек композициясы бойынша сайысқа түседі. (10 мин) Сайыскерлер өз аспаздық өнерін көрсетіп жатқан кезде әсем әуенге кезек берейік. Қарсы алыңыздар ортада _______
Достарыңызбен бөлісу: |