Жамбыл облысы ,Жуалы ауданы,
Қошқарата ауылы, №9 Абай атындағы
орта мектебінің технология пәні
мұғалімі Тұралы Асханбай Ануарбекұлы
телефон мобильдік 87027943581
Сабақтың тақырыбы: Бисер тоқу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы
әсемділік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту
.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, әсемділікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі-иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: Биология-гүлдердің түрлері, құрылысы; математика; бейнелеу өнері – композиция құру, түстерді таңдау; тарих – бисердің пайда болу тарихы.
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері , сызбалар, суреттер, журналдар, кітаптар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, бисер салатын ыдыс.
Сабақтың жоспары
Ұйымдастыру кезеңі
Тақырыпты меңгеруге негізі білім арқылы дайындық
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық
Жаңа тақырыппен таныстыру
Сарамандық жұмыс арқылы түйіндеу
Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
IV. Жаңа тақырыппен таныстыру: су моншақпен (бисермен) гүл тоқу.
Бисердің шығу тарихы:
Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүр, Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйтеуір әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерорта теңізінің бойындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Буера» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан (жалған маржан). Рим империясы Египет елін басып алғанда, әйнек өнімдері Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастайды. Нақ осы кезде бисерді бұйымдар жасау, әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер пайда бола бастайды. Бұйымды ұзақ пайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бисермен қазақтың ою-өрнектері негізінде сәнді әшекейлерде жасауға болады.
Жаңа сөздер:
Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік
Стеклярус – ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес сумоншақ түрлері
Фурнитура – қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, қапсырма)
Композиция – бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру.
Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүру үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе, ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы шарт. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10 мм) тәрелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.
V. Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы – параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.
Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.
«Себеттегі гүлдер»
тоқу үшін қажет заттар: себетке керек қоңыр, қызыл немесе сары моншақтар, гүлдерге – әр түрлі түсті моншақтар. Ең бірінші себетті тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, схема бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллельді тоқу әдісі – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.
«Жапырақ». Қарапайым жапырақ немесе гүлдің жапырағы келесі түрде орналасады. Ұзындығы 20-30 см болатын сым темір алынады, оған таңдалған үш бисер кигізіледі, кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір-біріне тығыз орналасады, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың кез-келген басына үш бисер өткізіп, екінші жақ ұшымен қарсы параллель жүргіземіз. Параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады. Жапырақ шашылып қалмау үшін соңғы қатар орындалған соң, сымның ұштарын мықтап бұраймыз. Осындай үлгіден 5-8 жапырақ тоқып, оны біріктіру арқылы гүл, не болмаса бұтақ құрауға болады.
«Гүлдер». Осы гүлдерден алқаны, сырғаны және салпаншақты тоқуға болады. Ең алғашқы тоқу кезеңінде түсі және көлемі бірдей болуы керек. Тоқу әдісі дөңгелек тоқу әдісіне ұқсас.
Тереміз:
жұмыс жіпке гүлдің ортасын тоқу үшін бес моншақ теріп, оны дөңгелек тәріздес бекітеміз 1-ші моншақтан өткіземіз;
5 моншақ басқа түспен (6,7,8,9 және 10-ші) гүлдің ортанғы бөлігі өткіземіз 1-ші және 2-ші моншақтардан;
4 моншақты (11,12,13,14-ші) өткіземіз 6,2 және 3-ші моншақтардан;
3 моншақты (23,24 және 25-ші) өткіземіз 19,5,10,9 және 8-ші моншақтардан.
Енді гүлімізге 5 моншақтан жапырақты қосамыз. Жұмыс жіпті 8-ші моншақтан шығарамыз. Жапыраққа дайындаған моншақты пайдаланамыз. Инеге 5 моншақты теріп, дөңгелекке бекітеміз де 8-ші моншаққа ілеміз.
Жұмыс жіпті 13-ші моншақты теріп дөңгелекке бекітеміз, өткіземіз 13-ші моншақтан. Жұмыс жіпті көшіреміз 17-ші моншақты іліп, өткіземіз 12,11,18 және 17-ші моншақтардан.
Үшінші жапыраққа қайтадан жұмыс жіпке 5 моншақтан теріп, өткіземіз 17,15,15,22 және 21 моншақтардан.
Тереміз 5 моншақты тоқимыз төртінші жапырақты, өткіземіз 21, 20,19,25 және 24 моншақтардан.
Бесінші жапырақты тоқу үшін 5 моншақты аламых дөңгелекке бекітеміз 24-ші моншақтан өткізіп жіпті бекітеміз, гүліміз дайын.
«Қуыршақтар» тоқу үшін бізге қажет қызыл, ақ, 2 көгілдір және 1 күлгін түсті моншақтар. Тоқу қуыршақтың бас киімінен басталады.
Тереміз:
1-ші қатар:сым темірдің ортасына 5 күлгін моншақ
2-3-ші қатар: сым темірдің бір ұшына 5 күлгін моншақты теріп береміз, екінші ұшын осы моншақтардың ішімен өткіземіз.
4-ші қатар: сым темірдің бір ұшына 2 күлгін, 4 ақ, 2 күлгін имоншақтар теріп, бекітеміз. Сым темірдің екі ұшын тартамыз, міне бас киіміміз дайын болды.
5-ші қатар: 1 ақ, 1 көгілдір, 1 ақ, 1 көгілдір, 1 ақ моншақтарды тереміз, екінші ұшымен моншақтардың ішімен өткізіп, бекітеміз.
6-шы қатар: 2 ақ, 1 қызыл, 2 ақ моншақтарды теріп, бекітеміз.
7-ші қатар: 4 ақ моншақты теріп бекітеміз, сым темірдің екі ұшынан тартамыз. Қуыршақтың басы дайын.
8-ші қатар: 2 ақ моншақты тереміз, қуыршақтың мойынын бекітеміз.
9-шы қатар: сым темірдің бір ұшына тереміз 3 ақ моншақ бекітеміз. 9-шы қатарда қуыршақтың иық пен қолдары орындалады. Ол үшін сым темірдің бір ұшына 2 қызыл, 9 ақ моншақ тереміз. Енді қайтадан кері моншақты бос қалдырып, 6 ақ моншақтардың ішінен шығарамыз, сым темірдің ұшын тартамыз.
10-шы қатар: 7 қызыл моншақ
11-ші қатар: 6 қызыл моншақ
12-ші қатар: 5 қызыл моншақ
13-ші қатар: 4 қызыл моншақты бекітеміз – бұл қуыршақтың белі.
Әр қарай берілген кесте бойынша қуыршақтың белдемшесін тоқимыз. Көйлектің түсін және белдемшесін тоқимыз. Көйлектің түсін және белдемшенің суретін немесе ою-өрнегін өзгертуге болады.
VI. Сабақты бекіту:
Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.
Бисер дегеніміз не? (Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдан жасалған моншақтарды бисер деп атаймыз)
Моншақ дегеніміз не? (Бисерлерден үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды)
Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар? (Стеклярустың бисерден айырмашылығы оның ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес келеді)
Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздіктің ережелерін сақтау керек? т.б.
VI. Қорытынды. Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.
Жамбыл облысы ,Жуалы ауданы,
Қошқарата ауылы, №9 Абай атындағы
орта мектебінің технология пәні
мұғалімі Тұралы Асханбай Ануарбекұлы
телефон мобильдік 87027943581
Сабақтың тақырыбы: Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік:Оқушыларға моншақпен жұмыс жасауды үйрету,
моншақ тоқу арқылы оқушылардың шеберлік деңгейін
арттыру, сұлулықты бағалай білуге бағыт бағдар беру.
ә)Тәрбиелік:Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке,
шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеп, еңбек сүйгіштікке, іске
деген қызығушылық сезімін ояту.
б)Дамытушылық: Қыз балаларды ептілікке, шыдамдылыққа баулу,
өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара
іздене білу.
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, география, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілігі: Сумоншақпен жасалған дайын бұйымдар, сызбалар, суреттер,
интерактивті тақта
Керекті құрал-жабдықтар: Сумоншақтар, маталар, сызғыш, метр, ине, ішек
(леска)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды
белгілеу,оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі.
«Мен бәрін жасай аламын» деп әр оқушы батыл болу үшін мынадай сөздер айтады.
1. Бүгінгі күн тамаша!
2. Мен өзімді жақсы сезінудемін.
3. Менің көңіл күйім керемет жақсы.
4. Мен барлығы қолымнан келетініне сенімдімін.
5. Барлығы қолымнан келеді.
6. Мен жұмыс істеуге дайынмын.
ІІ.Ой қозғау.
1.Тап-тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес
Жерге түссе таптырмас. (ине)
2. Басы екеу, аяғы да екеу (қайшы)
3. Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі-түсті
ұсақ моншақтар (сумоншақ)
ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгінгі сабағымыз өткен сабағымызға қарағанда өзгеше.Сондықтан ортаға
Айзатты шақырайық. Не дайындап келді екен.
1.Оқушы:
-Пластмассадан,әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.
2.Оқушы:
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған.Әйнектен
жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д.ІV ғасыр ескерткіштерінен табылған.Әйнектік массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де,
әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан екен.
Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан,мағынасы «жасалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге «бисер»атауы әйгілі бола бастады.
3.Оқушы:
-Ұсақ моншақтарды кестелеп тігіп, әсем өрнектер (сақина,сырға, білезік)жасайды.
Сонымен қатар, қыз-келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде, аяқкиімдерді сәндеуге қолданылады.
-
Интернеттен алынған сумоншақтың шығу тарихына қатысты қалалардың суреттері шығады, шолу жасалады.Тақтадан бисермен әшекейленген әр түрлі бұйымдар шығады.
Мұғалім кіріспе сөзі: Қолөнер-мол өнер.Қолөнер-халық өмірімен,тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмыстық сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.
Осылардың ішінде бисер өнеріне тоқталайық.
Сумоншақтың отаны-ежелгі Египет.Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды.Египеттен, Сериядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады.Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда,
Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды.
Бесінші ғасырдың аяғында әйнек өнері Византияға, одан кейін Венецияға ауысады.Көптеген ғасырлар бойы Венеция Республикасы әйнек шығаруды құпия сақтайды.Әйнек шеберлері құпияны сақтамағандарды өлім жазасына кескен. ХV ғасырда әйнек шеберлері Германияда, Францияда, Чехияда пайда болды.
Чехия Венециямен бәсекеге түсті
.
ІV. Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысты техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру мен оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеуімен басталады.
Жұмыстың реті:
1. Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы
2. Тоқу үшін қажетті заттарды дайындау
3. Нұсқау карта, қиял бойынша тоқу
4. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау
Сумоншақтың тоқылу жолдары тақтада көрсетемін.
Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар білезік пен алқаның түрін жасайды.
Нәтижесінде сумоншақпен тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті,шыдам-дылықты және қиял ұшқырлығы мен шеберлікті талап етеді екен деп тапты.
V. Сергіту сәті
Сумоншақты тоқуға қажетті құралдарды табу.
Тақтадағы құмыраға сумоншақ тоқуға қажет құралдарды салады да қажет емес құралдар сыртта қалады.
VІ. Қорытындылау
Базардағы алқа мен өз қолымен жасаған алқаны салыстыру.
Базардағы алқа
Өздері жасаған алқа
VіІ. Үйге тапсырма.Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау.
VІІІ Бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын көріп, салыстырып, баға
береді.
45minutkz@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |