Тақырыбы: «Қыз қылығымен сүйкімді.» Мақсаты



бет1/2
Дата04.02.2024
өлшемі20.84 Kb.
#490737
  1   2
Қыз қылығымен... тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Қыз қылығымен сүйкімді.»
Мақсаты:
- Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
- Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту;
- Қазақ халқының әдет – ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу;
- Есте сақтау қабілеттерін және елестету элементтерінің кемшіліктерін түзету.
Көрнекілік:
1) «Қыз – елдің көркі» газет.
2) Мақал – мәтелдер.
3) Қыздардың қолдарынан шыққан әртүрлі өнерлер көрмесі (тоқыма, іс, кесте, бисер, сурет).
Әдісі: сұрақ – жауап.
Түрі: дөңгелек үстел.
Барысы:
І Кіріспе.
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, ибанаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген суреттемелер берген. Сондай – ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің кқркі, Гүл – жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.
ІІ.Негізгі бөлім.
Мұғалім:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
1-оқушы:
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана
Бәрі де дер кезінде дара тұлға
Ұрпағынның ойласақ болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.
Мұғалім: Біз қыз бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяндық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.
2-оқушы:
Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
3-оқушы: Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.
Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.
Әр қыз бала қол өнер жұмыстарын таныстырады. Мысалы;
1) Ою – өрнек
2) Кесте тігу
3) Бисермен жұмыс
4) Суреттермен
5) Шәй әзірлеп, шәй өнерін көрсетеміз.

Мұғалім:
Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен: соған тоқталайық.


4-оқушы: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата – ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет – ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
5– оқушы:
- Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыз – келіншектердің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.

Мұғалім:
- Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі шашы» деп қыздың шашың күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым», «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген. «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеуде, құлап түссе қос бұрым». Ал, Абай атамыз қазақ қыздарының сұлулығын былай суреттеген:


Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет