Тақырыбы: «Жемқорлыққа қарсы ел» Мақсаты



бет1/2
Дата13.10.2022
өлшемі12.29 Kb.
#462651
  1   2
    Бұл бет үшін навигация:
  • Түрі


.
Тақырыбы: «Жемқорлыққа қарсы ел»
Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелдің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Әңгіме сұхбат

  3. Қорытынды

Қатысушылар: 1
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!!! (Слайд №1)
2: Бүгінгі біздің сіздердің бастарыңызды қосып, дөңгелек үстел өткізудегі мақсатымыз Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, еркін сөйлеп, пікір алмасып, ойымызды бүкпесіз жеткізу. (Слайд №2)
1: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. (Слайд №3)
2: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев. (Слайд №4)
1: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)
“Сыбайлас-жемқорлық” деген сөзге этимологиялық тұрғыда анықтама берсек, “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ, "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
2:Тақырыбымызды тереңірек түсініп, мәнін ашу үшін бейнероликке назар аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет