- Тақырыбы:
- Жүйке жүйесінің бөлімдері.Жұлын.
- 1) Мидың ең күшті дамуы 2 мен 11 жас аралығында жүреді.
- 2) Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты мидың зақымдану ауруларына ұшырау қаупі төмен. Интеллектуальді белсенділік ми ұлпаларын жаңартады.
- 3) Өзініңізге таныс емес нәрсемен айналысу – мидың жақсы дамуына алып келеді. Сонымен қатар, өзіңізден неғұрлым ақылды адаммен сөйлесіп, араласу да ми жұмысын күшейтеді.
- 4) Ми оттексіз 4-6 минут өмір сүре алады,содан кейін өле бастайды.Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда ,мидың ауыр зақымдануына алып келеді.
- 5) Біздің миымыз бізді жиі алдайды.Ол заттарды шындыққа сай емес ,басқаша қабылдай алады
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады Жұлынның құрылысы: - Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады.
- Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар.
- Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар.
- Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады.
- Жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
- Өткізгіштік қызметі: орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.
Жүйке жүйесі бөлімдерін орналасу реті бойынша,тиісті орындарға қойып шығыңыздар. - Ми,жүйке,жүйке түйіндері,жұлын,жүйке
- жасушалары.
- Дескриптор:
- Жалпы - 3 балл
- Адамның жүйке жүйесі негізгі бөлімдерін сипаттайды.
Тапсырма 3. Суреттегі сілтемелерге сәйкес жұлынның бөліктерін атайды. - Дескриптор:
- Жалпы - 4 балл
- 1.Суретпен жұмыс жасап,нейронның құрылысы мен қызметін атайды.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |