Тақырыбы: «Күз – мереке, күз – береке»
Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Жоспары:
1. кіріспе сөзі.
2. «Қас-қағым сәт».( сөзжұмбаққа жауап беру)
3. «ойын ойнау»
Барысы:
І.Ұйымдастыру.
1-жүргізуші (Дархан)
- Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бүгін «Күз - мереке, күз - береке» атты мерекелік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
2-жүргізуші (Жібек):
- Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Мерекені бастайық!
ІІ. Негізгі бөлім.
1-жүргізуші:
Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық.. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
2-жүргізуші:
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
1-Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге(жүргізушілер): Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
2-жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
1-жүргізуші:
Ендеше балалар келесі сұрақтарды мұқият тыңдап жауап берсеңдер, өздеріңе арналған кішігірім сыйларымыз бар(тақтаға сөзжұмбаққа жауап береді):
Сұрақтар:
Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
1 оқушы: Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
2 оқушы: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
.
3 оқушы: Нағыз Алтын күз - қыркүйек айы. Қыркүйек - ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз - мереке, күз дегеніміз - береке.
4 оқушы: Күзгі маусымның екінші айы - қазан. Бұл ай - мереке басы. Үшінші айы – қараша.
Ойын:
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп көңілімді көтердім. Рахмет сендерге
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар.
2-жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
1-жүргізуші: Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |