Тақырыбы: «Ұлы ерлікке тағзым ! »
Мақсаты:
Ұлы жеңісті дәріптеу,өз отанын, елін, туған жерін сүюге,отанын,туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы отан үшін соғыстағы ата-бабаларымыздың көрсеткен ерліктерін қастерлеп,рухын көтеру,үлгі-өнеге тұту.
Әдісі: Әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Әнұран орындалады.
Шеңберге тұрып , бір-біріне ту беру арқылы тілек тілейді.
Адал бол, білімді бол,еліміздің патриоты бол т.б.
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар , оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ұлы жеңістің – 78 жылдығына байланысты «Ұлы ерлікке тағзым» деген атпен өткелі отыр.
Осы сабағымызды бастамас бұрын,балалар,менің сендерге қояр біраз сұрақтарым бар.
Отан дегеніміз не?
Ұлы отан үшін соғыс қай жылдары болды?
Соғыс кімдердің арасында болды?
Соғыс немен аяқталды? Кім жеңді?
-Кеңес одағыны дегеніміз - 15 одақтас Республика , оның ішінде Қазақстан да болған . Бұл мемлекеттердің тәуелсіздіктері болмаған.Ол қандай елдер екен соған тоқталып өтсек,балалар.......
Кеңес одағының құрамы:
1.Ресей 5.(Балтық теңізінің маңындағы елдер) Латвия
2.Беларусия 6.Литва
3.Украина 7.Эстония
4.Молдавия 8.(Кавказ елдері) Грузия
9.Армения
10.Азербайжан (каспий маңы)
11.Тәжікстан
12.Түрікменстан
13.Өзбекстан
14.Қырғызстан
15. Қазақстан (картадан көрсету)
Осы 15 ел бір одақ болды. Олардың туы -Қызыл түсті болған. Осы Кеңес одағының құрамында бұл елдер 70 жылдай болды.
-осы 15 ел Фашистік Германиямен соғысты.
Иә , балалар ,бұл оқиға бейбіт,тыныш жатқан елді 1941 жылы жаздың жайма шуақ күні маусымның 22 – сінде фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады.
Бейнероликке назар аударайық.
1 – оқушы.
Жеңістің мейрамында
Әкелердің тойында
Ән сап тақпақ айтамыз
Ерліктері жайында.
Бастаушы. Отанымызды қорғау үшін Совет Одағының патриоттары майданға аттанды. Барлық халық майданға көмектесі. Барлық халық майданға көмектесті. Партизан отрядтары құрылды. «Бәріде майдан үшін» - деген ұран тасталды. Осы қатыгез майданымызға қазақтың қара көз қыздары қатысты. Олар: Мәншүк, Әлия, Зоя.
2-оқушы.
Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін
Оқ борап снарядтар, қаптайды ызың.
Қаптаған қалың жаудың тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
3-оқушы.
Қолыңда пулеметті максим оның
Бойында жігер, қайрат тасқын оның
Ерлермен тізе қосып атакада
Оғымен жеңіс майдан ашты жолын.
4-оқушы.
Қыр қызы орындады берген антты.
Халқыңа адал болу ердің салты.
Ел үшін қасық қанын аямаған
Жүректе мәңгі өшпей Мәншүк атың.
5-оқушы. Мәншүктің өмір баяны жайлы:
Мәншүк 1922ж. Батыс Қазақстан облысы Орда қалашығында туған. Оның балалық шағы Алматы қаласында өтті. 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанды. 1943 жылы қаза тапты. Оған Кеңес Одағының атағы берілді.
6-оқушы:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз дұшпан тапталды.
Қасиетті жер үшін,
Қастерлеп батыр ел ісін,
Әлия, Мәншүк, Зоялар
Жаулардың көзін жойды олар.
7-оқушы: Әлия өмір баяны.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айырылыпты. Әлия туыстарымен Ленинградқа кетіп қалады. Кейін балалар үйынде тәрбиеленіп, 1942 жылы өзі сұранып атқыштар мектебіне оқуға түседі, оқуын бітіріп майданға барады. 1944 жылы қайтыс болады.
Өлең «Анашым»
8-оқушы.
Ардақты батыр ағалар
Сүйікті біздің әкелер
Біз де өсіп толамыз
Өздеріңдей боламыз
Ата жолын қуамыз
Айтқан сертте тұрамыз
9 – оқушы:
Достық бізге тым ыстық
Мақсатымыз тыныштық
Ойран соғыс болмасын
Тыныштық мәңгі орнасын
10- оқушы
Қаймықпаған қиындықтың жерінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен
11- оқушы:
Сен бұл күнді қадірле, жан немерем
Сен ерген соң жарқылдап алда келем
Жауыздықты әділет жеңді дағы
Қанатында бақыттың самғады әлем
Өлең «Қазақстан Отан»
12 – оқушы:
Сен бұл күнді аяла, осы күнді
Сенің балам, түзелген бесігің де
Өзің атаң қуанып, қолына алып,
Қойған сенің Жеңіс есіміңді
13 – оқушы:
Сен бұл күнді ардақта, өз атаңдай
Жүрер ол да өміріңде аз аталмай
Әрбір үйдің әйнегін нұр боп үйіп
Жырлайды ұлы күн жазғы таңдай
Мұғалім: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70 көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 80 жылдығында кездесейік.
Жүргізуші: «Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.»
Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
Мұғалім: Ардагерлерге мың тағзым!
Жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
Жер үстінің шуағы тарқамасын!
Мұғалім: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман — сау болыңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |