Тақырыбы:
Микробиология
/ 10 – сыныпқа арналған қолданбалы курс/
Құрастырған:
Батырова Т.К. – Орал қаласы, №34 мектеп- гимназиясының жоғары санатты биология пәні мұғалімі
Қолданушы:
БҚО Сырым ауданы Сырым аудандық білім беру бөлімінің
ЖББ Абай орта мектеп – балабақша кешенінің
биология пәнінің мұғалімі Г.О. Жауарбекова
2017 – 2018 оқу жылы
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу- әдістемеліккабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.
Хаттама №2 05.06.2015 ж
Бағыты: Жаратылыстану-математика
Бағдары: химия- биология
Білім қүрылымындағы курстың орны: «Микробиология» жалпы биологиядағы «Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметтері» тарауының құрамды бөлімі.
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002 - 2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2017 – 2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшіліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 тамыздағы №242, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 4 тамыздағы №662, Сырым аудандық білім беру бөлімінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №283, «Жалпы білім беретін ұйымдарында 2017 – 2018 оқу жылының басталуы туралы бұйрығы негізінде жасалды.
«Микробиология» тақырыбына арналған қолданбалы курсының бағдарламасы. «Микробиология» бағдарламасында - барлық микроорганизмдерге қатынасы бар жалпы заңдылықтар, олардың морфологиясы, физиологиясы, биохимиясы, зат алмасудағы рөлі және табиғатта таралуы мен систематикасы қарастырылған.
Микробиология – ұсақ организмдердің тіршілігі мен даму заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен біртұтастығын және орта факторларының макроорганизмдерге тигізетін әсерін, ұсақ ағзалар әлемінің адамға пайдалы және зиянды түрлерін, табиғаттағы зат алмасуы мен энергия өндіруге қатысуы туралы түсінік береді.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша 10 сыныбына арналған «Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер және Вирустар» бөлімін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама. Бағдарламаның мазмұны пән бойынша жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай дайындалған.
Барлығы 34 сағатқа (аптасына 1 рет) негізделіп жасалынған. Бағдарламада оқу материалын қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқыту, қазіргі кездегі ғылыми соңғы жаңалықтарымен және ғаламтор жаңалықтарымен кеңінен таныстыру көзделеді. Оқу материалын жан- жақты бере отырып, оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуға, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге көңіл бөлінген.
Бағдарламада оқулықта берілген материалдар тереңдетіліп, бөлімдер мен тақырыптар жүйелілігі сақталған. Зертханалық жұмыстарға арнайы сағаттар бөлінген. Оқытудың практикалық бағытын күшейту мақсатында зертханалық жұмыстарда суреттерді, кестелерді, микропрепараттар пайдалана білуге баулу мақсаты қарастырылады. Микробиологияның эволюциялық, генетикалық дамуы және адамның микрофлорасы туралы түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру бағдарламадан тыс қосымша материалдар енгізу арқылы жүзеге асыру қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |