Тақырыбы: Наурыз думан Мақсаты



Дата11.07.2016
өлшемі62.06 Kb.
#191049
Тақырыбы:Наурыз думан

Мақсаты: Білімділік-оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағұлмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету;

Дамытушылық- оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету;

Тәрбиелік- мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: плакаттар, шарлар, қамшы, құрақ көрпе т.б-да ұлттық жабдықтар.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, және бүгінгі кештің көрермен қонақтары.Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні- Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көкткммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жылымызда келіп жетті.Той құтты болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! – кешімізді жақсы бір тілекпен бастағанды жөн көріп тұрмыз.Шаңырағымыздың шаттығы,ұстаздардың ұстазы,

Уразгул Гапарқызына сөз кезегін беріп кешімізді одан әрі жалғастырсақ. Директор сөзі:



1-ж: Наргис-

Наурыз келсе-құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық!

(апа шашу шашады)

2-ж: Ибрагим-

Ал халайық тұрмайық,

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Биден шашу шашайық

Би: «Азамат» тобы

Тазша бала: (Арсен)

Оу, амансыңдар ма, балалар, қадірменді аға, әпкелер?!Ұлыстарың оң болсын,

Қуашыштарың мол болсын!

Қожанасыр: (Ернұр)

Айтсын. Рахмет тілегіңізге. Бірақ сені танымай тұрмыз. «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген бар, құрдас. Атыңды айт.



Адар көсе: (Мақсат)

Қожек, танымадыңыз ба, бұл Тазша бала ғой.



Тазша бала: (Арсен)

Айналайындар-ай! Баяғыда Әйтеке би:

Әкемді сұрасаң-жетесіз,

Шешемді сұрасаң-некесіз.

Туа салған бір баламын

Тегімді сұрап не етерсің?-деген екен. Сол айтқандай түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді. Халқымыз Наурызды тойлап жатыр деген соң тарих қойнауында шындап жата алмай жеткенім ғой.



Қожанасыр: (Ернұр)

Тазша баламысың, ей!

Келші бауырым, құшағыма қысайын.

Тазша бала: (Арсен)

Амансың ба, Қожеке!



Алдар көсе: (Мақсат)

Оу, Тазша бала, сұрауға рұқсат ет, жалғыз келемісің?



Тазша бала: (Арсен)

Жоқ, Ұлыстың ұлы күнін бірге тойлайық деп, өзіміздің артымыздан ерген іні-қарындастарымды да ерте келдім. Бұйырса ол інішектердің де тойға деген жыр шашуларын тамашалаймыз.



Қожанасыр: (Ернұр)

Наурыз мерекесі құтты болсын.

Жылан жылы елімізге бақыт қонсын!

Оқушылармен бірге: Наурыз-думан мерекесі басталсын.

Алдар көсе: (Мақсат)

Ұлыстың ұлы күні мерекеде



Оқушылармен бірге: Кенелсін Қазақстан берекеге

Ибрагим:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Наурыз тойы-мерекесі ұлтымның

Берекесі, ырысы мен құтымның

Ұлы күні, ұлыс күні жұртымның.

Наргис: Құрметті қонақтар, сіздер бүгінгі Наурыз тойына арналған мерекеге қош келдіңіздер!

Балаларыңыздың мерейлі мерекесіне, шаттық тойына сіздер де, ортақ болыңыздар!



Ибрагим:Қадірменді ата-аналар, ұстаздар,оқушылар.

Сіздердің алдарыңызға бақ пен ырыстың, молшылық пен тоқшылықтың, ынтымақ пен бірліктің белгісіндей нұрлы Наурыз туы ортамызға әкелінсін.



(2 ұл, 2 қыз – Ансар, Томирис, Әбуәкім, Ақмарал)

(әуен ойнап тұрады)



Наргис: Бүгінгі ұлыстың ұлы күні, ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн.

Наурыз мейрамы –ұлттық мейрам.

Наурыз сөзі-көне парсы сөзі, қазақша аударсақ, алғашқы буыны

«нау»-жаңа «рыз»-күн деген ұғымды білдіреді.

Жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні –жыл басы.

Арсен:

Ау, жарандар келіңдер!

Той қызығын көріңдер

Халық сүйген мейрам бұл

Әне, Наурыз келеді,

Әсемденер жер енді!



Ақмарал:

Армысыңдар балалар!

Тағы келдім сендерге,

Наурыз тойын тойлайтын

Келіп жеттім елдерге

Наурыз айы көктемнің,

Сәбилерді қуантып,

Былтыр келіп кеткенмін.

Тіршіліктің бастауы,

Наурыз айы мен боламын!



Наргис:

Қош келдің, Наурызым ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Күн мен түн:

Күн: Сәулесі мол Күнмін

Түн: Жұлдызы көп Түнмін

Бірге: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз біз бүгін



Түн: Ал ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Бірге: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер сабақтан қалып.



Томирис:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді, салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Аңсар:


Ибрагим: Жүріңіздер Нурызда басып аяқ,

Қалыс адам болмасын некен-саяқ.

Ән айтылсын,

Би биленсін қауым болып,

Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп.
Би: Дамир мен Томирис
Ән: 1сынып
Ән: Арсен
Би: 1 сынып «Қара жорға»
Наргис:

(әуелі тақпақтарын айтады сосын арқан тартас көрсетеді)

Қазақ халқы салт-дәстүрлерінің бірі «Арқан тартыс» даярлық тобының бүлдіршіндері көрсетеді.
2 сынып оқушылары «Асық» ойынын көрсетеді
Ән: 1 сынып
Ән: Сұлтан
Ән: Ибрагим
Наргис: Халқымыздың аңыздары бойынша 21-наурыздың түнінде сағат 3-те даланы Қыдыр ата аралайды екен.

Қыдыр ата ортамызға келіп тұр

Бізге ақ батасын, ақ тілегін берйін деп.

Сәлем беріп, алақанымызды жайып,

Алайық атамыздың ақ батасын.

Арсен: (бата)

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Мәртебесі мектептің

Аса берсін лайым.

Әдепті болып ұл-қыздар

Төрттік пенен бестікті

Сыласын деп сұрайын.

Оқушылар озат болсын,

Күнделікке бестік толсын,

Елбасымыз аман болсын.

Тыныштық заман болсын.



Дамир:

Қыдыр бабам қолдады, ақ батасын бергені,

Ырыс-дәулет молшылық төрімізге енгені

Мәз-майрам боп халқымыз қуанышқа кенелсін

Мол береке бастауы – Наурыз –думан келгені

Ернұр: (Наурыз көже)

Қайнатып етті пісіріп,

Анам кетті дүкенге

Бар тәттіні ап келді.

Ірімшік, қаймақ,ақ құртты,

Қазаннан етті түсірді,

Сорпасына сүт қосты,

Тары салды дақылдан,

Аскөкті де мол қосты

Шымшып алып тұз қосты,

Қолдан жайған жайманы,

Майдалап турап, сәл қосты

Иісі мұрынды жарады

Ішкім келіп барады.


Ибрагим:

Міне, құрметті қонақтар!Үлкен үйден сәлемшінің жеткенін, астың дайын болғанын Ернұрдың қарны ашқанынан біле берейік.


Ибрагим-Наргис: бірге- Осымен тойымызды тәмәмдасақ,

Бұл тойды жасаймыз ба нашар болсақ,

Тағы да кездесерміз аман болсақ.

Наурыз,наурыз,наурыз,

наурыз,наурыз,наурыз,

наурыз,наурыз,наурыз,наурыз

Айналаңнан жаңа көктем, лебі ескен

Бұл кезеңде күн менен түн теңескен

Сан ғасырлық ата баба салтынан

Көпір болған, наурыз өзің емеспең



Қ-сы

Таулы-таусыз жерімнің

Өзен ,теңіз, көлімнің

Жаса ұлы наурызы

Жаңа жылы елімнің а-а-ай

Қуат жиса пәктігің, асқақтайды шоқтығың

Тамыр алмай тарихтан

Мазмұндалмас шаттығың а-а-а-а-ай



Қ-сы

Жүріп жатыр елік езді, жарысып

Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы

Наурыз айы ағаш егу, гүл егу-у-у-у

Әр адамның, табиғаттық, борышы

Қ-сы.

Наурыз пархы өз санаңды, өсіру-у-у-у

Пенделікті ізгілікке көшіру-у-у-у

Өткен жылы өкпелесең бірігуге-е-е-е-е

Сол өкпеңді, дархандықпен кешіру

Қ-сы

Наурыз,наурыз,наурыз,

наурыз,наурыз,наурыз,

наурыз,наурыз,наурыз,наурыз

Айналаңнан жаңа көктем, лебі ескен

Бұл кезеңде күн менен түн теңескен

Сан ғасырлық ата баба салтынан

Көпір болған, наурыз өзің емеспең



Қ-сы

Таулы-таусыз жерімнің

Өзен ,теңіз, көлімнің

Жаса ұлы наурызы

Жаңа жылы елімнің а-а-ай

Қуат жиса пәктігің, асқақтайды шоқтығың

Тамыр алмай тарихтан

Мазмұндалмас шаттығың а-а-а-а-ай



Қ-сы

Жүріп жатыр елік езді, жарысып

Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы

Наурыз айы ағаш егу, гүл егу-у-у-у



Әр адамның, табиғаттық, борышы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет