Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Сұрақтар



бет1/9
Дата22.02.2024
өлшемі42.66 Kb.
#492885
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Менинигит Энцефалит




Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері
Сұрақтар:
1.Менингит дегеніміз не, негізгі симтомдары қандай?
ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактерияды жедел инфекциялық ауру
Менингит пайда болу себебі бойынша үш негізгі топқа бөлінеді. Бұл – менингококкты, іріңді және серозды менингит.
Менингококктық менингитпен ауыратын адамдар айналасындағылар үшін инфекциялық қауіп төндіреді. Себебі ауру ауыр түрде өтеді, сондай-ақ науқас жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қоздырғышты белсенді түрде бөледі.
Вирустан пайда болатын серозды менингиттер энтеровирустар, сондай-ақ вирустардың басқа түрлерінен туындайды. Вирустық серозды менингиттердің менингококкты және іріңді менингиттен айырмашылығы қолайлы ағыммен өтеді. Олар өте сирек жағдайда асқыну тудырады.
Инфекция көзі науқас адам және «дені сау» таратушы адам болып табылады. Вирус су, көкөніс, жемістер, тамақ өнімдері, лас қол арқылы беріледі. Адамдар көп жиналған жерде ауа-тамшы жолымен берілуі мүмкін. Жұқтыру көбінесе су қоймаларында және жүзу бассейндерінде орын алады.
Іріңді менингит – ми қабығының іріңді қабынуы. Іріңді менингит организмде бар алғашқы септикалық ошақтың әсерінен дамуы мүмкін. Қоздырғыш кез келген жерде орналасқан инфекциялық ошақтан таралуы мүмкін, бірақ көбінесе лор-ағзалардың ұзақ өтетін инфекциясы (жіті және созылмалы іріңді отит, синусит-гайморит, фронтит) кезінде байқалады.
Жиі болатын ЖРВИ, гиповитоминоз, күйзеліс, шамадан тыс дене жүктемесі, климаттың кенеттен өзгеруімен байланысты организмнің иммундық жүйесінің әлсіз жағдайы іріңді менингит қоздырғышының енуіне ықпал етеді.
Іріңді менингитпен ауыратын науқастар айналасындағылар үшін қауіп төндірмейді. Себебі науқас аурудың осы сатысында сыртқы ортаға қоздырғыш бөлмейді.
Менингоккты инфекция менингокк тудыратын жіті инфекциялық ауру және бактериалық менингитке жатады. Ауру ауа-тамшы жолымен (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде) беріледі.
Менингоккты менингит үшін аурудың кенеттен басталуы тән: қатты бас ауруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпелер, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, қалтырау пайда болады. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқада және аяқ-қолда ауырсыну байқалады. Науқастарда шөлдеу, тәбетінің төмендеуі болады. Ауру тұмау, баспа, мұрынның бітелуі, тонзилиттер және т.б. сияқты салыстырмалы түрде «зиянсыз» ауруға ұқсап жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан ол өте қауіпті. Салқын тигеннен, ауырғаннан, шаршағаннан туындайтын организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдайлар пайда болғанда менингококк бастың ми қабықшасына қарқынды түрде өтеді және қабыну пайда болады.
Инфекция көзі науқас адамдар және «дені сау таратушылар», яғни қандай да бір клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк таратушысы болып табылатын адамдар.
Ауру бірнеше уақыт қарапайым салқын тию сияқты бүркемеленуі мүмкін екендігіне байланысты, уақытында дәрігерге қаралу қажет. Менингитке күдік туындаған кезде пациент жұқпалы аурулар ауруханасы жағдайында жедел емдеуге жатқызылады

2.Кене энцефалитінің этиологиясы мен эпидемиологиясы қандай?


Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНК-сы бар вирус, флави-вирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500-ден +300-ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз. Вирустың 3 түрі ажыратылады: алыс шығыс энцефалит қоздырғышы, орталық Европалық энцефалит қоздырғышы, қос толқынды менинго-энцефалит қоздырғышы. Вирусқа нейротроптылық тән.

Кене энцефалиті энцефалит қоздырғышы үшін табиғи ошақ тән. Жұғу жолы трансмиссивті. Антропургиялық ошақтары пайда болуы мүмкін. Кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі резервуары болып иксодо кенесі болып табылады. Қосымша резервуары кемірушілер және т.б. сүт қоректілердің 130 түрі. Олар:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет