Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет1/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
НС инф аурулары


Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері
Менингиттер
Менингит деп ми қабықтарының қабынуын айтады. Мидың жұмсақ қабықтарының қабынуы – лептоменингит, ал қатты қабығының қабынуы – пахименингит деп аталады. Менингиттер орналасуына байланысты: церебральды (конвекситальды және базальды), жұлынды (спинальды) болып бөлінеді. Жұлын-ми сұйықтығының өзгеруіне байланысты іріңді және серозды болып, ағымына байланысты жедел, жеделдеу және созылмалы болады.
Менингиттердің жіктелуі (М.Б.Цукер бойынша)
I. Бірінші реттік серозды менингиттер.
1. Лимфоцитарлық хориоменингит.
2. Коксаки және ЕСНО вирустары туғызатын менингит.
3. Полиомиелит вирусы туғызатын менингит.
4. Тұмау кезінде дамыған менингит
Екінші реттік серозды менингиттер
1. Ревматизм кезінде
2. Мерез кезінде
3. Токсоплазмоздан болған
4. Туберкулез мениингиті
Бірінші реттік іріңді менингиттер
1. Эпидемиялық менингококктық менингит
Екінші реттік іріңді менингиттер
1. Құлақтың іріңді ауруларынан.
2. Стафилококктан.
3. Стрептакокктан.
4. Пневмококктан
Менингиттің негізгі клиникалық синдромы болып менингеальды синдром болып табылады. Менингеальды синдромға бастың ауруы, құсу, жүрек айну, жалпы гиперестезия, өзіне тән менингеальдық поза желке бұлшықеттерінің сіресуі, Керниг, Брудзинский симптомдары, Лессаж симптомы, Бехтерев I симптомы анықталады.
Бас ауруы жайылмалы болады, кейде маңдай және шүйде аймағында болуы мүмкін. Менингит кезіндегі бастың ауруы үшкіл нерв ұштарын тітіркендіруінен дамиды, сонымен қатар бас миының қабықтарын жүйкелейтін парасимпатикалық және симпатикалық талшықтарымен ядроларын тітіркенуіне байланысты. Науқас құсқан соң жеңілдеп қалады, басының ауырғаны азаяды.
Менингиттің негізгі симптомдарының бірі болып жалпы тері гиперестезиясы және есту, көру тітіркендіргіштеріне жоғары сезімталдықтың болуы табылады (гиперакузия, жарықтан қорқу).
Науқастың жатысы өзіне тән: басын шалқайтып, іші тартылып, аяқтары ішіне бүгіліп жатады. Бұл жатыс еріксіз, анталгиялы, яғни бұлшықеттердің рефлекторлы жиырылуына байланысты.
Тоникалық рефлекстерінің әсерінен желке бұлшық еттерінің сіресуі. Керниг, Брудзинский, Лессаж симптомдары болады.
Желке бұлшықеттерінің сіресуі мойындағы бұлшықеттердің тонусының жоғарлауынан болады. Басын алға еңкейтіп, кеудесіне қарай игенде қарсыласу байқалады.
Керниг симптомы – тізе буынында аяғын жаза алмауы. Керниг симптомы паркинсонизм, миотония ауруларында болуы мүмкін. Сондықтан Керниг симптомымен қатар Брудзинскийдің 5 симптомын анықтайды (жоғары, бет, ұрт, ортаңғы және төменгі).
Брудзинскийдің жоғарғы симптомы – басын кеудесіне игенде аяғының тізе буынында бүгілуі.
Брудзинскийдің бет симптомы – бет доғасын сәл ұрғылағанда, ұрт симптомы – ұртын басқанда иығы мен шынтағының көтерілуі.
Брудзинскийдің ортаңғы симптомы – симфизді басқанда аяғының тізе буынында бүгілуі. Төменгі симптомы – Керниг симптомын бір аяғында тексеру кезінде екінші аяғының тізесінде бүгілуі.
Гиллен симптомы Брудзинский симптомына ұқсас төрт басты бұлшық етті басқанда екінші аяғының тізесінде бүгілуі.
Лессаж симптомы жас баланы қолтығынан ұста көтергенде, аяғын бүгіп ішіне жинап алады.
Бехтерев симптомы – тұрақты, яғни бет доғасын ұрғылағанда науқастың басының ауырғаны күшейіп, бетінде еріксіз жиырылу пайда болады. Диагноз қою үшін бастың ауыруы, құсу, желке бұлшық еттерінің сіресуі. Керниг, брудзинский симптомдары болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет