Тақырыбы: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы
Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотосуреттер, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі.
І-жүргізуші:-Қайырлы күн,құрметті қауым!
ІІ-жүргізуші:-Бүгін осы кішкене залда қазақ сахарасының өзендей алып,өзендей ұлы ғажайып таланттың иесі,қасиетті де, аруақты әлем әдебиетінің жарық жұлдызы-Абай туралы сыр шертпекпіз.
І-жүргізуші:-Қай елдің болса да,тәңірдей табынып,құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой.Абайдың сөзі-халқымыздың,ұлтымыздың ұраны.Абай-алты алаштың,иісі қазақтың пайғамбары.
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі сәулелі мезетте біз ұлы тұлғамыз-Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған кезекті «Абай оқулары» әдеби-монтажды сыр мен сезім жарысына жиналып отырмыз.
І-жүргізуші:-Мектепішілік «Абай оқулары» 3 кезеңнен тұрады. Байқаудың кезеңдерімен таныс болайық.
ІІ-жүргізуші: І-кезең: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы». Бұл кезеңде Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқу қажет;
І-жүргізуші: ІІ-кезең: «Көңілім әнді ұғады» -Абайдың әндеріy орындау сайысы;
ІІ-жүргізуші: ІІІ-кезең: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар сайысы.(Өз шығармаларын орындау).
І-жүргізуші:-Сайыскерлердің Абай шығармаларын қаншалықты сезіне алатындығын талқыға салатын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.
ІІ-жүргізуші - Курсанова Бақыт Қабылтақызы – оқу ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі;
ІІ-жүргізуші – Есщанов Кенжеғұл Сатманұлы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
ІІ-жүргізуші: Аушахманова Амантай Төлегенқызы - әдістеме жетекшісі, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
І-жүргізуші: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысына 4 талапкеріміз;
ІІ-жүргізуші: «Көңілім әнді ұғады» сайысына 4 талапкеріміз;
І-жүргізуші: «Жүйріктен жүйрік озар,жарысқанда» жас дарындылар сайысына 4 талапкеріміз бағын сынамақ.
ІІ-жүргізуші: Талапкерлерге сәттілік тілейміз!
І-жүргізуші Сайысымыздың беташарын «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша 4 «а » сыныбының оқушысы ашады.
ІІ-жүргізуші: Әділ қазылар алқасынан 1- ші сайыскеріміздің ұпайларын көрсетуді өтінеміз.
І-жүргізуші - Ақынсың,данасың
Қазаққа панасың.
Елім деп,жерім деп,
Өткен бір данасың,-дей отырып,І-номинация бойынша өнер көрсететін келесі сайыскерімізді шақырамыз.
ІІ-жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыскердің ұпайларын көрсетулеріңізді сұраймыз.
І-жүргізуші: Өтер айлар,өтер жылдар,ғасырлар
Ұмытылмас өзің сынды асылдар.
Ойы ұшқыр,сөз қадірін түсінер,
Ұрпақтарың өздеріңе бас ұрар.
ІІ-жүргізуші::- Құрметті қауым,келесі сайыскерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
І-жүргізуші:-Өлең, жырын қазағына арнаған,
Елдің қамын тебірентіп толғаған.
Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан,
Бұл заманда Абай сынды бар ма адам?!
«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» кезеңінің талапкерін қошеметпен қарсы алайық.
І-жүргізуші: Әділқазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
ІІ-жүргізуші:
І-жүргізуші:-Иә,бүгін сахнада өнер көрсетіп жатқан сайыскерлеріміз Абай шығармаларын келесі ұрпаққа таза күйінде жеткізетіндігі хақ.Сонда ұлы Абай қазақ сахарасында мәңгілікке ғұмыр кешпек.
ІІ-жүргізуші: Абай атамыз сияқты қазақ әдебиетін дүр сілкіндірген Мұхтар Омарханұлын атамай өткеніміз әділдікке жатпас еді.
І-жүргізуші:Абайдың бар болмысын кейінгі ұрпаққа шынайы қалпында жеткізген Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әлем әдебиетінің таңдайын қақтырды.
ІІ-жүргізуші: Абай атамыз қазақ сахарасының бұлаңдап өскен еркесі еді.Құнанбай мен Ұлжандай ақыл иелерінен туған, Зередей дана анадан тәлім мен тәрбие алған Абай атамыз дана болмағанда кім дана болмақ.
І-жүргізуші:-Әлем жұртшылығына Абай атамыз ақындық жағынан ғана емес,композиторлық жағынан да танылған.Сахнада 4 «а» сынып оқушысының орындауында ән.
ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші:Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің,өнердің,әділеттің,адамгершіліктің,адам ұлы бола білудің,халық үшін күресудің үлгісі дей отырып,сахнаға келесі сайыскерімізді шақырамыз.
ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші Оу, ұлы бабам,атыңнан айналайын,Абай атам біз сіздің шөбереңізбіз. Бүгін сіз туралы тебіреніп,толғанып,сіздің дара тұлғаңыз,біздерге қалдырған қасиетті мұраңыз жайлы сыр шертпекпіз.
Келесі сайыскерімізді ортаға шақырамыз.
ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші:Қабыл ал,жас өркендеріңді,ақ батаңды бер,аруақты бабам!
Келесі сайыскерімізді ортаға шақырамыз .
ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші:Абайдың өз басы,ой-санасы,ұғым-нанымы,жалпы ішкі дүниесі де,әрине бір орында қалып қойған жоқ.Үздіксіз өзгеру,өрбу,жаңғыру,жаңару үстінде.
ІІ-жүргізуші: Абай халықты надандықтан алып шығудың бірден-бір жолы оқу,өнер деп білді.Оның осы тақырыпқа жазған бірнеше өлеңдері ақынның ағартушылық,адамгершілік көзқарасын ерекше танытқандай.
І-жүргізуші -Тумысынан зерек,қабілетті,өнерлі жігіт оттай жанып,шоқтай маздап,әке сынынан сүрінбей өтеді.Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым,жақсы атақ қалып отырады.
ІІ-жүргізуші: Абайдың ақындық,композиторлық мұрасы,ағартушылық еңбегі қазақ халқының мәдени тарихының ажырамас бөлігіне айналып,музыкалық жанрды дамытуға жол салды.
І-жүргізуші Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Сахнада 4 «а» сынып оқушысы .
ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші: Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес, даналық сөздер. Қара сөздерінің жалпы саны елуге жақын. Өзінің көзқарасы мен дүниетанымын қара сөзбен кейінгілерге қалдырып кетті.7,19,31- ші сөздерінде оқу- білім, оны игеру жөніндегі ой- пікірлерін ортаға салды. Сахнада 4 «ә» сынып оқушысы .
ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынансайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді.
Сахнаға келесі сайыскерімізді ортаға шақырамыз.
ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Аянның ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші Абай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын асыл мұрасы.Кеудесіндегі жүрегі «Мен қазақпын» деп соғатын еліміздің әр азаматы Абай шығармаларын оқып,біліп сезінуге міндетті.
Сахнада келесі сайыскеріміз.
ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан сайыскердің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші Абайды танып білу,оның шығармаларымен сусындап өскен өрендер өмір атты асау ағысты дұрыс бағытта сүре алатыны шындық.. Ал біздің жас өрендер Абайды оқып қана қоймай,ұлы тұлғаға өз шығармаларын арнап та үлгерген.Осындай жас таланттың бірі, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінің үміткері - Мурзагалиева Аиданы қошеметпен қарсы алайық..
ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Аиданың ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші:-Қазір біздің тәуелсіз мемлекетімізде «Абайтану» жеке бір сала,жеке бір ғылым.Осы салада еңбек етіп жүргек өрендеріміз баршылық.Осындай бастау біздің мектептің оқушыларынан да байқалып жүр. Сахнаға жас ақынымыз «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінің үміткерін ортаға шақырамыз шақырамыз.
ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан сайыскеріміздің ұпай сандарын сұраймыз.
І-жүргізуші: Құрметті қауым,
ІІ-жүргізуші: Өнер сүйер жас ұрпақтар,
І-жүргізуші: Абайдың шығармашылығын шәкірт санасына құйып жатқан қадірлі де,сүйікті ұстаздарымыз
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі «Мектепішілік Абай оқулары» сайысымыз мәресіне жетті
І-жүргізуші: Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып.
ІІ-жүргізуші:
Өткізілген байқау қорытындысын жариялау үшін, әділқазылар алқасының мүшелерін ортаға шақырамыз.
І-жүргізуші:
Кешіміздің тыңдаушысы болғандарыңызға көптен – көп рақмет.
Сау – саламат болыңыздар.
ІІ-жүргізуші: Көріскенше күн жақсы.
Кенжебаева Алмагүл Кадирбергеновна
Достарыңызбен бөлісу: |