Тақырыбы: «Операция, операцияға дейiнгi және операциядан кейінгі кезеңдер» Мақсаты: студенттерді хирургиялық операциялардың анықтамасымен, түрлерімен, жіктелуімен, олардың ерекшеліктерімен, қойылатын талаптармен



бет1/3
Дата23.12.2023
өлшемі39.88 Kb.
#487728
  1   2   3
хирургия операция (копия)


№1 хирургиялық аурулар кафедрасы
Дәріс «Операция, операцияға дейiнгi және операциядан кейінгі кезеңдер» тақырыбы




Тақырыбы: «Операция, операцияға дейiнгi және операциядан кейінгі кезеңдер»
  • Мақсаты: студенттерді хирургиялық операциялардың анықтамасымен, түрлерімен, жіктелуімен, олардың ерекшеліктерімен, қойылатын талаптармен. Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңдерімен, маңызымен, клиникалық сипатымен, анықтау, тексеру тәсілдерімен, жалпы және жергілікті емдеу заңдылықтарымен, асқынулардан сақтандыру шараларымен таныстыру.


  • Дәріс жоспары:

1. Хирургиялық операция терминінің түсінігі.
2. Хирургиялық операцияның айқынды көріністері.
3. Хирургиялық операция, операцияға дейінгі және кейінгі кезең.
4. Қазіргі хирургиялық операция, операцияға дейінгі және кейінгі кезең.



  • Дәріс тезистері

Хирургиялық операция - бұл науқастың ұлпалары мен мүшелерін зақымдай отырып орындалатын емдік - анықтамалық іс - әрекеттер.
Хирургиялық операцияның міндетіне асқынған сұйықтықтарды шығарып іріңді ағызу, сарсулы қуыстар, ұлпалар мен мүшелерден ағзаға тыс заттарды, сүйектің ұсақ сынықтары, оқ кесектерін, бытыраларды алып тастау, зақымдалған ұлпалар мен мүшелерді жартылай алып тастау, асқазан, өкпе, ішек, (резекция) т.б. өт қабын алып тастау, ұлпалар мен мүшелердің арасындағы анатомиялық бүтіндікті қалпына келтіру, жараны алғашқы хирургиялық өңдеу, жарыққа жасалған операция немесе қызметі жағынан тиімді анатомиялық байланыстар жасау - өңештің, асқазан қалтқысының (привратник), ішектің түйілуінде айналма байланыстар (анастомоз) салу, т.б. жатады.
Операциялық жарақаттың түріне қарай хирургиялық операциялар қанды және қансыз болып бөлінеді. Қанды операцияларда ағзаға жара салынады, ал қансызда - тері мен кілегей қабықшаның бүтіндігі бұзылмайды. Қансыз операциялар аз жасалады. Оның қатарына шыққан мүшелерді қалпына келтіру, сынықтарды салу, ағзаларға (өңеш, қынап, ішек, несеп жолы, т.б.) түтік-буж салу, катетеризация, табиғи тесіктер арқылы бөгде заттарды алып тастау, эндоскопиялық зеріттеулер жатады. Қажеттілігіне байланысты хирургиялық операциялар емдік және диагностикалық болып бөлінеді. Егер де диагностикалық операция кезінде асқынған ауру табылса, онда басында диагностикалық болып басталған операция кейінірек емдік болып жалғастырылады, бірақ өзгерістің жайылып кеткеніне байланысты бұл операцияны толығымен жасауға мүмкіндік болмайды. Мұндай кезде диагноз қоюмен ғана шектеледі.
Емдік операциялар көлемі мен маңызы жөнінен көлемді, толық (радикальная) және шектелген, толық емес (паллиативная) болып бөлінеді. Көлемді, толық операцияларда асқынған ауру өзгерістері алынып тасталса, шектелген операцияларда науқастың жағдайы жеңілдетіледі, бірақ негізгі асқынған өзгерістер ағымына онша әсер етпейді. Шектелген операцияның мысалы ретінде асқазан қатерлі ісігінде жасалатын айналма асқазан-ішектік байланысты (обходной гастро-энтероанастомоз) айтуға болады. Осы операция асқазан қалтқысының қатерсіз ісігі әсерінен тарылуында жасалса, онда бұл операция толық болып табылады. Сонымен, операцияның толықтығы хирургиялық операцияның көлемі мен түріне ғана байланысты емес, аурудың даму сатысы, кезеңі және түріне де байланысты болады.
Сонымен бірге операциялар алғашқы және екінші кезектегі болып бөлінеді. Алғашқы операция жасауға жарақаттың немесе аурудың барлығы себеп болса, екінші кезектегі операциялар асқынуларды емдеу үшін жасалады. Мысалы: аяқ-қол артерия тамырларының эмболиясында жасалатын эмболэктомия операциясы алғашқы операцияға, ал эмболиядан кейін қоректілік жетіспеушілігінен болған шіруде жасалатын аяқ-қолды кесіп алып тастау операциясы (ампутация)- екінші кезектегі операцияға жатады.
Операциялық жарақаттың ауырлығы мен оның ұзақтығына байланысты операциялар үлкен және кіші болып бөлінеді. Негізінде кіші операция, - деп емхана - амбулатория жағдайында жасалатын шағын, жарақатсыз операцияларды атайды. Бірақ, сонымен бірге бұл операцияға басқаша көзбен қарауға да болады. Кез-келген операцияның науқас үшін қауіптілігі бар. Бұл қауіптіліктер мыналарға байланысты: шокты тудыруы мүмкін, ауырсыну, қан ағу мен жараның қоздырғыштармен ластану мүмкіншілігі пайда болады. Кейбір қауыпті жағдайлар көбінесе қолданылған жансыздандыруға, тоңазуға, психалық жарақатқа, т.б. байланысты болуы мүмкін. Осы айтылғандарды естен шығару кейде ең кішкентай операцияның өзін асқындырып, қауыпті етуі мүмкін.
Жараға қоздырғыштардың түсу-түспеуіне байланысты хирургиялық операциялар асептикалық, асептикалық емес және іріңді операциялар болып бөлінеді. Асептикалық емес операция деп – жараға инфекция түсірмей, таза жасауға мүмкіндік болмаған жағдайды айтады (тік ішекке, ауыз қуысына, т.б. жасалған операциялар), ал іріңді операциялар деп - іріңді, анаэробты қабынулар бар ұлпаларға жасалған операцияларды атайды.
Кез - келген қанды (кровавая) операцияның жасалуында үш кезеңді бөліп атауға болады:

  1. Хирургиялық тілу және кесу (оперативный доступ). Осы тәсілдер арқылы хирургиялық операция жасауға керекті мүшені не ұлпаны ашып, ажыратып, салыстырады, аурудың орналасқан жерін анықтайды.

  2. Оперативтік тәсіл - ұлпаға, мүшеге, сүйекке, т.б қол күшімен, құрал-аспаптармен жасалатын емдеу шаралары (манипуляция).

  3. Қортынды іс - әрекеттер (заключительные мероприятия) операция кезінде жарақаттанған ұлпалардың, ағзалардың бүтіндігін анатомиялық - физиологиялық қалпына келтіру, сұйық өткізгіштер (дренаждар) салу.

Хирургиялық операцияның негізгі кезеңі - опреативтік тәсіл, бірақ жақсы хирургиялық тілу мен кесу әрекеті болмайынша (оперативный доступ) оған қол жеткізуге мүмкіндік жоқ. Хирургиялық тілу мен кесудің көлемі - жараның шеттері мен оның ең терең нүктесін қосатын сызықтардың арасындағы бұрышқа тең (операциялық қимылдардың бұрышы). Бұл бұрыш үлкейген сайын жарақаттау күшейе түседі. Ал бұрыштың кішкентай болуы операция жасалауын қиындатады, ал ол болса операцияның ауыр жарақаттылығы мен уақытын арттыра түседі, осыған байланысты операцияның сапасы нашарлайды.
Егер хирургиялық операцияның барлық үш кезеңі бірінен кейін бірі рет - ретімен жасалатын болса, онда бұл операция бір кезеңді (одномоментная) - деп аталады. Егерде кезеңдердің арасында үзіліс болатын болса, мұндай операция екі кезеңді, - деп аталады. Екі кезеңді операциялар операциялық жарақаттың қауыптілігін азайтуға бағытталған, өйткені екінші кезеңге дейін науқас бірінші кезеңде жасалған жарақаттардан жазылып үлгереді (екі кезеңді простатэктомия, торакопластика, өкпе аурулары кезінде өкпе артериясын байлап тастау, т.б). Операциялық тәсіл мен соңғы іс әрекеттер арасында үзіліс жасай отырып жасалатын екі кезеңді операция операциялық жараның қоздырғыштармен ыластануының алдын алуға бағытталады.
Жасалу уақытына қарай операциялар төтенше (экстренная), жедел (неотложная) және жоспарлы (плановая) болып бөлінеді.
Шұғыл (экстренная, срочная) операциялар - бірден, тез арада жасалу керек, себебі операцияны бірнеше сағат немесе тәулікке кешіктіру адам өліміне әкеліп соғуы немесе операциядан кейінгі кезеңнің болжамын аскындыруы мүмкін. Әсіресе қан кеткенде, тұншығуда, жедел хирургиялық ауруларда, соның ішінде қуыс мүшелер тесілгенде, жараланғанда, т.б жасалатын операциялар жатады.
Жедел операциялар (неотложная) аурудың тоқтаусыз дамуына байланысты ұзақ уақытқа қалдыруға және кешіктіруге болмайтын операцияларды атайды. Бұл - қатерлі ісіктерде, т.б жасалатын операцияларды қамтиды.
Жоспарлы (плановая) операцияларды кез-келген уақытта, науқастың денсаулығына зиян келтірмей жасауға болады.
Операция жасауға арнайы дайындығы бар немесе мамандығы осы бағытты да қамтитын дәрігерлерге рұқсат етіледі. Бірақ, мамандығына байланыссыз кез-келген дәрігер жасауға міндетті операциялар бар. Олар - трахеостомия, әйелдің босануына көмектесетін, т.б. қансыз операциялар.
Операция жақсы өту үшін және кейінгі кезеңде асқыну болмас үшін науқасты операцияға қалай дайындау керектігін білу керек. Операцияға байланысты дәрігер екі мәселені шешу қажет: біріншісі-операция жасауға болатынын немесе болмайтынын анықтап, операцияны техникалық жағынан дұрыс орындау; екіншісі-дұрыс емдеу мен күтім жасай отырып, асқынулардың алдын-алу. Операция жасауға болатынын, болмайтынын анықтау - қиын жұмыстардың бірі. Ол үшін дәрігер науқастың жалпы жағдайын, жасына, жынысына байланысты ерекшеліктерін, негізгі жүйелердің жағдайын, негізгі аурудың күрделілігін, қосалқы аурулардың барлығын толығынан анықтап, зеріттеуі керек.
Н.И.Пирогов өзінің «Хирургиядағы бақыт» деген еңбегінде операция жемісті болу үшін қандай нәрселерді орындау керектігі туралы өзінің ойын айтқан еді. Біріншісі – науқастың жағдайын, ауруын дұрыс анықтадым, - деген сенімділік. Екіншісі - операцияны тым ерте, не тым кеш жасамау, науқасқа сөзбен жақсы әсер ету, оның жазылып шығатынына сенімділікті арттырып, қорқынышы мен сенімсіздігін жою. Үшіншісі – операцияны шебер жасап қана қоймай, кейінірек болуы мүмкін асқынулардың алдын алу шараларын операция кезінде - ақ жүргізу. Төртіншісі – операциядан кейінгі емдеуді барлық білімі мен іскерлігін пайдалана отырып жүргізуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет