. II-тарау Әңгімелесу әдісі арқылы психолог
Белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім кӛлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме кӛбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сӛйлесу әдісіне ерекше мен беріледі.
Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Әңгімені де зертеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ, әңгіме ғылыми әдіс болу үшін, әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін, ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жӛн. Не болса сол туралы әңгіме жүргізе бермей, керекті мәселелер, жағдайлар туралы әңгіме жүргізу керек. Әңгімелескенде балаларға түрлі сұрақтар қойып, олардың түрлі заттар, болмыстар туралы түсініктерін, ұғымдарын, неге қызығатынын, білімінің кӛлемін, тұрақтылығын, тереңдігін және т.б. білуге мүмкіншілік бар. Балалардың жауаптары толығымен стенография арқылы жазылып отырады. Әңгіме уақытында балалардың қылығына назар салып толық түрде белгілеп жазып отыруы қажет.
Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі — сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жәнекей оның сӛз саптауына, түрлі реакцияларына, ӛң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.
Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері – жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы. Мәселен, анкета әдіс арқылы күні бұрын бланкіге жазылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады.Осы әдіспен әртүрлі топтың, ұжымның психологиялық ӛзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттадағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс. Алынған материалдардың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан ӛткізіледі. Мұның негізгі кемшілігі — адамның шын кӛңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса, оны қағаз жүзінде дұрыс кӛрсетпеуі де мүмкін. Бірақ анкетаның бұл жаппайлылығының кейбір елеусіз жетімсіздіктері бар. Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене беруге болмайды. Ӛйткені анкетадағы сұрауларға қайтарылатын жауаптар субъективтік үстіртін қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін.
Анкетаны барлық зерттеулерде орынсыз қолдана беруге болмайды. Оны сондықтан адамдардың шығармашылық жемістері, сазгерлердің музыкалық шығармаларын, суретшілердің суреттерін, сәулетшілердің жасаған мүсіндерін, үйлерін, ақындардың, жазушылардың шығармаларын, кілемшілердің тоқыған кілемдерін т.б. зерттеп, олардың психологиясымен танысуға болады. Шығармашылық әрекеттердің ағымын зерттеп, адамның ақыл ойының әрекет етуін зерттеуге болады.
Салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психикалық әрекеттердің ӛсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді, Ал салыстырма филогенетикалық зерттеу жолы арқылы адамдардың психика дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арқасында қандай айырмашылық, қандай ұқсастық бар екендігі, адамның психологиясы қалайша адамдық психологияға айналғаны зерттеліп отырады.
Салыстырма тарихи зерттеу әдісінде – қоғамдық эканомикалық формациялардың ӛзгеруімен бірге адамның салт-санасы да ӛзгеріп, дамып отырады. Сондықтан психикалық әрекеттерін зерттегенде, бұлар тек бүгінгі күннің ғана жемісі емес екендігін, адам баласының ғасырлар бойы дамып отыруының нәтижесі екендігін ескеріп, зерттеу жұмысында зерттеудің тарихи жағын кӛздеу керек болады.
Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи әдісті мейлінше қолданып адамның барлық әрекеттерінің ақыл-ойының санасының бірқалыпта тұрмайтынын, қоғамның ӛзгеріп дамуымен бірге, ол қоғамда ӛмір сүруші қоғам мүшелері – адамдардың сана – сезімдерінің ӛсіп, дамып, ӛзгеріп отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі қоғамда ӛмір сүрген я нақты құрамының мүшесінің психикалық әрекеттерін зерттеу керек – бұл тарихи психологияның міндеті.
Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарымен ӛзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сӛйлеуге зақым келуін (афазия) қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, бәсеңдеп бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор. Физиология мен психопотологияда, медецинада бұл әдіс ӛте кең қолданылады. Онда хайуанаттар миының түрлі жүйесіларын бұзып, оның нәтижесінен пайда болатын психикалық әрекеттің зақымдану ӛзгешеліктерін зерттеу үлкен орын алады.
Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жӛнінен мағлұмат алуға кӛмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала ӛз жасы.а қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында ӛз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, тӛмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет.
Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан караудың маңызы зор, ӛйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап кӛрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін талдап білуде кӛмек кӛрсете алады. Тест деген ағылшын сӛзі «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел ӛткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл ойының дамуын анықтау үшін ӛз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест дегеніміз — күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.
Осындай қосалқы әдістердің қатарына биографиялық әдіс адамның ісәрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстарымен түрлі формадағы шығармашылық жұмыстарды талдау), ӛмірбаян (яғни зерттелүшінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның ӛмірбаяны, естелік, мінездемелерін талдау жатады.
Коррекциялық әдістер. Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар арқылы адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық кӛмек, обьективтілік бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік сәтсіздіктерді уайымдау жағдайларыида да кӛбірек кӛрсетіледі және тиімді болады.
Мұндай жағдайларда, психологиялық кӛмек қандай түрде жасалса да, ол жалпы сипатымен — ӛз бағытының жекелігімен ерекшеленеді және кӛмек сұраушының тұлғасына — оның сезіміне, уайымына, кӛзқарасына, әлем кӛрінісіне, айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең үңілуіне негізделеді. Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет етеді. Алайда, психодиагностика ӛздігінен мағынасыз, оның мәліметтері баланың ӛміріне немесе дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа тұтынушымен немесе баламен ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға мүмкіндік беру үшін қажет. Осы жерде психолог жұмысының коррекциялық әдістері туралы айту керек.
Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу — психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ тӛтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы ӛмір жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты болады.
Аутогендік жаттығуларда нерв жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды. Бірінші жол қаңқаның бұлшық еттері мен демалу тонусының орталық нерв жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Нерв жүйесі мен тонус арасындағы байланыс бұлшық еттердің тонусын саналы ӛзгерту арқылы психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та кӛтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің бұлшық еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек.
Нерв жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі — бұл адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінші жолы айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сӛздің реттеуші және бағдарламалаушы рӛлімен байланысты болады. Ішкі сӛздің бұл қасиеті жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін спортта ертеден қолданылады.
Қиын жағдай туған кезде, ауытқыған функциялардың орнын толықтыру үшін, нерв жүйесі тұрақты адам ағзасы бұл резервтерді ӛздігінен белсенді қозғалтады. Алайда, кӛптеген жағдайларда бұл болмайды, ӛйткені адам ӛзінің нерв жүйесінің зор мүмкіншіліктерін білмейді. Аутотренинг жаттығулары адамның резервтік мүмкіншіліктерініи ӛсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мидың бағдарланалаушы механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп отырады.
Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және іскерлікке үйретудің ӛзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бӛлуге болады:
— әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған (мәселелен, пікір сайысын жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу);
— қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.
Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бӛлінеді: топтық пікір сайыс және ойындар. Топтық пікір-сайыс әдісі кӛбінесе белгілі бір жағдайларды, топтың ӛзін-ӛзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рӛлдік ойындар әдісі кең таралған. Аталған әдістердің әр біреуі жеке қолданылуы мүмкін, бірақ олар кӛбінесе, бірнеше әдістер жиынтықтары енетін кешендік бағдарламалардың құрамдық бӛлігі болады.
Түрлі психикалық құбылыстардың кұрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Математика қазіргі кезде кӛптеген ғылымдардың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч.Спирмен. Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалысы т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен, осы әдісті психологтар адамның жоғары нерв қызметі қасиеттерінің құрылымын (Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын) зерттеуде пайдаланды. Күрделі корреляцияларды факторлық талдауға салу, электрондық ӛлшеуіш машиналарының (ЭВМ) кӛмегіне де сүйенеді.
Зерттеу материалдарын сапа жағынан ӛңдеу. Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін ашу және тұлғаның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған әдістердің барлығы да кеңінен пайдаланылады. Кез келген әдісті дұрыс қолданғанда, ең алдымен тұлғаның психикалық кӛріністерінің сапалық сипаттары анықталып, тіркеледі, яғни зерттеу міндеттеріне сәйкес фактілі деректер дәлме-дәл іріктелінеді де дұрыс түсіндіріледі.
Сапалық талдау жүргізген кезде жаңадан қалыптасып, не
дамып келе жатқан психикалық кӛріністерге баса назар аудару керек, ӛйткені, бұл адамға қазір ненің тән екендігін ғана емес, сондай-ақ оның психикалық даму перспективасын болжауға мүмкіндік туғызады.
Алайда, зерттеу нәтижелерінің объективтілігі зерттеліп отырған психикалық құбылысты суреттеуді және сапалық сипаттама беруді ғана талап етпейді. Әрқашан да табылған қасиеттің типтілігін анықтап, дәлелдеудің маңызы зор. Бұл, зерттеу материалдарын сандық ӛңдеуден ӛткізу негізінде іс жүзіне аса алады.
Зерттеу материалдарын сан жағынан ӛңдеу. Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты материалды математикалық ӛңдеуден ӛткізу әдістері әсіресе, кӛрсеткіштердің орташа сандық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін варияциялық статистика әдісі кеңінен қолданылады.
Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын анықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше маңызды мәні бар. Статистикалық әдістер белгілі бір кӛрсеткіштердегі айырмашылықтардың сенімділігі туралы, олардың осы құбылыстағы типтілігі және нормадан ауытқу шектері туралы, қанша адамның сыннан ӛту қажеттігі туралы математикалық дәлдікпен пікір түюге мүмкіндік береді.
Психикалық зерттеулер нәтижесін ӛңдеу үшін альтернативалық, корреляциялық, дисперциялық және факторлық талдау әдістері неғұрлым кең пайдаланылады.
Альтернативалық талдау. Альтернативалық (таңдауға мәжбүрлік) талдау кезінде кез келген жағдайда болуы да, болмауы да мүмкін психикалық құбылыстардың белгілері, қасиеттері, сапалары зерттеледі. Осы белгілердің сандық кӛрсеткіштерде кӛрінуін альтернативалық талдау деп атайды. Альтернативалық талдаудың сандық кӛрсеткіштері бірнешеу. Әдетте құрылым кӛрсеткіштерімен арақатынастар кӛрсеткіштері жиірек қолданылады. Құрылым кӛрсеткіші бӛлшек пен бүтін арақатынастар кӛрсеткіші бүтіннің бӛлшектері арасындағы процент пен берілген қатынасты сипаттайды.
Барлық сыналатындардың қай бӛлігінің белгілі бір белгілерге (мәселен, зейіннің тұрақтылығы, есте сақтау тәсілдері тағы басқалар) ие, ал қай бӛлігінің оларға ие емес екендігін аныңтау керек болған жағдайда құрылым кӛрсеткіштерін табады.
Белгілі бір қасиетке ие сыналушылар топтары арасындағы қатынастарды ашу үшін арақатынастар кӛрсеткіштері анықталады. Мысалы, есте сақтау процесін зерттеу кезінде қандай материалдың есте тұрақты сақталатындығын және материалдың белгілі бір түрін есте нық сақтауға бейім сыналушы топтар арақатынасының қандай екендігін анықтау қажеттілігі туады. Альтернативалық талдау сыналушыларда белгілі бір қасиеттердің, белгілердің бар екенін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оның кӛмегімен белгілер арасында тәуелділік бар-жоғын анықтауға болмайды.
Корреляциялық талдау. Психикалық құбылыс белгілерінің ӛзара байланыс дәрежесін (екінші сӛзбен айтқанда, байланыс тығыздығын) корреляциялық (арақатыстық) талдаудың кӛмегі арқылы сипаттап беруге болады.
Мәселен, жас пен ырықты есте сақтаудың арасындағы тәуелділік корреляциялық болады, ӛйткені жастың белгілі бір ӛзгерісі кезінде ырықты еске сақтаудың белгілі бір ӛзгеріскс ұшырағаны байқалмайды. Бұл ырықты есте сақтаудың ӛзгеруі тек жасқа ғана емес, басқа факторларға да: еріктің даму деңгейіне, есте сақтау кезінде зейінді шоғырландыруға, есте сақталатын материалға деген ынтаға тәуелді екендігімен түсіндіріледі.
Дисперсиялық талдау. Корреляциялық сияқты дисперсиялық (ажырату) талдаудың да міндеті — зерттеліп отырған белгілер арасында ӛзара байланыстың бар-жоқтығын аныңтау. Ал корреляциялық және дисперсиялық талдау арасында елеулі айырмашылықтар бар. Корреляциялық талдау байланыс тығыздылығының мӛлшерін тек эксперимент үшін мәні бір белгілер арасында анықтауға мүмкіндік береді. Дисперсиялық талдау кезінде зерттеліп отырған белгілерге әсер ететін факторлардың бағасын алуға және олардың әрқайсысының әсер ету мӛлшерін анықтауға болады. Мұндай жағдайда экспериментші зерттелетін белгілерге тигізетін әсері зерттелуі қажет факторлар шеңберін ӛзі анықтайды. Белгілі бір факторлардың зерттеліп отырған белгілерге әсер етуінің алуан түрлілігін сипаттайтын ӛлшем дисперсия болып табылады. Дисперсияның мӛлшерін, оның құрамын осы дисперсиялық талдау кезінде аныңтайды. Сӛйтіп, ырықсыз есте сақтау процесін зерттей отырып, экспериментші ӛзі ырықты есте сақтауға әсер етуші ретінде зерттегелі отырған факторларды дисперсиялық талдау үшін ӛзі беліп алады. Математикалық аппаратты пайдалана отырып, ырықты есте сақтау үшін бӛлініп алынған факторлардың кайсысы маңыздырақ және басқа факторлардың ролі қандай екенін анықтауға болады.
Факторлық талдау.
Психологиялық зерттеулер нәтижелерін ӛңдеудің анағұрлым күрделі әдісі факторлық талдау болып табылады. Бұл әдістің күрделілігі факторлық талдаудың алдында бірнеше әзірлік кезеңі болатындығында, оның барысында факторлық талдау белгілерінің шамасы айқындалады, осы белгілерді сандық белгілеу ӛткізіледі және корреляциялық матрицалары, яғни әр белгінің белгілі бір жүйенің барлық белгілерімен байланысы тығыздығын бейнелендіретін корреляция коэффициенті кӛрсетілген таблица құрастырылады. Корреляциялық матрицалар факторлық талдау үшін материал болады. Мұнда, бір мезгілде кӛптеген сандық деректерді есептеуге тура келетіндіктен, матрицаларды ӛңдеу есептегіш қондырғының кӛмегімен жүзеге асырылады.
Факторлық талдау тәуелді және тәуелсіз факторлардың санын, факторлардың топтағы салмағын анықтауға және зерттеліп жатқан құбылысқа әсер ететін белгісіз факторларды табуға мүмкіндік береді.
Психологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде зерттеу әдістерін нақтылы әдістемелерді сондайақ нәтижелерін сандық жағынан ӛңдеудің әдістерін тура таңдай білудің манызы зор. Алайда, әдіс қаншалықты сәтті және дұрыс таңдалып алынғанымен әдістер жүйесін пайдаланған жӛн. Мұндай жағдайда неғұрлым толық, терең мазмұнды, ал ең бастысы объективті нәтижелер алуға мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |