Тақырыбы: «Ұранды ердің ұрпағы қайсар»



бет1/2
Дата09.03.2024
өлшемі19.1 Kb.
#494762
  1   2
Ұранды ердің - ұрпағы қайсар тәрбие сағаты 7 мамыр


Тақырыбы: «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар».

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты азаматтар, қымбатты әкелер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады. Кешіміздің эксперттік тобы:


Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!


Құрметті әкелер, біздің ұлдар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Әкелерді құттықтауға қыздарды ортаға шақырамыз.
Тақпақтар:

Аружан
1.Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріне арналған
Бүгінгі той қуаныш пен мереке

Алима
2.Әкем менің асқар тауым тірегім
Бәрінен де сен қымбатсың білемін
Қанат қағып кетсем алыс қияға
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім

Айым
3.Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің әр айың
Тойларыңыз құтты болсын әкелер
Балаларың төге берсін мерейін

Анеля
4.Есімде бейнесі әкемнің
Күлімдеп маған қарайтын
Мен саған талпынсам
Құшағын жая сап көтеріп алатын

Бибигуль
5) Сәулелі сөз сөне ме
Орны бөлек батаның
Бізге тәлім өнеге
Ақ тілеуі әкенің

Назерке
6) Әр сөзінің ақырын
Жақсылыққа тірейді
Қадап айтып ақылын
Көпке бақыт тілейді

Айғаным
7) Атамның ән күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мейірімі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып

Назым
8) Әкем шытса қабағын
Байқа балам дегені
Алған көп ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны



Айдынгуль
9) Бойға қуат береді
Әй жарайсын дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді

Арайлым
10) Ойнаймыз, күлеміз
Жарқылдап жүреміз
Әкені сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз

Сұлушаш
11) Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіне
Сағыныш сазды жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе




Жүргізуші: Өсірген баптап баласын
Әкелер әркез Жарайсың
Бар өнерін үйреткен
Оздырған да жүйріктен
Әке деген ардақты ат
-Келесі ән барлық әкелерге арналады. Қыздардың орындауында «Асыл әке» әні. Ду қол соғып қыздарды ортаға шақырамыз.


Ал ендеше ортаға екі әкені шақырамыз. Қазір сіздеркүштеріңізді сынайсыздар. Ойынның аты Кім мықта?


Жүргізуші: Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Ортаға біздің болашақ сарбаз қыздарымызды шақырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет