Тақырыбы: ««Реабилитация» туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы, әдістері.»


Капситрин ащы бұрыш тұнбасынан, аммиак пен зверобоидан тұрады, миозит, радикулитте қолданады. Капсодермаға



бет15/34
Дата12.04.2023
өлшемі198.68 Kb.
#472135
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
реабилитация

Капситрин ащы бұрыш тұнбасынан, аммиак пен зверобоидан тұрады, миозит, радикулитте қолданады.
Капсодермаға капсацин, камфор, белсенді компоненттер кіреді, ишиаста, миозит пен люмбаго, ревматоидты артритте, бұлшықет ауруында, созылуда, бурситте пайдалы. Аз мөлшерде жағылып уқаланады, экскорияда қолдануға болмайды.
Лидокаинде лидокаинмен басқа белсенді элементтер бар, қозғалу мүшесі ауырғанда жағылады. Ауыр жарақатта суткасына бірнеше рет жағылады, массажбен теріге сіңдіріледі.
Линимент бұрышты-камфорлық мазь құрамына камфор спирті, ащы бұрыш тұнбасы кіреді. Невралгия, радикулит, миозитте жағылады.
Линимент сложноперцовый мазіне нашатыр спирті, ащы бұрыш тұнбасы, жасыл сабын кіреді. Люмбаго, миозит, радикулит т.б. пайдалы.
«Веемма» массаж майы құрамына дәрі шөп қосындылары кіреді: Е, М, Т, Н, Ү, К деп анықталады. Ауру басқыш ретінде әр түрлі жарақатта қолданылады. Аз мөлшерде жағылып, массажбен аяқталады.
Мелливенон флороформа мен ара уынан тұрады. Бурситте, артритте, миозит пен остеохондрозда, бұлшықеттердің түрлі қабынуында қолданылады. Мазьбен массаж жасалынып, сеанстан кейін қол таза жуылады. Теріде зақым болса, оны жағуға болмайды, етке сіңеді. Оны әрі ультрадыбысты ем кезінде де қолданады.
Ментол мазі ланолин, ментол метилсалицилат және сары воектан тұрады. Артритте, бұлшықет ауырғанда жарақатта пайдалы.
Миотон құрамына дәрі шөптер, белсенді құрамалар кіреді. Қан айналымын түзейді, ауру басады, антисептик көмегі бар. Миотонның бірнеше түрі бар: А, В, С. Миотон В спорт жаттығулары алдын күш түсерде қолданылады. Ол бұлшықетті қыздырады. Миотон А жаттығулар мен жарыстардан кейін тиімді. Ысыту қабілетіне қарай ол бұлшықетті босатады. Қалпына келтіру массажында тиімді. Әр түрлі жарақат, суық тигенде Миотон – С керек. Мазьдің тері зақымына, сулы жерге әсері керісінше, жағуға болмайды.
Метилсалицилат антисептик қасиеті бар, ауруды бәсеңдетеді, таза күйінде де, басқа майлы және флороформмен де қолданылады. Радикулитте, люмбаго, миолитте тиімді.
Нефталгин анальгезириялық эмульсия түрінде шығарылады, құрамында анальгин, кашалот (кит тұқымдас) майы қышқылы, метилсалицилат нафталан мұнайы бар, радикулитте, созылуда қолданылады.
Нео-кансидерм камфордан, май және басқа ингридиенттерден тұрады. Байланыс сіңірлері аумағының әр түрлі жарақатында пайдалы. Миозит, люмбаго, жарақатта да жағылады. Аз мөлшерде ауырған жерге жағып, массаж жүргізеді.
Никодан гепарин мен белсенді бөлшектен тұрады. Созылмалы бронхитте, ревматизм басқа да сіңір созылуында қолданылады. Мазь жағып массаж жасауға да болады, оның орнына жәй таңып қойса да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет