БӨЖ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. - Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.
Іштей химия және мұнай-химия өнеркәсібі болып бөлінеді.
- Химия өнеркәсібіне жататын салалар:
- кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)
- негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)
- жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)
- химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика
2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар:
- синтетикалық каучук
- негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру
- резина-асбест өнеркәсібі жатады.
Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар, химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Химиялық технологиялар мен материалдарды шаруашылықтың барлық салаларында кең қолдануды химияландыру деп атайды. - Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар, химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Химиялық технологиялар мен материалдарды шаруашылықтың барлық салаларында кең қолдануды химияландыру деп атайды.
- Химия өнеркәсібі қорларды өңдеп қана қоймайды. Ол табиғатта жоқ, қасиеттері алдын ала бегіленген мүлдем басқа материалдар жасап шығарады. Әртүрлі химиялық заттар, соның ішінде қымбат әрі тапшы табиғаттағы баламаларды алмастыра алатын конструкциялық материалдарды шығарады. Мысалы, машина жасауда кейбір химиялық материалдар қымбат металды алмастырады. Шикізат базасы кең: мұнай, табиғи газ, минералды тұздар, фосфориттер, күкірт, гипс, ауа, су, ағаш, өндіріс қалдықтары, көмір, металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен құрамдастырылады. Халықты тауармен қамтиды. Жер бетіндегі бар тіршілікті қорғайды.
Химия өнеркәсібінің құрамы мен рөлі
Қазақстанда пайдалы қазбалар: фосфорит, күкірт, тұз, әктас және басқа да шикізат өндірісімен айналысатын тау-кен химиясы дамыған. Фосфорит кені Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында өңделеді. Күкірт түсті металдар кені құрамында, Көкшетауға жақын Алексеев кен орнында кездеседі. Ас тұзы Арал, Балқаш жағалауында, Шу өзені бойында, Қалқаманда, Тобылжанда, Павлодар облысында бар. Калий тұзы Атырау облысындағы Индер көлінде өндіріледі. Ақтөбе алабының фосфориттері қышқыл топыраққа бірден ендіруге болатындығымен ерекшеленеді. Қазақстанның химия өнеркәсібінде негізгі химия басым. Оның шикізат көздеріне фосфорит, ас және калий тұздары, күкірт колчеданы, көмір, табиғи газ металлургия газдары кокс газдары жатады. Фосфор тыңайтқыштары өнеркәсібі материал қажеттілігінің төмендігіне байланысты шикізат көздерімен байланыспай, тұтынушыға негізделген. Фосфориттерді Қаратау мен Жаңатаста өндіріп, тыңайтқыштарды Таразда - Жамбыл фосфор зауыты мен минералды тыңайтқыштарын фосфориттер мен күкірт қышқылынан алады.
Химия өнеркәсібі географиясы
Химия өнеркәсібінің кең қолданылатын өнімнің бірі - күкірт қышқылы. Күкірт қышқылын алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипс, күкіртті газ және түсті металл кеңдері құрамында кездеседі. Күкірт қышқылды өнеркәсіп, негізінен, күкірт қышқылын ең көп тұтыну орындарында орналасады. Күкірт қышқылын: - Химия өнеркәсібінің кең қолданылатын өнімнің бірі - күкірт қышқылы. Күкірт қышқылын алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипс, күкіртті газ және түсті металл кеңдері құрамында кездеседі. Күкірт қышқылды өнеркәсіп, негізінен, күкірт қышқылын ең көп тұтыну орындарында орналасады. Күкірт қышқылын:
- ауыр және түсті металдар қорытатын металлургия орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер);
- уран өндіру орталықтарында (Степногорск);
- фосфор тыңайтқыштары өндірісі орталықтарында (Тараз) өндіреді.
Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы - Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:
- кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)
- негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)
- полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);
- тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |