Дәріс № 11.
Тақырыбы: ШЖМ сабақтардың ерекшеліктері.
Мақсаты: ШЖМ сабақтардың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: сынып-сабақтық жүйе, сабақ, сабақ құрылымы, сабақ типтері.
Дәрістің мазмұны:
Сабақ туралы түсінік.
ШЖМ сабақты ұйымдастыру.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:
оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;
оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;
мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;
оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Мектептік даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, және 40% дербес оқуға бөлінді.
Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:
лекция;
семинар;
пәндік үйірмелер;
топсеруен;
факультативтер;
кеңес;
қосымша сабақтар;
үй тапсырмасы;
- оқытудың жекелік формасы.
2. Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және формаларды қолданады /іс-әрекеттің вариативтілігі/.
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі компоненті сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту процесінің кесіндісі /кезеңі, буыны, элементі/.
3. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:
ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарының негізінде құру;
сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді оптимальдық арақатынаста жүзеге асыру;
оқушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып өнімді танымдық іс-әрекетке тиісті жағдайды қамтамасыз ету;
оқушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;
бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, оқушылардың даму деңгейіне сүйену;
тұлғаның барлық аясын дамытуды себептендіру және белсендету;
оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалылығы және эмоционалдығы;
педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;
өмірмен өндірістік іс-әрекетпен, оқушының жеке тәжірибесімен байланыс;
практикалық қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;
оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім көлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;
әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалау және жоспарлау.
Дидактикалық талаптар:
әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл анықтау;
сабақтың ақпараттық толтыруын реттеу, әлеуметтік және жекелік сұраныстарды ескере отырып мазмұнды оптимизациялау;
танымдық іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу;
әр қилы түрлерді, формаларды және әдістерді тиімді ұштастыру;
сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық ыңғай;
оқушылардың әр түрлі ұжымдық іс-әрекетінің формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру;
жедел кері байланысты, әрекетті қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;
сабақты өткізудегі ғылыми есеп және шеберлік
Сабаққа тәрбиелеушілік талаптар:
сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының.
тәрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;
оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;
оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;
оқушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу;
Дамытушылық талаптар:
- оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті қалыптастыру;
- оқушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;
- сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;
- оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;
Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |