Тақырыбы: Құстар қалай қыстайды?
Мақсаты: Қысқы табиғат аясындағы тіршілік пен ондағы құстардың тіршілігін бақылау.
Міндеттері:
Оқушылардың құстар жайлы алған білімдерін кеңейту;
Оқушылардан сұраққа жауап ала отырып тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыта түсу,қорытынды жасай білуге үйрету;
Құстарды қорғауға,қамқорлық жасауға баулу;
Әдісі: сұрақ-жауап, жазу, ауызша сөйлеу т.б.
Көрнекілігі: саяхат картасы, суреттер, ашық хат, сызба,ТСО.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың түрімен және мақсатымен таныстыру
-Бүгінгі саяхат сабағымыздың мақсаты: қысқы табиғат аясындағы тіршілікпен, ондағы құстардың тіршілігін бақылау.
-Саяхатқа шықпас бұрын көлік таңдап алуымыз керек.Қыстың күні жүруге қандай көлік ыңғалы деп ойлайсыңдар? Неге?
- Ат шана
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Орманға саяхат
(кассетадан көрсету)
-Бұлар нелер?
-Оларға нелер жатады?
- Осы бунақденелілермен нелер қоректенеді? ( құстар)
- Олай болса құстарды біз неше топқа бөлеміз? (2 топқа)
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Осы құстар қыста қалама?
- Неге?
- Ал қандай құстар қыстап қалады екен? ( құр, тоқылдақ)
III.Жаңа сабақ:
Келесі саяхаттайтын жеріміз - қала
-Қалада ұшып жүрген құс көргендерің барма?
- Қандай құстар?
(суықторғай, көгершін жайлы айтып өту)
Олар қоректі қайдан алады деп ойлайсыңдар?
Демек біз не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойын тыңдау)
(Ол үшін үйшік жасап, жем шашу керек деген сияқты)
Олай болса осы құстар жайлы тағы біраз мағлұмат алу үшін қаламыздағы балалар кітапханасына соға кетейік.
3.Оқулықпен жұмыс:
а)мәнерлеп оқып беру
ә)тізбектей оқыту
Ауылға саяхат.
4.Тапсырмалармен жұмыс:
Оқулықтағы тапсырмаларға жауап беру үшін алдымен ауылға саяхат жасап қайтайық.
Сұрақ:
- Ауылда, қолда қандай құстарды асыраймыз? (тауық, үйрек, қаз)
- Үй құстарының пайдасы барма?
- Қандай пайдасы бар?
- Оларды біз қалай күтеміз?
Жалпы біз орман, дала, үй құстарының қалай қыстайтындығы жайлы түсінік алдық. Енді саяхатымыздан оралып оқып- көріп үйренгенімізді бір- екі ауыз сөзбен жазу.
Жазу еліне саяхат:
5.Дәптермен жұмыс:
Жемі, тамағы: ағаш бүршігі, кепкен жеміс-жидек, шөптің дәні
6.Сергіту сәті:
Қане қанат жаяйық,
Ұшқан құсқа ұқсайық.
Ұшып- ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Саяхаттан оралу
7.Бекіту:
-Бүгінгі саяхат жасап барып қайтқан орман, дала, үй құстарынан бізге ашық хат келген екен.Бұл хатты не әкеп беріп тұр? ( көгершіннің аяғына байланып келген екен.)
-
Көгершін жайлы қысқаша сұрап өту
Ашық хаттың ішіндегі арналған тапсырмалар.
1.Тестпен жұмыс:
Дұрыс жауапты тап:
1. Құстар- бұлар жануарлар, денесі.............. жабылған.
а) жүнмен
ә) мамықпен
б) мақтамен
2. Құстарға не қорқынышты?
а) аштық
ә) қатты аяз
3. Қыстап қалатын құстың суретін сал.
2.Әңгіме.
Қыстап қалатын құстарға азық тауып жеу қиын ба? Оларға қалай көмектесуге болады?
3.Ойын. «Құстарды тамақтандыру»
Оқушылар шығады.
1-оқушы.
Құстарды қыста тамақтандырып жүріңдер, сонда олар сендерге өз үйіне келгендей асығатын болады.
2- оқушы:
Олардың көз алдымызда қырылып жатқанынын көргенде бойың шымырлайды.Міне осыны болдырмауға тырысайық.
3-оқушы:
Аязды күндері терезелеріңнің алдына келетіндей етіп, құстарды үйретіп алыңдар.
IV.Қорытынды:
- Біз қандай сұрақтарға жауаптар таптық?Үйде мен сендерге кез келген қыстап қалатын немесе жыл құстарының суретін салып, сол жайлы қысқаша әңгіме құрастырып кеуді тапсырамын.
Мұғалім:
Талаптарыңа рахмет,
Ең бастысы – ынта.
Ал білім мен ұғымды,
Жылдар бойы жинарсың.
Қоңырау соғылды -
Кезек келді ойынға.
Сабақтан үйренгеніңді,
Тырыс есте сақтауға!
Достарыңызбен бөлісу: |