Тақырыбы: «тарих философиясы» жоспар



Дата06.06.2023
өлшемі20.8 Kb.
#474744
13-дәріс


Тақырыбы: «ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ»


ЖОСПАР:

  1. Тарихты философиялық пайымдау.

  2. Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы.

  3. Тарихтың «сыни» философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс.

  4. Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері.

  5. Тарихи үдерістегі революциялық және эволюциялық. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары.

  6. Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы.

Тарих философиясы ұғымының өмірге келуі антика кезеңіне бастау алады, әрі XVIII ғасырдағы француз ағартушысы Вольтер есімімен байланысты. Гегель алғаш рет адамзат тарихындағы алғашқы кезеңдерден қазіргі заманғы өркениетке дейінгі жалпы тарихын көрсете отырып, тарих философиясы бойынша дәріс оқыған. Тарих философиясы дегеніміз тарихты бағалау және талдау философиясы болып табылады, яғни көбіне-көп тарихи зерттеулер және тарихты түсіндіру нәтижелері - оның негізгі пәні саналады.


Тарих философиясы термині екі түрлі мағынаға ие: бірінші жағынан, тарихты онтологиялық және гносеологиялық тұрғысында талдау болса; екінші жағынан, XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басы кезеңінде қалыптасқан философиялық бағыт. Тарихты басқару күшін әр дәуір ойшылдары өз ой шеңберіндегі көзқарас тұрғысынан саралап келгенді, яғни оның тарихтың өз ішінде құрылатынына мән бермеген. Тарих философиясының қарастыратын басты мәселелері: тарихтың мән-маңызы, тарихтың бағыт-бағдары, тарихи дамудың түпкілікті заңдары, тарихи үрдістердің критерийлері, тарихи детерминизм, тарихтың қозғаушы күштері және адамзат баласының тарихи даму болашағы.
Ортағасырлық батыс философиясының тарихи мәні, бірінші кезекте антикалық философия мен христиандық ілім негізінде пайда болғандықтан, антикалық философиялық ойды дамытуымен байланысты болды. Әрі философияның мәні бойынша антикалық философиямен біртұтасып кететін онтологиямен (болмыс туралы ілім) қатар, гносеология (таным туралы дербес ілім) жаңа салаларға жіктелуіне ықпалын тигізді. Сонымен бірге, идеализмнің объективті және субъективті болып екіге жіктелуіне негізгі болды.
Ал Қайта өрлеу немесе ренесанс кезеңіндегі батыс философиясының басты идеялары (ХV–ХVІ ғғ.) теологияда – теизм және пантеизм арасындағы қарама-қарсылық, секуляризациямен; онтологиясы – шексіз әлем, батыс дуализмінен бас тарту, гелиоцентризм, полицентризм, табиғат пен адам бойындағы тылсым күштер мәселесімен; антропоцентризм, гуманизм құндылықтарымен; гносеологиясы – танымның ғылыми әдістерінің құрылуымен; әлеуметтік философиясы – әділетті, жетілген қоғамның түрлері (әрі әлеуметтік утопиялар) мәселелерімен байланысты болған.
Неміс классикалық философиясындағы (XVIII–XIX ғғ.) идеалистік бағыт, яғни обьективті идеализм өкілі Георг Гегель еді. Миф, дін және философия оның ойынша «абсолюттік рух» сатылары болып табылады. Ұлы ойшылдың философияға қосқан тарихи үлесі – алғаш болып диалектика ұғымын ашып көрсетуінде. Гегель пікірінше, диалектика – әлемдік рух пен сол жаратқан дүниенің тіршілік етуі мен дамуының негізгі заңы. Қайшылық – зұлымдық, жамандық емес, оны игілік санады. Дәл осы қайшылық прогрестің қозғаушы күші болып табылады деп түйін жасайды. Қайшылықтарсыз, олардың бірлігі мен күресінсіз даму мүмкін емес деген ойды қорытындылаған.
Неміс философы К.Ясперс өзінің «Дүниетаным психологиясы» деген еңбегінде экзистенциалдық мәселелерді көтерген. Оның пікірінше, адам тіршілік иесі болғандықтан өмір сүреді, тіпті өзінің кім екенін шын мәнінде білмеуі де күмәнсіз ақиқат. Бірақ кейбір жағдайда күтпеген жерден оның шын болмысы анықталуы әбден мүмкін. Бұл сәт адам болмысы сынға түсетін, өмір мен өлім бетпе-бет кездесетін шекаралық жағдайлар болса керекті. Сондай сәттерде адам шын мәнінде құндылықтың не екенін тереңінен түсініп, өзін де, басқаны да бағалай бастайтыны анық. Адам рухы, соның негізінде қалыптасатын тарихтың мақсаты ұрпақтар сабақтастығы негізінде тек өткен тарихты танып-білу ғана емес, ең бастысы рухани-мәдени мұрасын қалыптастыру жөнінде қарастыру тарихтың негізгі пәні болып табылады. Тарих – бұл адамзат баласының тіршілігімен үнемі даму үстінде болатын ғылым саласы. Кез келген адам үшін негізгі заңдылық қағидат – өткен тарихын білмей қазіргі және болашағына баға беру мүмкін болмасы хақ. Сонымен бірге, адамның өмір сүру ортасы қоғам, міне сол қоғамның оң бағытты ұстануы бұл сол қоғам азаматтарының білімінің жан-жақтылығы және қоғамдағы белсенді қатынасы зор маңызға ие екендігін атап өткен жөн.
«Халықсыз тарих жоқ, тapих болмаса хaлықта жoқ», дeлiнeтiн өнeгeлi cөз тeгіннен ғибрaтты cөз peтіндe aйтылмaca кeрeктi. Уaқыт жaды, caлт-caнa, мәдeниeт, ұлт дәcтүрi, ұpпaқтap жaлғacтығының бacтay apнacы – oл өз тapиxын зeрдeлey нeгiзiндe жaтca кeрeктi. Демек, тарих, өз кезегінде, болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен танып, ұғына білу қасиетін дамытады және болашақта дұрыс шешіммен қадам жасауға жәрдемдеседі.
Тарихи үдерісті түсіндірудің екі іргелі нұсқасы бар: сызықтық және бейсызықтық. Тарихтың бейсызықтық пайымдауы тамырымен «тарих дөңгелегі», оқиғалар айналымы, «мәңгілік қайтып оралу» туралы ұғымдарда көрініс тапқан ежелгі дәуірге терең бойлаған және кейіннен философиялық тарихи тұжырымдамаларда екінші өмір алады. Тарихтың сызықтық интерпретациясы «регрессизм» және «прогрессизм» ұғымдары түрінде екі негізгі үлгілерде өз көрінісін береді. Қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуының айқын бағыты мен айқын көрінісі оларға ортақ болып келеді. Бұл бағыттағы вектордың түсіндірмесі және социодинамиканың сапалық жағдайының ауысу сипатымен өзара ерекшеленеді.
Адам баласының тарихының даму барысында, яғни тарихи үдерісте 2 негізгі көзқарас бар:
Біріншісі – кезеңдік-үдемелі (сызықтық) дүниежүзілік тарихқа деген көзқараста адамзат дамуының көрінісіне біртұтас процесс ретінде көрінуімен байланысты, осыған орай адамзат тарихында белгілі бір кезеңдер бөлінеді.
Екінші тәсіл – өркениеттік, яғни адам тарихында әрқайсысының өзіндік, мүлдем дербес, тарихы бар бірнеше оқшау құрылымдар, өркениеттер бөлінетіні негізге алынады. Адамзаттың барлық тарихы бірдей процестердің шексіз туындысы болып табылады.
Осыған дәлел ретінде «дала философы» атанған Acaн Қaйғының «Жepұйықты» iздeуін айтсақ болады. Ол халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты – «Жерұйық». «Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады», деседі халық аңызы.
Қоршаған ортамен бірлікте, үйлесімділікте өмір сүру, адамды асыраушы жердің қадірін білу қажет. Оның көтерген мәселесі – халық бірлігін нығайту. Себебі, қазақ халқының ынтымақта болуы – өмір қажеттілігі. Оның өмір бойы іздегені – адамдардың өміріне ең қолайлы жер еді. Асан қайғының ойынша халық үшін туған жердің әрбір бұтасының, төбесінің өзіндік орны бар. Оның іздеген «Жерұйығы» – қазақ баласы үшін өмір сүруге ең қолайлы жер жаннаты болса керек. Ойшыл Асан қайғының өз кезеңінде көтерген проблеманы өз уақыты жағдайымен қатарластыра салыстырушылық жүргізіп отыр. Бұл салыстырушылықтың түйіні мынада жатыр: «Жерұйық» негізінде тарап кетпеушілік, бұзылмау, бірлік идеясы жатыр. Әрі мәселе мамыражай қоныс іздеуде ғана емес, ең бастысы ел-жұртының басын біріктіргісі келген тұжырымды пайымдаушылықта жатыр. Мақсат – басы бірікпей жатқан елдің басын біріктіріп, ел қауіпсіздігін нығайту. Халық ішкі жағынан бірлікте болса ғана мықты болмақ, біртұтастыққа ұмтылса өзін-өзі сақтай алады, қорғай алады және өрлей алады деген пікірді ұстанса керек. Бұқар жыраудың да мақсаты осы идеямен тұспа-тұс келеді.
Тәуелсіздік алған уақыттан бергі аралықта халқымыздың тарихи сананың бұpынғы қалыптан өзгеpу, бұзылуынан кейін ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру күн тәртібінде тұрған қазіргі уақыттың өзекті міндеттерінің бірі болды. Жahaндық жaғдaйдa eлiмiздe әлeyмeттiк opтaдa бoлып жaтқaн өзгeрicтep бiздepдiң өз мeмлeкeтiмiздiң тapиxынa, филocoфияcынa қaтыcты бaбaлap мұpacын жaн-жaқты жaн дүниeмiзгe ciңiрe oтыpып, қазiргi yaқыт тaлaбынa caй үйлeciмдiлiктe жeтiлдiрy ұлттық дәcтүpiмiздe ұмыт бoлғaн жaзбaлaрының мәнiн aшy мәceлeлeрiмeн acтacып жaтыp.
Ұpпaқтap кeлeшeгiн нaқты oйлacтыpyдa eң aлдымeн мәдeни-шығapмaшылық құндылықтapға ынтaлaндыpyдa бaбaлapдaн қaлыптacқaн pyxaни-мәдeни мұpacын игeрy қажеттілігі туындады, себебі мәдениет әрбір ұлттың бірегейлігінің маңызды көрсеткіші, көрінісі болып табылады.
Еліміз тәуелсіздік алған уақыт аралығында қол жеткізген жетістіктеріміз, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың жемісті еңбек нәтижесі, еліне қосқан үлесі – болашақ ұрпаққа үлгі боларлық тәлім-тәрбие ретінде Қазақстан мемлекетінің тарих беттерінің бірі болып қалмақ. Бұл біздердің болашаққа деген ұмтылысымыздың көрінісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет