Тақырыбы: Тыныс алу жүйесін зерттеу



бет1/4
Дата06.12.2022
өлшемі102.94 Kb.
#466662
  1   2   3   4
№4 диагностика

Тақырыбы:Тыныс алу жүйесін зерттеу


Тыныс алу жүйесі мүшелерін клиникалық зерттегенде, төмендегідей реттілікті сақтаған жөн:
а) жалпы клиникалық зерттеу;
ə) тыныс алу жүйесінің жоғарғы (алдыңғы) бөлімін зерттеу; б) өкпені зерттеу;
в) қосымша жəне зертханалық зерттеулер;
Жалпы клиникалық зерттеуге: талдауды жинау, тыныс алудың түрін, жиілігін, тереңдігін, ырғағын анықтау, ентігу мен жөтелдің бар-жоқтығын анықтау жатады.
Тыныс алу түрі көкіректік (қабырғалық, костальды), құрсақтық
(абдоминальды), аралас (костальды-абдоминальды) болуы мүмкін.
Көкіректік тыныс алу түрінде көкірек қабырғасының қозғалысы құрсақ қабырғасының қозғалысынан үстем болады.
Құрсақтық тыныс алу түрінде керісінше құрсақ қабырғасының қозғалысы көкірек қабырғасына қарағанда басым түседі.
Аралас тыныс алу түрінде көкірек қабырғасы мен құрсақ қабырғасы тыныс алу үдерісіне бірдей қатысады. Дені сау малдардың көпшілігінде аралас тыныс алу түрі байқалады. Көкіректік тыныс алу түрі иттерде, терісі бағалы аңдарда, кейбір аналықтарда, əсіресе, буаз аналықтарда болуы мүмкін.
Көкіректік тыныс алу түрінің патологиялық түрі қарынға, мес қарынға, ішектерге газ жиналғанда, көк ет жүйкесі зақымданғанда, перитонитте, іш шеменінде, көк ет жыртылғанда байқалады.
Құрсақтық тыныс алу түрі өкпе эмфиземасында, пневмонияда, өкпе гангренасында, микробронхитте, плевритте, қабырға жарақатында, көкірек қуысына жалқаяқ (экссудат) жиналғанда байқалады.
Тыныс алу жиілігін 1 минуттағы көкірек қабырғасы мен құрсақ қабырғасының қозғалысын санау арқылы есептеп шығарады.
Тыныс алудың патологиялық жиілеуі дене қызуы көтерілгенде, тыныс алу орталығы токсиндердің əсерімен тітіркенгенде, жүйке жүйесі зақымданғанда, өкпенің тыныстық беті азайғанда (пневмония, альвеолярлық эмфизема, гангрена), қан айналымы мен қан жүйесі зақымданғанда (анемиялар, жүрек-тамыр ақауларында), қан оттегімен толық қанықпағанда жəне қанда көмір қышқыл газы жиналғанда болуы мүмкін.
Тыныс алудың патологиялық сиреуі мидың органикалық жəне функциялық зақымдануы салдарынан тыныс алу орталығы тежелгенде, кетозда, интоксикацияларда, агонияда жəне т.б. кездеседі.
Тыныс алу тереңдігі көкірек, құрсақ қабырғаларының қозғалысымен, жəне де ішке тартылатын, сыртқа шығарылатын ауа көлемімен анықталады.
Тыныс алу қалыпты, үстірті (таяз), немесе өте терең болып бөлінеді.
Тыныс алудың таяздығы жиілеуімен қосарланса, ал тыныс алудың шамадан тыс тереңдеуі оның патологиялық сиреуімен қосарланады.
Тыныс ырғағы. Дені сау малдың тынысы ырғақты, демді ішке тарту мен дем шығару кезеңдерінің ұзақтығы өздеріне сəйкес, тереңдігі біркелкі болады.
Тыныс алу орталығының қызметі бұзылғанда, тыныс алу ырғағы бұзылады, тыныстық үзілістер пайда болып, тыныс алу өте терең, сирек, немесе керісінше, жиі үстіртін, біркелкі болмауы мүмкін.
Тыныс алу ырғағының бұзылу түрлеріне: Чейн-Стокстық, Биот, Куссмаульдк үлкен тынысын, асимметриялық тынысты жəне т.б. жатқызуға болады.


А – Чейн-Стокс

Ə – Биот


Ə


Б – Куссмауль
Б тыныстары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет