өзін-өзі анықтау, өзін көрсету, өзін жетілдіру кезеңдері жəне өзін-өзі жүзеге асыру кезеңінің психологиялық сипаттамасын ұсынады: өмір мəні- шығармашылық- денсаулық. [2] Шығармашылық педагог денсаулығының негізгі факторының бірі болып саналады. Шығармашыл педагогтар өздерін жақсы сезінеді, өз қызметінің рахатын сезінеді. Сонымен, еңбек ұжымындағы тұлғааралық байланыстар – түрлі топтардағы адамдардың өзара байланыстарының жүйесі. Тұлғааралық байланыстар ұжымдағы əлеуметтік-психологиялық климаттың негізгі базасы болып табылатын, яғни алғашқы танысудан бастау алып, өзара, бірігіп əрекет ететін байланысқа дейін жететін күрделі үрдіс. Осылай педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық байланыстар ұжымда əлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастырады. Əлеуметтік-психологиялық климат жеке адамға жағымды немесе жағымсыз ықпал етеді.