Тақырыбы: Төрлет, төрлет жаңа жыл! Мақсаты



бет1/3
Дата09.12.2023
өлшемі21.37 Kb.
#486003
  1   2   3
жаңа жыл


Тақырыбы: Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі екендігін сезіндіру, аяз атамен ақшақардың сиқырын көрсету. Тақпақ, би, үйретіп бала бойындағы өнерін ашу.
Безендірілуі: Жаңа жылдық мерекеге сай етіп безендіру.
Барысы:


Оқушы: Жаңа жыл жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл дала ырысы, дала гүлі
Жаңа жыл тұнық көзі тыныштықтың 
Жаңа жыл ұлы ақынның жыр кемесі
Оқушы: Жаңа жылым жол болсын 
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет, жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын.
Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Хоровод: «Туылып шырша орманда».
Ал балалар, біздің сыныбымыз жаңа жыл мерекесіне сай етіп безендірілген, шыршамызда бар енді, бізге кімдер жетіспейді екен?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар
Олай болса, ортамызға Аяз атамыз бен Ақшақарды шақырайық. «Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар» музыка әуенімен топқа кіреді.
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Сәлеметсіңдер ме ата-аналар.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Денсаулықтарың мықты болсын.
Ескі жылда бірге болдық,
Жаңа жылда бірге болсын.
Ешқайсыңды ұмытқаным жоқ.

Міне, біздің оқушылар!


Бәрі-бәрі осында, мен сендерге таныспын ба?
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіңдер ме, достарым!
Шыршаларың қандай тамаша?
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне, әсем шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
«Қолындағы таяқшамен шыршаны жағады»
Оқушы: Көрсін біздей балғынды
Көңілденсін ол енді
Шырқатайық ән жырды
Шырқатайық өлеңді.
Жүргізуші: Аяз ата балалардың сізге арнаған әнін қабыл алыңыз. «Таяғы бар қолында»
Аяз ата: Рахмет қарақтарым, тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: Жаңа жыл бұл ғажап мереке, жаңа жылда үлкендерден әр түрлә өнерлерді үйреніп, Аяз ата келгенде сол өнерлерін көрсетіп сыйлық алғысы келмейтін бала кемде кем. Ендеше, балаларымыз өздерінің жаттаған жаңа жылдық тақпақтарын айтып беруге ортаға шақырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет