Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.
Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .
Алмасу буфері (Clipboard)
- операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.
Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау,
баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады:
Жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.
1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).
2. Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.
3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.
4. Қосымша терезесін жабыңыз.
5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.
6.Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.
7 Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.
2 – жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.
1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.
2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.
3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .
4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.
5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.
6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.
7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.
8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.
9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.
10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.
11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
1-кестедан алынады)
-
С дискісінде өз нұсқаңызға сәйкес файлдық құрылым жасаңыз /Кестедегі 1- тапсырма/.
-
Справка.txt файлын кестедегі өз нұсқаңыздағы құрылымға сәйкес орналастырыңыз /2-тапсырма/.
-
Справка.txt файлын сәйкес бумаға көшіріңіз және атын өзгертіңіз /3-тапсырма/.
-
Зертханалық жұмыс тақырыбын, бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз .
1-кесте