Дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары № Жұмыс түрлері



бет1/20
Дата21.12.2023
өлшемі2.34 Mb.
#487183
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Бейметалдар тарауын оқыту барысында окончательный (4)

Қaзaқстaн Республикaсының Бiлiм және ғылым министрлiгi Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгогикaлық университетi


«Қорғауға жіберілді»
Жаратылыстану және география институты Химия ББ
Мукатаева Ж. С.
2023 ж


ДИПЛОМДЫҚ ЖОБA




Тaқырыбы: «Бейметалдар тақырыбын оқыту кезінде оқушыларға экологиялық тәрбие қалыптастыру»


Aлмaты, 2022



Дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары





Жұмыс түрлері

Уақыты

Орындалуы
туралы белгі

1

Зерттеу бағдарламасын құру

2021ж. қазан

Орындалды

2

Тақырыпты аналитикалық
шолу

2021ж. қазан

Орындалды

3

Бастапқы эмпирикалық
деректерді жинау

2021ж. қараша

Орындалды

4

Алынған ақпаратты өңдеу
және талдау

2021ж. қараша

Орындалды

5

Жобалау- есептік
жұмыстарды орындау

2021ж.
желтоқсан

Орындалды

6

Дипломдық жобаның
мәтіндік бөлімін дайындау және безендіру

2022ж. қаңтар

Орындалды

7

Көрнекілік (графикалық) материалдарды дайындау
және рәсімдеу

2022ж. ақпан

Орындалды

8

Баяндама, демонстрациялық
бөлімдерді дайындау

2022ж. наурыз

Орындалды

9

Дипломдық жобаны қорғау

2022ж. маусым

Орындалды

Тапсырма берілді 2021ж.





Ғылыми жетекші:

.

Студент:




Студент:




Студент:



МАЗМҰНЫ


Дипломдық жоба кіріспеден, 3 тараудан, 2 кестеден, 19 суреттен, қорытындыдан, 27 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.





КIРIСПЕ....................................................................................................

3

І. ЭКОЛОГИЯ МАҢЫЗЫ ЖАЙЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК




1.1. Экологияның aшылу тaрихы...........................................................

6

1.2. Экологиялық тәрбиенің маңыздылығы..........................................

8

1.3. Әлем зиянды тәжірибені тоқтатуы қажет.......................................

11

ІІ. БЕЙМЕТАЛДАР ТАРАУЫ




2.1 Бейметал қосылыстары(S, N, P).......................................................

16

2.2 Бейметалдар тарауындағы элементтердің (S, N, P) экологияға әсері.................................................................................................................

22

ІІІ. БЕЙМЕТАЛДАР ТАРАУЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БІЗДІҢ ЖАСАҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕР




3.1 Рөлдік ойын, дөңгелек үстел, сапалық реакция ...........................

25

3.2 Сайт бағдарламасы және нәтижесі...................................................

30

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................

38

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI.......................................

39

ҚОСЫМШA.............................................................................................

41

КIРIСПЕ


Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.


Экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына зиянын тигізумен қатар, әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық шаруашылығы тұрақты дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы мүмкін. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делінген [1].
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз білім беру мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданып жатыр.
Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластануға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге көңіл бөлінгендіктен оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі [2].
Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» (1993 жыл) [3] және «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» (1994 жыл) атап көрсетілген [4].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет