«Халықтардың дамуы мен шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің қалыптасуында географиялық және экологиялық фактор үлкен рөл атқарады»
Л.Н. Гумилев
Қалыптасуы
Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелей әсер еткен.
Ежелгі тұрғындар табиғаттың өзгеруіне байланысты егіншіліктен мал шаруашылығына көше бастады.Себебі жер құнарлығы төмендеп, эрозия ұшырады. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделіп,әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбір етті.Cосын ежелгі тұрғындар мал шаруашылығына ауысты. Көшпелі малшаруашылығына көшу себептерінің бірі- жылқыны қолға үйрету еді.
Көшпелі өмір салты малды жау шапқыншылығынан және табиғат апаттарынан аман сақтап қалып отырды.
Ата-бабаларымыз жайылымдардың табиғи тепе-теңдігін сақтау мақсатында кішігірім рулық бірлестіктерге бөлініп, белгііл жер көлемі шеңберінде көшіп қонды.
Қазақ халқының дәстүрлі шарушылығы көшпелі, жартылай көшпелі,отыршылық тұрғыда дамыды
ХХ ғасырдың 20-жылдықтарының соңы мен 30-жылдықтарының басында қазақтарды күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру салдарынан орын алған ашаршылықта республика халқының жартысына жуығы қазаға ұшырады.
Жергілікті халық санының күрт кемуіне әкеліп соқты. 1950 жылдардағы ескерілмей жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты нәтижесінде құнарлы жерлердің 10млн гектары эрозияға ұшырады. Сондай-ақ мал шаруашылығын жүргізудегі кеңестік әдістер еліміздегі тағы 55 млн гектар жержің тозуына әкелді.