Жоба
2016 жылға арналған асыл
тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын
арттыруды субсидиялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Қоса беріліп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар;
2) 2-қосымшаға сәйкес субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер, сондай-ақ субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүтелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы «___» _________ № ___ қаулысына
1-қосымша
Субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар
№
|
Субсидиялау бағыты
|
Өлшемдер мен талаптар
|
1
|
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналығын қолдан ұрықтандыру шығынын 100 пайызға дейін өтеу
|
меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе
лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі
|
штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті
|
2
|
Ірі, шырынды, құрама жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату
|
|
ет бағытындағы мүйізді ірі қара малы
|
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 50 бастан кем емес;
ірi қара малды күтiп-бағуға арналған қоралар, науалар, сумен жабдықтау, жем-шөп дайындау техникасының болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
|
сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығы,
1-деңгей
|
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан, орташа жылдық сауын сиыр 350 бастан, бір сиырдан орташа сауылым 4500 килограмнан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және асыл тұқымдық жүйе базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
|
сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының қашары,
1-деңгей
|
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және асыл тұқымдық жүйе базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
|
сүт бағытындағы
мүйізді ірі қара малы
|
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 50-ден 400 басқа дейін, бір сиырдан орташа жылдық сауылым 2500 килограмнан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
|
қойлар
|
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі қойдың аналық мал басы 300-ден кем емес;
қойды күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
|
жылқылар
|
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі жылқының аналығы 75 бастан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
|
түйелер
|
ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі түйенің аналығы 75 бастан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру базасында тіркеу;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
|
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы «___» _________ № ___ қаулысына
2- қосымша
Субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер, сондай-ақ субсидиялар көлемдері
|
Субсидиялау бағыттары
|
1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге
|
Субсидия көлемі
|
бас,
тонна
|
мың теңге
|
Мал шаруашылығы
|
1.
|
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
|
4000
|
10525
|
42100
|
Етті бағыттағы мал шаруашылығы
|
1.
|
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
|
1)
|
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы
|
18000
|
28091
|
505638
|
2)
|
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
|
20000
|
1188
|
23760
|
2.
|
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал сатып алу
|
1)
|
отандық асыл тұқымды ірі қара мал
|
154000
|
427
|
65758
|
3.
|
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату
|
1)
|
1- деңгей
|
300
|
700
|
210000
|
2)
|
3-деңгей
|
100
|
1617
|
161700
|
4.
|
Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейдегі бордақылау алаңдарына өткізу
|
24000
|
1576
|
37824
|
5.
|
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату
|
32661
|
9200
|
300481,2
|
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы
|
1.
|
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
|
1)
|
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
|
20000
|
1641
|
32820
|
2.
|
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
|
1)
|
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал
|
154000
|
150
|
23100
|
3.
|
Сүт өндірісінің құнын арзандату
|
1)
|
1- деңгей
|
37
|
6150
|
227550
|
2)
|
3- деңгей
|
15
|
90
|
1350
|
4.
|
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату
|
1)
|
1-деңгейіндегі асыл тұқымды ірі қара малының аналығы
|
330786
|
979
|
323839,5
|
2)
|
1- деңгейіндегі асыл тұқымды ірі қара малының қашары
|
251692
|
468
|
117791,9
|
3)
|
сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малы
|
67970
|
275
|
18691,8
|
Қой шаруашылығы
|
1.
|
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
|
1)
|
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы
|
1500
|
36013
|
54019,5
|
2)
|
асыл тұқымды шаруашылықтардағы қойлардың аналық басы
|
1500
|
21000
|
31500
|
2.
|
Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
|
8000
|
5690
|
45520
|
3.
|
Қой (қозы) еті өндірісінің құнын арзандату:
|
1)
|
1-деңгей
|
200
|
80
|
16000
|
2)
|
2-деңгей
|
100
|
73
|
7300
|
4.
|
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату
|
2308,6
|
38000
|
87726,4
|
Жылқы шаруашылығы
|
1.
|
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
|
40000
|
442
|
17680
|
2.
|
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату
|
92
|
113
|
10396
|
3.
|
Қымыз өндірісінің құнын арзандату
|
60
|
85
|
5100
|
4.
|
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату
|
9530
|
1758
|
16753,7
|
Түйе шаруашылығы
|
1.
|
Асыл тұқымды түйелер сатып алу
|
37000
|
125
|
4625
|
2.
|
Түйе еті өндірісінің құнын арзандату
|
90
|
50
|
4500
|
3.
|
Шұбат (биошұбат және жақсартылған шұбат) өндірісінің құнын арзандату
|
55
|
225
|
12375
|
4.
|
Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату
|
5855
|
400
|
2342
|
Облыс бойынша барлығы
|
х
|
х
|
2408242
|
Достарыңызбен бөлісу: |