Төменгі жақ сынықтары. Төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш сол тұйық шеңбер арқылы тарап оның белгілі бір жерлері сынады. Олар орталық жік, тіс ұялары, төменгі жақ бұрышы және төменгі жақ буын өсіндісі.
Клиникасы:1) Локальды ауыру сезімі. 2) Патологиялық қозғалыс. 3) Сынықтың ауытқуы. 4) Сықырлау. 5) Жақ жұмысының бұзылуы.6)Қан кету.
Бірінші медициналық көмек: Анальгетиктермен ауырсыну сезімін басу – кетотоп 100 мг, кетонал 75мг ; ауыр жағдайда стадол морадол немесе трамадол 2-4 мг б/е. Транспорттық бекіту- ноқта таңғышы, айрық тәрізді таңғыш, Шанц жағасы.
Диагностика: жалпы қарау, пальпация, рентген зерттеуі, КТ.
Емі: Сымдық жақтауларды 24-30 күнге орнату, күрделі жағдайда – хирургиялық ота- остеосинтез.
Бастың туа біткен ақаулары.
Бастың туа біткен ақауларының түрлері – микроцефалия, гидроцефалия, жұлын жарықтары, қатты және жұмсақ таңдайдын бітіспеуі- жырық таңдай, жогарғы еріннің бітіспеуі- жырық ерін. Себептері: тұқым қуалаушылық, жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекция (цитомегаловирус, герпес, токсоплазма, уреоплазма т.б), радиацияның әсері.
Қатты және жұмсақ таңдайдын бітіспеуі- жырық таңдай- көзге көрінетін ақау, туғаннан кейін бала емшекті сора алмайды, шашалып, тұншығу мүмкін соның салдарынан салмақты дұрыс қоса алмай гипотрофияға ұшырайды, анемия мен пневмония болу мүмкін. Емі- хирургиялық ота -2 этаптағы уранопластика.
Жогарғы еріннің бітіспеуі- жырық ерін кейде бөлек кездеседі, көбінесе жырық таңдаймен қосарлана кездеседі. Емі- хирургиялық ота- лябиопластика.
Микроцефалия, гидроцефалия және жұлын жарықтары басқа ішкі мүшелердің ақауларымен қосарланып кездесуі өте жиі болғандықтан летальді ақырлар пайызы өте жоғары. Абсцесс - деп ұлпалардың шектелген іріңді қабынуын айтады. Ірің жиылған жерде патогендік қабық болады да, осы қабықтың сыртына ірің шыға алмайды, жайылуына мүмкіндік жоқ. Шиқан, көршиқан, аурулары асқына келе абсцесс жағдайына әкелуі мүмкін. Этиологиясы- Стрептококк, стафилококк.
Клиникасы. Домбығу, қызару болады. Жергілікті қызу болады,қызметінің бұзылуы.
Абцесстің емі : Тілу,аспирация жасау, экстирпация.
Достарыңызбен бөлісу: |