Тақырып 3: Әлеуметтанулық зерттеулер



бет1/3
Дата08.02.2024
өлшемі203.5 Kb.
#491327
түріБағдарламасы
  1   2   3
тақырып 3


Тақырып 3: Әлеуметтанулық зерттеулер

1. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Іріктеу.


2. Әлеуметтік зерттеулердің кезеңдері
3. Ақпаратты жинау негізгі әдістері (құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама, тәжірбие).
4. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.


Қоғамды зерттеу
Мәселен, әлеуметтанушылар зерттейтін нашақорлық, отбасы бақыты, жоқшылық сияқты проблемалар сізді де бұрыннан алаңдатып жүруі мүмкін. Неге біреулер отбасы бақытына кенелсе, екіншілері бақытсыз болып жатады? Неге кейбіреулер заң бұзады, ал басқалары заңға бағынады? Бұл сұрақтарға қатысты өзіндік пікіріңіз де қалыптасқан шығар. Әлеуметтану – адамның әлеуметтік мінез-құлқы туралы тү­сініктемелерді сыни тұрғыдан зерттейтін академиялық ғылым. Ол нақты болған жайттарды бақылап, межелеу арқылы қоғамдық орта туралы түсінігімізді жақсартуға бағытталған. Әлбетте, әлеуметтанулық зерттеулер – білім алудың бірден-бір құралы емес. Кейбір адамдар керекті нәрселерін Библиядан, Құраннан немесе «Мормон кітабынан» алады. Басқалары жауаптарын ата-аналарынан, теледидардан немесе интернеттен табады. Мұндай адамдардан: «Осының шындық екенін қалай білесіз?» – деп сұрасаңыз, «Анам айтты», «Дейли Шоу» бағдарламасынан көрдім» немесе «Уикипедиядан оқыдым», – деп оңай жауап қайырады.
Білім алудың бұл тәсілдерінен әлеуметтанудың ерекшелігі сонда, ол – эмпирикалық дәлелдерді қажет етеді әрі оны басқа бақылаушылар қарапайым сезім мүшелерінің көмегімен растауға міндетті. Біз оны көріп, естіп, иісін сезіне алуымыз керек әрі ол осы кітаптың ке­ле­сі тарауында айтылатын объективті дәлелдің ғылыми критерийле­ріне сай келуі тиіс. Ал күнделікті өмірде біз бейресми деректерге12 сүйенеміз, яғни жүйесіз, кездейсоқ дәлелдерге немесе өзіміз көрген немесе естіген оқиғаларға негізделген мәліметтерге сенеміз. Мысалы, әкеңіз – Пуэрто-Рико азаматы, ал анаңыз ағылшын делік, олар жиі ұрсысып қала беретін болса, сіз «ұлтаралық некелер сәтсіз болады» деген қорытынды жасайсыз. Ал әлеуметтанушылар мұндай тұжырымға келмес бұрын лайықты ғылыми әдістерді пайдалана отырып, халық­тың көп бөлігіне зерттеу жүргізеді, сөйтіп, жан-жақты дәлел іздейді. Бейресми деректер 
жаңа идеяларды сынау үшін және тұжырымдамаларды түсіндіру үшін өте пайдалы, бірақ әлеуметтік қорытынды шығару үшін жеткіліксіз.
Барлық зерттеудің екі негізгі мақсаты бар: біріншісі – нақты сипаттама, екіншісі – нақты түсіндірме. Әлеуметтануда біз, алдымен адамдардың өзара әрекетке түсуінің нақты сипаттамаларын анықтаймыз. Мәселен, «Қанша адам некеге тұрады және олар кімге үйленеді?», «Қандай адамдар балаларына қол көтеруге бейім?», «Кімдер мектептен шығып қалады?» деген сауалдарға жауап іздейміз. Бұдан соң сол заңдылықтарды түсіндіруге тырысамыз. Яғни «Адамдар неге үйленеді?», «Неге кейбіреулер балаларын ұрып-соғады?», «Неге балалар оқи алмай, мектептен шығып қалады?» деген сұрақтар қоямыз.
Зерттеушілер әдетте тапқан нәтижелерін басқалар ғылыми жаңалық ретінде қабылдауы үшін қалыпты амалдарды қолданады. Әлеуметтік зерттеулерде қолданылатын амалдар зерттеу әдістері, статистика және теорияны түзу туралы сабақтарда кеңінен қамтылады. Егер ғылыми зерттеудің нәтижелерін сауатты түрде пайдаланғыңыз келсе, онда әзірге сіз түсінуге тиіссіз деген бірер идеяны ғана таныстырамыз.
Біз жалпы зерттеу барысындағы бес қадамды және соларға сәйкес зерттеудің негізгі үш тұжырымдамасын – айнымалы шамаларды, операциялық анықтамаларды және сынама алуды талдаймыз. Бұл қадамдар «Ұғымдар қорытындысы: зерттеу процесі» бөлiмiнде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет