Тақырып. ҚАзақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында



бет1/2
Дата16.05.2024
өлшемі27.35 Kb.
#501328
  1   2
Дәріс 7.Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1)

  1. ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА.





    1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ірі әскери қақтығыс болды. Соғысқа Жер жүзі халқының 80% құрайтын 61 мемлекет қатысты. Соғыс әрекетттері Еуразия, Африка, Тынық мұхит аралдары елдерін қамтыды. Соғысқа қатысқан елдердің әскер қатарында 110 млн адам есепте болды. Еікніші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылды. Бұл соғыс ең қырғын соғыстардың қатарында. Соғыс жылдарындағы адам шығындарының саны шамамаен 65-67 млн-ға жеткен. Олардың тең жартсы бейбіт тұрғындар болатын. Соғыс жылдарында аса зор материалдық байлықтар және құнды тарихи мәдениет ескерткіштері қиратылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс Германияның 1939 жылы 1 кыркүйекте Польшаға шабуылымен басталды. Герман әскерінің соғыс жоспары Англия мен Франциянын соғысқа кіру мүмкіндігін есепке алды. Сондықтан Польшаны «Қауырт соғыс» барысьпіда талқандап, сонан соң әскерді батысқа әкетілу жоспарланды. Осы үшін вермахтың жаяу әскерінін 2/3-і Польшаға қарай шоғырлаңдырылды, бұл поляк әскерінен едәуір көп еді. Неміс авиациясы әуеде үстем болды: қалаларды, транспорттарды және жолдарды бомбылап, бейбіт халық арасында үрей туғызды, поляк әскеріне мобилизациялауды және оның шекараға жылжуын тежеді. 16 қыркүйекте Польша астанасы Варшава қоршалды. Қоршалған Варшава ғана 28 қыркүйекке дейін күресті. І7 қыркүйек 1939 жылы поляк үкіметі елді тастап кетті. Дәл сол күні кеңес әскері Польшаға енді.
1939 жылы 28 қыркүйекте Брест қаласында неміс және кеңес әскерлерінің бірлескен шеруі өтті, сол күні достык және шекара туралы кеңес-герман келісіміне кол қойылды. Бұл келісім Польшаның бөлшектенуін тіркеді және кеңес-герман шекарасы сызығын нақтылады. Польша Германияның қарулы агрессиясының, сондай-ак нацистердің нәсілдік теориясының алғашкы қүрбаны болды. Поляк интеллигенциясын, еврейлерді жаппай кыру басталды. Енбек міндеттілігі енгізілді, жүз мыңдаған поляктар еріксіз Германияға жұмысқа айдалды.
Империалистік державалар екі топқа бөлінді: бір жағынан гитлерлік Германия бастаған фашистік мемлекеттер (Жапония, Италия), екінші жағынан Ұлыбритания, Франция, АҚШ және олардың одақтастарының коалициясы. Фашистік мемлекеттер үкіметі өз елдерінде толық демократиялық бостандықтарды жойды, коммунистік партияларға тыйым салды, кәсіподақтарға бакылау орнатты, ашық саяси террор жүргізді. Фашистік мемлекеттер сыртқы саясатта агрессиялык жолға түсті. Фашизм бүкіл прогресс, демократия, бостандықдық сүйгіш күштердің басты қаупі, ал гитлерлік Германия дүинсжүзілік реакциянын сокқы беруші күші болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс империалистік мемлекеттер арасында әлемдік үстемдік үшін күрестің шиеленісуінен туындады. Сондай-ақ, социалистік даму жолына түскен КСРО-ны империалситік мемлекеттер өздерінің ортақ жаулары санады.
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы үш ірі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – 1 қыркүйек 1939 жылдан – маусым 1942 жылға дейін. Бұл кезең агрессорлар күшінің басымдығымен, соғыс аймағының кеңеюімен сипатталады. Екінші кезең – маусым 1942 жыл – каңтар 1944 жыл; соғыстың барысында түбірлі бетбұрыс басталып, басымдылық та, күш те антитлерлік коалиция елдерінің қолына көшкен кезең. Үшінші кезең - қаңтар 1944 жыл – 1945 жылдың 2 кыркүйегіне дейін; соғыстың қорытынды кезеңі, оның барысында антигитлерлік коалиция елдері басымдықпен жеңіске жетті, басқыншылар тізе бүкті.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың негiзгi қорытындысы. КСРО, АҚШ, Франция және Ұлыбритания мемлекеттерінің бірлескен іс-қимылдары нәтижесінде фашизм талқандалды. Фашистік мемлекеттер Германия, Италия және Жапония жеңілді. Фашизм қоластындағы халықтар күрес жүргізіп, өз тәуелсіздіктерін орнатты. Фашистік Грмания мен милитаристік

Жапонияны жеңуде КСРО халықтарының Ұлы жеңісі маңызды рөл атқарды, соғыстың негізгі ауыртпалығын КСРО мемлекеті көтерді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет