Тақырып: Қазақстан Республикасы білімімен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы



бет1/2
Дата25.05.2022
өлшемі71.5 Kb.
#458627
  1   2
48. Дәріс


Тақырып: Қазақстан Республикасы білімімен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы

Мақсаты:
Әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ену үшін білім саласында жасалған қадамдарға тоқталу.


Жоспар:
1. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер
2. Білім беруді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламалар

1.Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды:


1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);
2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар);
3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар);
4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең) [1].
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), бастауыш буын {1-4-сыныптар), негізгі буын (5-9-сыныптар), жоғары буын 10-12-сыныптар) деп бөлінген үш сатылы мектеп жүйесін енгізді,
«Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл),
«2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл),
«2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген [2,3].
«Казакстан-2030» Стратегиясының негізінде 2004 жылы ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы өзірлеңді. Ол дамудың мынадай бағыттарын қарастырды:

  1. 12 жылдык жалпыға бірдей орта білім беру тұжырьымдамасы: 6 жастан бастап оқытумең 12 жылдык жалпыға бірдей орта білім беруге көшу.

  2. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беруді жасау.

  3. Академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіптік мамандар дайындаудын үш сатылы моделін жасау: бакалавриат - магистратура - докторантура {PliD)L

  4. Білім беру сапасының Ұлттық жүйесін кұру.

Бағдарламяны іске асыру барысында білім беру сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі кұрылды. Ол тәуелсіз сырткы бағалау элемекттерін {лицензиялау, аттестаттау, Ұлттык бірыңғай тестілеу (ҰБТ)1. талапкерлерді кешенді тестілеу жене баскаларды) қамтыдъг. Ұлттык, бірыңғай тестілеу 2004 жылдан бастан Казакстан Pecпуб икасының барлык мектептерінде енгізілді. Қазақстандық жоғары оку орындарына білім беру грантына окуға түсу ҰБТ кәтижелеріне байланысты болды.
Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық үлгісін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:

  1. жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;

  2. жоғары ғылыми-педагогикалық біліммагистратура –«магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;

  3. докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.

Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім беру бағдарламаларының диапазонының кеңеюі мен олардың рыноктық экономика талаптарына сәйкес икемділігі мен шоғырлану дәрежесін күшейтуге бағытталған. Жоғары білімнің бұл моделінің жүзеге асырылуы өзінің өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетті, сол сияқты оның келешекте әрі қарай өзгертілу қажеттілігін пайымдады. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің үш деңгейлі, моделінің даму бағыттары майда мамандықтар түрін қысқартып, оларды кеңірек пәндерге/ бағдарламаларға біріктіруді, бизнеспен өзара әркеттестікті арттыруды, түлектердің еңбек рыногындағы қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды. Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуының келесі бір жағымды тұсы – институционалдық құрылымдардың, оқыту бағдарламалары мен формаларының әртараптандырылуы, олардың университеттік білім беру жүйесіне бейімделуі. Қарастырылып отырған үдерістің маңызды бір тұсы жеке білім беру секторының дамуы мен кеңеюі болды. 2012 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының саны 139 болса, олардың 66-сы жеке меншік иелігінде болды.
Білім беруді дамытудың 2011—2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2010 жылы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Көптілді (үш тілді) білім беру стратетиясы. 2007 жылдан бастап елде казак, орыс және ағылшын тілдерін тереңдете оқуға және жаратылыстану мен математикалық пәндерді ағылшын тілінде окытуға бағытталған көптілді білім беру стратегиясы іске асырыла бастады.
2013 жылдан бастап Казақстанның барлык мектептерінде 1-сыныптан бастап ағылшын тілін: окыту енгізілді.
Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016—2019 жылдарга арналған Meмлекттік бағдарламасы қабылданды.
1992 жылы «Ғылым және ғылыми-техникалык саясат туралы» КР Заңы кабылданды. Ғылым академиясы Ұлттық Ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) болып езгертілді.
2008 ж. дарынды балаларға арналған «Зияткерлік мектептер» жобасы іске қосылды.2011ж. қаңтарда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» туралы ҚР заңы қабылданды.
Казакстандағы зерттеу университетінің алғашқы үлгісі 2010 жылы Нұр-Сұлтан- дағы «Назарбаев Университеті» болып табылады,
»Серпін-2050» Бағдарламасы,
Қазақстанда 2014 жылдан ба­стaп «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға!» ұранымен өтетін «Серпін-2050» мемлекеттік білім беру бағдарламасы қолданылып келеді Бұл Бағдарлама елдің білімдік және енбек ресурстарын бөлуге жәрдемдеседі. Бағдарлама шеңберінде елдің еңбек ресур­стары мол оңтүстік өңірлерінен {Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстары) Казақстанның жұмысшы мамандары жетіспейтін солтүстік, шығыс және батыс облыстарына оқу көші-коны жүзеге асырылады.

Жаңа ғасырға адамзат өмiр салтын түбегейлi өзгерткен аса көрнектi ғылыми және технологиялық жетiстiктермен бара жатыр. Iргелi және қолданбалы ғылымның нәтижелерiн практикада тиiмдi пайдалану адамзатты тұрақты дамытудың аса маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты, Қазақстан үшiн отандық ғылымды елдiң әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуының аса маңызды факторына айналдыруға арналған бағытты жасау және оны өмiрге енгiзу республиканың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарына сәйкес мемлекет экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн экономикалық әлеуетiн арттыру өзекті мiндет болып табылады.


Қазiргi кезеңдегі саяси және әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу мемлекеттiң нысаналы ғылыми-техникалық саясатын талап етедi, ол әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi перспективалық ғылыми бағыттарды және ғылыми кадрларды даярлаудың жүйесін сақтау үшiн қажетті жағдайлар жасау, ғылым мен техника дамуының басым бағыттарын айқындау, қолда бар ресурстарды осы бағыттарда шоғырландыру, бүкiл ғылыми-техникалық кешенді реформалау және өнеркәсiптi дамытудың ел үшiн жаңа технологиялық базасын жасау, ғылыми салада жұмыс iстеудiң нарықтық экономикаға тән жаңа тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдаған болатын. Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының осы тұжырымдамасы алдағы 5-10 жыл өтпелi кезеңдегi мiндеттердi шешуге лайықталып әзiрлендi және ғылыми-техникалық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, экономиканы инновациялық дамытудың және бәсекеге қабiлетті ұлттық экономиканың құрылуы мен оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн, оның ресурстық мүмкiндiктерiнiң осы заманғы талаптарына жауап беретiн ғылыми-техникалық әлеуеттi қалыптастыруға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет