Тақырып Дін социологиясы. Білім социологиясы



Дата17.07.2016
өлшемі19.76 Kb.
#205095
Тақырып 7. Дін социологиясы. Білім социологиясы
Діндер іштей әлемдік дәне дәстүрлі діндер болып бөлінеді. Әлемдік діндер қатарында – христиандық (сенушілері 2 млрд-тан асады), мұсылман (1,5 млрд-тан астам), индуизм, иудаизм, бахаи (соңғысы соңғы ғасырларда өмірге келген). Әлеуметтану ғылымы негізінен діндер мен әлеуметтік қатынастардың арабайланысын, оның әркелкі қырларын зерттейді.

Діни ұйымдарға жататындар: мешіт пен шіркеу, секталар, деноминация жєне культ. Мешіт пен шіркеу - дінніњ конституция негізінде мемлекет пен мектептен бµлінгеніне қарамастан, қоѓам қойнауында қызмет ететін арнайы єлеуметтік институттар. Деноминация - (сенімдік ілім) шіркеу (мешіт) мен секта аралыѓындаѓы діни құрылым. Ол қоғаммен қалыпты арақатынас ұстауѓа тырысады.

Жаһанданушы әлем ХХІ ғасырдың басында дінді саяси мақсатқа пайдалану, діни әркелкілікті қажетті саяси ахуал жасауға пайдалану ниеті артып отыр. Оның үстіне бай және кедей елдер мен жеке елдердегі байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік және экономикалық алшақтықтың тереңдеуі діни және әлеуметтік өшпенділікті қоздыруда. Терроризм мен ланкестіктің қаупі барлық елдерге бірдей қорқынышты жағдай қалыптастыруда. Сол себепті Қазақстан мемлекеті аталған қауіп-қатердің алдын алуға діндердің, дінге (құдайға) сенушілердің өзін жұмылдыру, дінбасылардың ықпалын бейбітшілік пен әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бағдарлау мақсатында Астана қаласында өткізілген әлемдік және дәстүрлі дін басыларының 2003 және 2006 жылғы съездерінің бастамашысы және ұйымдастырушысы болды. Маңыздысы, 2- ші съездің тек діндер мен дінаралық қатынастарға ғана емес, бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін аса зор маңызы бар Декларацияның қабылдануы.

Білім - адамзат жинақтаған єлеуметтік тєжірибе. Оны игеру ‰шін адамныњ µмірі жетіп болмайды. Сондықтан оқу бағдарламалары, білім стандарттары, оқу жоспарлары керекті білімніњ µлшеуін тауып, сол өлшем шењберінде оқытып білімдендіреді. Сол µлшемдерге сай оқулықтар жазылады. Осыдан келіп, «Бағдарламалар мен оқулықтарды кімдер жасайды және олар өскелењ жастар мен қоѓамның сұранысын қаншалықты терењ түсінеді?» деген сұрақтар туындайды.



Француз білім социологиясына тєн тағы бір ерекшелік – ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары мектепке дейінгі білімді зерттеудіњ социология ѓылымыныњ µзіндік баѓыты ретінде қалыптасқаны (Ф. Арисс, Ж. Желли, Л. Болтански, Ж. Шамбередон, Р. Будон, Ф. Бурикко т.б.). Ерте жаста балаларды тєрбиелеудегі отбасы мен балалар мекемелері қызметініњ сабақтастыѓының жєне қоғамдық ортаныњ ролін ерекше атап көрсетуі француз білім социологиясыныњ жетістігі. Франциялық єлеуметтанушылық дәстүр қазіргі ЮНЕСКО-ныњ барлық елдерде, соныњ қатарында Достастық кењістігінде іске асыруға бағытталған «Білім – барлығы үшін!» қозғалысының негізіне алынған.

Қазақстанның да өркениетті болашағы – барлық азаматтарының білімді және мәдениеттілігінде. Білімдік экономикаға ұмтылыстың негізі де осында.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет