Тақырып Экологиялық жүйелер, функциялары, энергия алмасуы және заттар айналымы



бет6/6
Дата14.10.2023
өлшемі93.5 Kb.
#480741
1   2   3   4   5   6
Лекция3 Экология

Экологиялық сукцессиялар. Бірлестіктердің құрылымы белгілі бір уақыт барысында, біртіндеп қалыптасады. Мысалы, вулканнан кейінгі аралдағы бірлестіктің даму моделін қарастырайық. Ағаштар мен бұталар жалаңаш, жартасты жыныста өсе алмайды. Себебі, оларға қажет топырақ жоқ. Ал, балдырлар мұндай территорияларға қоныстанып, пионерлік бірлестік түзуге қабілетті. Ағзалардың біртіндеп жиналуы мен тау жыныстарының эрозияға ұшырауынан топырақ қабаты түзіледі.
Мұндай топырақ қабаты мүктер мен папоротниктердің өсуіне мүмкіндік береді. Кейін аталған өсімдіктерден соң қоректік заттарға сұранысы жоғары өсімдіктер – тұқымды өсімдіктер. Соның ішінде шөптер, бұталар, ағаштар қоныстанады. Белгілі бір уақытта жердегі бір биоценоздың екіншісімен алмасуын сукцессиялар деп атайды (латын тілінен аударғанда – бірізділік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу). «Сукцессия» ұғымын 1898 жылы Г. Каулсон енгізген. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, тұрақты соңғы бірлестік – климаксты бірлестік деп аталады.
Климакс (грек тілінен ауд.- баспалдақ) – берілген орта жағдайындағы экожүйенің дамуының соңғы тұрақты күйі. «Климакс» ұғымын 1916 жылы Ф. Клементс ұсынған.
Жалаңаш тау жынысы немесе топырағы жоқ беттің (мысалы, құм, бұрынғы мұздақтың орны) қоныстануынан басталатын сукцессия типін – бірінші реттік деп атайды. Екінші реттік сукцессия өсімдіктері аз, бірақ бұрын тірі ағзалардың әсеріне ұшыраған және органикалық заты бар жерде басталады. Мысалы, кесілген орман, күйген жер, тастап кеткен егіс танабы. Бұл жердегі топырақта тұқымдар, споралар, вегетативтік көбею мүшелері сақталуы мүмкін. Олар сукцессияға әсер етеді.
Алғаш рет сукцессия ілімін жасаған 1916 жылы Клементс болды. Ол Солтүстік Америка бірлестіктерін зерттей отырып, климакстық бірлестіктердің құрамын анықтайтын негізгі фактор, климат екендігі туралы қорытындыға келді. Клементс бойынша берілген климаттық жағдайда тек бір климакстық бірлестік тіршілік ете алады моноклимакс концепциясы. Қазіргі кезде поликлимакс концепциясы ұсынылған бұл концепция бойынша климакс барлық физикалық факторлардың әсерінен қалыптасады. Ал ол факторлардың біреуі немесе бірнешеуі басым болуы мүмкін (дренаж, топырақ, өрт және т.б.).
Нағыз құрлықтың климакстық бірлестігіне жапырақ түсіретін ормандар жатады. Бірінші ретті өнімнің көп бөлігі ағаш белдеуінде түзіледі, ал интенсивті ыдырау топырақ деңгейінде жүреді. Орман бірлестігінің негізгі ерекшелігі оның белдеулерге бөлінуі болып табылады. Бір биогеоценоздың екіншісіне өтуі бірден болмауы да мүмкін. Барлық уақытта экотоп деп аталатын аралық белдеу болады (мысалы, тоған мен құрлық экожүйесінің арасында батпақты кеңістік, бұталар орман мен даланы бөліп тұрады және т.б.). шекаралық белдеу үлкен болуы да мүмкін, бірақ ол шектесіп жатқан экожүйелерден жіңішке болады. әдетте экотонды бірлестіктердің едәуір түрлері, кейде тек экотонға тән түрлер кіруі мүмкін. Олардың кейбіреулерінің популяцияларының тығыздығы және түрлердің саны шекаралас жатқан экожүйелерден де артық болады. Бірлестіктер шекарасындағы тірі ағзалардың тығыздығы мен алуантүрлілігінің арту тенденциясын шекаралық эффект деп атайды.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:


1 Экожүйе құрылымы мен қызметі неде?
2 Қоректену әдісіне байланысты ағзалардың түрлері?
3 Сукцессияның қандай түрлерін білесіңдер?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет