тақырып. Этиканың заңдар жинағы мен іскерлік қасиеттердің концепциясы


Тіл- ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы



бет6/16
Дата06.10.2023
өлшемі54.65 Kb.
#479983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс 8

Тіл- ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы.
Қазақстан Республикасының “Тілдер туралы” Заңында : “ Тіл- ұлттың ұлы аса игілігі, оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы- тілдің дамуына, оның қоғамдық қызқметінің кеңеюіне тығыз байланысты” делінген.
Тілдің көмегімен өнер- білімді, ғылымды игереміз, өткен- кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Әлемді танимыз, сондықтан адам баласының байлығының біріә- сөз өнері.”Өнер алды – қызыл тіл”деген аталы сөздің астында қаншама сыр бар?
Әрбір елдің қатты күші, байлық- бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен біңге мәдени, рухани өресімен айқындалады.Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл- ойының көрінісі- тілге тікелей тәуелді. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін- келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз- ана тіліміз, қазақ тілі.
Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Ол- өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық саяси өмірдің барлық слшасын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен, срналанған стильдік нормаларымен танылған көркем тіл.
Ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас,- деп таңырқап, тағзым еткен тіл.
Сөз мәдениетінің орны.
Өмір, тіршілік адамдардың бір- бірімен қарым- қатынас жасауын қажет етеді.Олардың түсінісудегі негізгі құралы- тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз боййныда қалыптастыра білуі тиіс.
Қарым- қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортысымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы.
Қарым- қатынасата адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді.
Әдеп- сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі.
Мәдениет- адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы.
Мәдениеттің туы- тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады.
Сөз мәдениеті- сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет