Алихан Бөкейхан Университеті
Гуманитарлық факультет
Б астауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі
СОӨЖ № 14
Тақырып: Жастар тәрбиесіндегі ұлттық тәрбие.
Орындаған : Мавленова Диляра
Тобы: НО-201С
Семей қ., 2024
Бүгінгі күні қалыптасып отырған әлеуметтік-мәдени жағдайда қоғам өмірінің барлық саласында шығармашыл тұлғаның орын мен ролі ерекше мәнге ие болып отыр. Бұл ғасырлар тоғысында адамзат баласы жасаған техника мен технология жетістіктерін тиімді пайдалануда шығармашылық тұрғыдан келу қажеттігінен туындайды. Осыған байланысты педагогикалық процеске қойылатын талаптар өзгереді, себебі қазіргі әлеуметтік жағдайда жинақталған рухани жаңғыру, мәдени-тарихи мұраны игеру адамды дамытудың негізгі көзі болып табылады. Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлкеде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй – даналар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты педагогикалық ойлардың рөлі ерекше. Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс тәрбие, үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтіндей ұлттық поэтикалық шығармалар - шешендік сөздер, жыраулардың нақыл сөздерін, мақал - мәтелдерді кеңінен қолдансақ: біріншіден оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге қөзқарасын қалыптастырса, екіншіден ой - өрісін кеңейтіп, көркем сөйлеп, пікірін дәл айтып жеткізуге баулиды сөздік қорын байытады, үшіншіден балаларды жақсыға үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.
Елдің жарқын болашағы - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Келешекте балалардың отанын сүйуге, еңбекті, өнерді қадірлей білуге, үлкенді, ата-ананы құрметтеу сияқты халық педагогикасының қағидалары мен халқымыздың ақын-жырауларының асыл үлгілерін бойларына сіңіру үшін оқу-тәрбие жұмыстарына пайдаланудың ықпалы зор. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы асыл ой, жүйелі айтылған сөз, пікірдің астарлы мағынасы жас жеткіншектердің санасына жеткізіліп олардың көзқарасының қалыптасуына әсері мол. Дала жырауларының импровизация, яғни суырыпсалма өнеріне өзгеше жетік болғаны белгілі. Жырау жастарға – балаларым болды деп тоқмейілсімеңдер, артыңда келе жатқандарды адастырма, оларға өнеге көрсететін бол, әр уақытта өзім болдымға салынба, кішіпейіл, кеңпейіл бол, жұртпен босқа таласпа
«Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама», адамға шамаң келсе көмектесіп, ақылына ақыл қос дейді. Жырау осынау ізгі қасиеттердің қажеттілігін айта келіп, олардың ізгі іс – әрекетін қолдауды алға тартады. Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара, дархан даладай
мол көсіліп, кең тараған бір жанр бар. Ол - ән. Көркем де келісті, шымыр да шыншыл, бүкіл болмысымен биязы әрі мазмұнға бай қазақ әндері халықтың ұлттық сипатын айқын аңғартатын үлкен фактор болып табылады. Ән табиғатынан халық тарихымен бірге туып, етене өнер қуырып, сол өнердің ел өмірімен еншілес үндестігін көреміз. Әрбір ұлттың өзінше өмір сүру қалпы, тұрмыс –тұрқы, әдет-ғұрыптық өзгешелігі, психикалық – мінездік ерекшеліктері, түсінік – пайымдары оның өнер өрісіне үлкен әсер ететіні белгілі. Музыка өнеріндегі бұл құбылыс халықтың сол құпиясын әр алуан салада, әр түрлі бояуда әшекейлейді [2, 18 б.]. Жас буынға өз тілін құрметтеуге үйретіп патриоттық тәрбие, адамгерші-лік тәрбие беру әр ұстаздың міндеті. Ал, бүгінгі таңда мектептің мұғалімінің ең қасиетті міндеті рухани бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет – салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері шыққан түп – тамырына жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі ұлттық салт-дәстүрге байланысты озық ұстамдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетіне сай, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, ұлттық өнер, әдебиет арқылы білімдік көзқарастық қорын молайтып, қазақ халқының өмір салтына, дәстүрлеріне және ежелгі тәжірибесіне деген қызығушылықтарды қалыптастыру. Осыған орай жасөспірімдердің бойына ұлттық өнер, халық ауыз әдебиеті мазмұнындағы көркемдік бейнелердің әсіресе, бала үшін тартымды образдардың орасан зор көлемді материалдары эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Ұлттық өнер, халық ауыз әдебиеті туындыларында баланы ең алдымен мазмұнды түсінудің жеңілдігі, сөз сипатының түрлілігі қызықтырады.
Көп ғасырлық ата–бабаларымыз салып кеткен ұлттық сана-сезімді өз халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарас қалыптастыру және халық шығармашылығының өнер түрлері арқылы шығармашылық жағынан балалардың өзін-өзі танытуға, ұмтылысын дамыту білім берудің мақсаты. Жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге баули отырып, елді қорғау, ар-намыс үшін күресе білуге, өзінің дінін, салтын сақтауға, дәстүрлі ән өнері арқылы тәрбиелеу бүгінгі өзекті мәселелердің бірі деп білеміз. Өнер түрлері халықтық педагогикада балалар мен ересектер тәжірибесінің таптырмайтын құралы, әдіс-амалы, тәсілі , белгілі ережелері мен әдет-дағдылары болды, құнды адамгершілік қасиеттерін (қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, бауырмалдық, туыстық, достық, жолдастық сезім, туған жерге, елге сүйіспеншілік, ұлттық намыс, ата-баба дәстүріне сыйластық көзқарас, ұлттық өнерді құрметтеу, сақтау, отансүйгіштік, т.б.), психологиялық-эмоционалдық қасиеттерін (болмыстағы қуанышты сүйіспеншілік сезімімен қабылдау, байыптау, елестету, есте сақтау, ойлау т.б.), эмоционалдық-эстетикалық қасиеттерін (өнердегі, табиғаттағы әдемілікті, әсемдікті, сұлулықты талғаммен, сүйіспеншілік сезіммен қабылдау, ләззат алу, әсерлеу, эстетикалық тұрғыда баға беру т.б.) қалыптастырады»,- дей келе олардың маңыздылығы бүгінгі күнде тіпті артып отырғандығын дәлелдейді. Сондықтан, қазір таңда этнопедагогикалық білімге сүйене отырып, өнер салалары пәндері арқылы шәкірттердің бойына халықымыздың дәстүрін әдет-ғұрпын, өзіндік мәдениетін, өнерін игерту мақсатын да эстетикалық тәрбие беруге зор мүмкіндік бар [1, 18 б.].
Жастардың ұлттық дәстүрлі өнермен сусындап өскен рухани дүниесі бай болған сайын, олардың дербес шығармашылық еңбегі жемісті бола түсетіні аян. Себебі, көркем өнер түрлерін сабақта пайдалану, көркем әсерлермен шебер байытып отыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін, олардың әсерлілік құралдарын іздестірудегі белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі. Жастарға ән айтқызу, күй шерткізу, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе тәлім- тәрбиелілігі тұнып тұрған ақын- жыраулардың өлең- жырларын келешектің көкірегіне жеткізу бүгінгі күннің мәселесі.
Қоғамдағы демографиялық қатынастар, өткенге сол көзбен қарау, қымбат тәжірибелерді сақтап қалуға ұмтылу, ән –жырымызды, ақын-жырауларымызды есте ұстау, ұлттық салтымыз бен дәстүрімізге бет бұру жаңашыл жолдарды іздеу
– бүгінгі күні мектептегі өзгерістің өзегі осы [3, 31б.].
Халықта күміс-көмей, жез таңдай әншілер мен ақындар, сал-серілер өмір сүріп, туған елінің өткендегісі мен бүгінгісін жырлады. Соңына бағалы туындылар қалдырып, қашан да ел қамымен, оның тілек-мүддесімен бірге жүріп, біте қайнасып өтті. Қазақтың музыка фольклоры сондай озық ойлы өнерпаз өкілдерінің үлгі-өнегесінің арқасында мәңгіге сақталды.
Бүгінде музыка мәдениетіміздің мерейін тасытып, гүлдендіріп тұрған сарқылмас кәусар бұлақ, халықтың ұлттық ән мен күйі және ақындық- жыраулар мұрасындағы жастарға қатысты тәлім-тәрбиелік мәні зор ой- пікірлерін болашақ ұрпақ игілігіне пайдалану, жастардың ұлттық сана сезімінің дүниетанымының қалыптасуына ықпалы мол. Көне дәстүрлерден тамыр тартатын жыраулық дәстүрдің негізгі нысанасы- ел, тайпа, қоғам тағдыры, ата- бабаларымыздың ерлік, елдік іс- әрекеттерін кейінгі ұрпаққа жеткізу болып табылады. Жыраулық кәсіп синкреттік құбылыс әрі өнер, әрі дәстүр. Оның негізгі ерекшелігі- поэзия, музыка және орындаушылық шеберліктің бірлігінде.
Жыраулық өнер – ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, жетіліп ,өзіндік музыкалық- эпикалық репертуар тудырған тарихи- мәдени құбылыс. Бұл дәстүрдің тағы бір ерекшелігі өзіне ғана тән репертуары, сюжеті, мотиві, музыкалық мақамы мен орындау ерекшелігі болуымен қатар белгілі бір этникалық топқа қатысты мәліметтерді сақтауында.
Жыраулық дәстүрдің өміршеңдігі оның ел тарихы мен ата- баба тағылымына негізделуімен айқындалады. Батырлықты паш ететін, ел қорғау идеясына құрылған қаһармандық жырлар соның жарқын дәлелі. Ерлік рухына толы көне жыр- дастандар тайпа тарихына құрылып, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп, дамып, жетіліп отырған. Бұл олардың әдеби мәтіні мен музыкалық мақамына да қатысты нәрсе. Жыраулық дәстүрді жалғастырудың маңыздылығы осы қасиеттердің- тайпалық, халықтық, ұлттық сипаттарымен дараланды.
Халық музыкасы – қайнар бұлақ, одан сусындап нәр аласың, яғни, әр адам осы ән мен жыр, күмбірлеген күйлер арқылы өзінің тегін, ой сезімін, тарихын біліп түсінеді.
Қазіргідей өтпелі кезеңде келешек ұрпақтың санасына сіңіріп нысанамызға жеткізетін ұлы күш халықтық рухани серпіліс. Рухани серпіліске жету үшін мектеп оқушыларын тәрбиелеуде, көне ұлттық музыканы мақсатты жүйелі пайдалану арқылы жүзеге асыра аламыз.
XV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ елінің ішкі-сыртқы хал–жағдайы, көрші жұртпен ара қатынасы жаңа арнаға түсе бастады, халық арасынан сауатты, білімдар, ақылгөй адамдар бой көрсетті. Халқымыздың қоғамдық ой- пікірінің басшылары болған Асан қайғы, Қазтуғандар елге ұйытқы, ақылгөй аталған, дуалы ауызды дала философтары болды. Жыраулар мораль, этика, тәлім-тәрбие жайындағы ой түйіндерін, аса мәнді қоғамдық мәселелерме қатар, әлем, болмыс, тіршілік, табиғат жайлы терең мәнді тұжырымдарды ортаға салып отырды.
Қазақ ақын–жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Ақтамберді. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықылас ел қамы, ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты құдірет тұту олардың шығармаларынан өзекті орын алған.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған Шоқан Уәлиханов
«көшпенділер философы» атаған Асан қайғы өз заманының үлкен ойшылы болған. Асан қайғы (XIV- XV) Асан қайғы XVI ғасырда қазақ хандығын құруға ат салысқан мемлекет қайраткері, данышпан-ойшыл, ақын-жырау, асқан күші, аңыз-әпсаналардың кейіпкері. Асан қайғы шын есімі Хасан Сәбитұлы, Еділ- Жайық арасындағы Атырау алқабында 1361-1370, жылдар арасында туған) Ұлық Мұхаммедтың ақылғой би болған. 15 ғасырда қазақ халқының өз алдына ел болу мүддесіне сай Керей-Жәнібек бастаған Қазақ хандығы мемлекетінің құрылуына қолдау көрсетіп, оның жарқын насихаттаушысы болған [4, 58 б.].
Біздің заманымызға Асан қайғының әйгілі өлеңдері, көптеген нақыл сөздері жеткен.
Құйрығы жоқ , жалы жоқ, Құлан қайтіп, күн көрер!?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып
Таздар қайтіп күн көрер
Ел ауызында сақталған аңыз-деректерде: Өзбек ұлысын билеген Әбілқайыр мен Әз Жәнібек қырғиқабақ болып жүргенде Алаштың атақты жырауы Асан қайғы олардың арасынан алауыздық тумасын деп, Әбілқайырдың зауқын басады, домбырамен күй тартып көңілдендіріп отырады. Сондағы жыраудың айтқаны:
Тақсыр-ау ұнатсаңыз қаршыңмын Ұнатпасаң жай жүрген алашыңмын Жолым ақ, қолым таза, өзім адал Бөтенше бола аламын қалайша мен.
Соның ішінде «Қорқыт Ата кітабындағы» аңыз-әңгімелер құрғақ қиялдан емес, тарихи оқиғалар негізінде туған. Сол көне заман адамдарының достық, қастық, жақсылық, жамандық, ар-намыс, адамгершілік тағы басқа толып жатқан мәселелер жөніндегі түсінік ұғымын бұл жырлар бүгінгі ұрпаққа айна- қатесіз, бұлжытпай жеткізіп отыр [4, 19 б.].
Қорқыттың нақыл сөздері:
- Тәңірі бермейінше, ер байымас.
Әзелде жазылмаса,
құл басына қаза келмес,
ажал уақыты жетпейінше,
ешкім де өлмес.
Ер жігітке қарақұрым мал бітсе,
жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несебісінен артығын жемес.
Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз толмас.
Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес.
Көңілі пасық ерде дәулет болмас.
Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас,
ол ішіп-жер , киер де кетер, бірақ көрдім демес.
Күл – төбе болмас, күйеу бала – ұл болмас.
Қара есек – басына жүген кигізсең де тұлпар болмас.
Күңге қамқа тон жапсаң да ханым болмас.
Жапалақ – жапалақ қар жауса, жазға қалмас.
Ескі қамыс – біз болмас. Е
желгі дұшпан – дос болмас.
Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.
Күндердің жақсысы – жұма күні көрікті.
Жұма күні оқыған құтба намазы көрікті.
Құлақ қойып тыңдаған үмметі көрікті.
Жұма күні оқыған құтба намазы көрікті.
Құлақ қойып тыңдаған үмметі
көрікті. Мұнарада азан шақырған мәзін көрікті. Тізесін бугіп отырған инабатты әйел көрікті. Самай шашы ағарған баба көрікті. Өнегелі бала көрікті.
Жырау жастарға– тоқмейілсінуге болмайтындығын, артыңнан ілесіп келе жатқан ұрпаққа үлгі болуды, өнегелі, кішіпейіл, кеңпейіл бол, жұртпен босқа таласпа «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама», адамға шамаң келсе көмектесіп, ақылына ақыл қос дейді. Жырау осынау ізгі қасиеттердің аса қажеттілігін айта келіп, ізгі іс– әрекетті қолдауды оң іске бағалайды.
Қазтуған жырау. (XV ғасыр). Қазтуған Сүйенішұлы Ресейде Астрахань маңындағы Қызылжар деген жерде 1420-1430 жылдары туған, ру көсемі, ел қорғаған батыр, жырау-ақын, сазгер-күші. Қазтуған жырау өзі туралы:
Алаң да, алаң, алаң жұрт, Ағала ордам қонған жұрт Атамыз біздің бұл Сүйініш Күйеу болып барған жұрт. Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт [4, 12 б.].
Халық философиясы дүниетанымы Асан қайғы, төле би, Әйтеке би, Бұқар жырау, базар жырау т.б. дара тұлғалар халықтың, елдің тағдырын толғаған кемеңгерлер арқылы дамыды. Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымына талдау жасайтын болса, Шалкиіз жырау- дана, ақылдылығымен ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шыға білді. Өзінің мол рухани мұрасын шығармаларында нақытылық, ықшамдылық, ойнақылық, тереңдікті бейнелейді.
Ақтамберді жырау – шығармалары нақыл сөздерге толы. Ел мүддесін қорғауға, елді бірлікке, ерлікке шақыра білді. Өз жырларында халықтың ой арманын, мақсат-мүдделерін, болмысын дүниеге өзіндік көзқарас арқылы аңғарта білді. Елі үшін еңіреген ерлердің бірі – Ақтамберді жырау шығармалары негізінен нақыл, аффоризмдік толғауларға толық келеді. Халқымыздың тіршілік тынысы мен кәсібі, мінез-құлық ерекшелігі, ақынның жастарға айтар өсиеті, өмірге деген көзқарасы оның толғауларынан айқын көрінеді. «Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады»- деп бағалаған жырау:
Жігіт жанды бұласа! Ел шетіне жау келсе Алдыңа, сірә, дау келсе Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса! – деп жігіттің жігіттігі өлім мен өмір белдескен қан майданда сыналмақ дегенді меңзейді. Қол бастаған батыр соңынан ерген сарбаздарына:
Жалтыра шапсаң жау қашпас, Жауды аяған бет таппас
Уа, жігіттер жандарың
Жаудан аяй көрмеңіз… деп ұрандайды «Халық үшін жан пида» деп қол бастап жүрген батыр елінің бас бостандығы үшін жан аямай жаумен кескілесе күресіп жүргенін сөз етеді. Ақтамберді батыр астына арғымақ мініп, үстіне ақ кіреуне сауыт киіп, қоңыраулы найза қолға алып, ту көтеріп жауға атой салудағы мақсатын:
Кеуде бір жерді жол қылсам, Шолақ біржерді көл қылсам, Құрап жанды көп жиын
Өз алдына ел қылсам, - деп тебіренеді. Бұл нағыз елін, жерін сүйген патриот ұлдың арманы. Адамгершілік қасиет отбасындағылардың бірін-бірі қадірлеуінен, әке-шешелеріне ерекше құрмет көрсетуінен көрінбек. Бұл халық педагогикасының ежелгі қалыптасқан дәстүрлі көзқарасы. Осыны ойға қазық, тілге тиек ете отырып, көпті көрген көне жырау:
Меккені іздеп нетесің Меккеге қашан жетесің Әзір Мекке алдыңда Пейіліңмен сыйласаң
Атаң менен анаңды! – деп ата – анаңа көрсеткен сый – құрметін құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара-пар деген ойды білдіреді. Жырау осы өнегелі өсиетін келер ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат етіп:
Балаларыма өсиет
Қылмаңыздар кениеп. Бірлігіңнен айырма, Бірлікте бар қасиет Татулық болып береке
Қылмасын жұрт келеке, - деп ел бірлігін, жанұя татулығын, достық пен ұйымшылдықты дәріптейді. Ұйымшыл, берекелі, бірлікшіл болыңдар, адал еңбек ет, еңбекті, егіншілік, қолөнер кәсібін қастерлеңдер дейді.
Бұқар жырау – дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ екенін, өмірдің күнделікті өзгерістерге ұшырып отыратындығын көрсете келе, сол өзгерістердің тек тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта, табиғатта да болатынын айта білді. Ақын – жырауладың ішіндегі биік тұлғаның бірі – Бұқар Қалқаман ұлы, Абылай ханның ақылшысы, қабырғалы билерінің бірі. Бұқар ел қорғаушы батырдың, сөз бастап, дау шешуші бидің үнемі әділдікті жақтауын қалайды. Елдің біркелкі бірлікшіл болуы ел басшысына байланысты деп:
Ел иесі құт болса Халқы ала болмайды. Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы, - деп халық қамын ойлау азаматтық парыз, нағыз ел қамын ойлайтын адал ұл халқына пайдасын тигізуі, әділет үшін күресуі керек дегенді уағыздайды. Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым- қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған. Қарт жырау адам өмірінің ең қызықты кезеңі, ойына алған ісін қайратымен іске асыратын, ақыл, қайрат пен талаптың тасыған шағы жиырма бесті іздесең де таппайсың, жас өміріңді дұрыс пайдалана біл деп ақыл айтып отыр [4. 21-22 б.].
ХІХ–ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ақын Махамбет Өтемісұлының ұлттық рухы биік шығармашылығының орны ерекше. Табиғатынан «бүлікшіл ақын» атанған Махамбет жырлары: «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», т.б. өлеңдерінен аңғарамыз. Махамбет Өтемісұлы шығармалары азаттық жыршысы ретінде поэзиясының патриоттық үшін маңызы зор.
Ақын-жыраулар олардың әлеуметтік, философиялық дүниетанымы, ойлары халықтың қоғамдық сана-сезімінің қалыптасуына, ойдың дамып кейінгі ұрпақты парасатты, ұлтжанды рухта тәрбиелеуге әсерлі ықпалы зор. Осы ақын-жыраулардың ерлікке, елдікке шақырған еңбектері болашаққа ой саларлық, отты сөздер мен тапқырлықпен айтылған пейілі қашан да өзінің мән-
мазмұнын жоғалтпай, қайта уақыт озған сайын тәлім-тәрбилік маңызы артып, күшие түсетіні сөзсіз. Дала ғұламаларының: жыраулардың, шешен- билердің адамның адам болып қалыптасуында басты роль атқаратын адамгершілік құндылықтары жөніндегі өсиет-ақылдары мен өлең- жырларының мазмұны баяндалып, мазмұныбүгінгі күнгі тәрбиенің - ұстаздық басты мақсаты - өзіндік эстетикалық құндылықтарды бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Осылайша ұлттық мәдениетті бала бойына сіңіру көзделіп отыр. Жас ұрпақтың бойынан ұлттық мәдениеттің нағыз жасампаздығын дамытуды арман етіп отырған адамзаттың асыл қасиеттер жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай, оларды баламен қарым-қатынаста іске асыра алмайды Сондықтан жас ұрпақты ата- баба дәстүрі дүниетанымы негізінде ақын- жыраулар ойларында қалыптасқан ұлтжандылық рухында тәрбиелей отырып, оларды адамгершілікке, инабаттылыққа баулыған абзал. Ол үшін әр келешек жасұрпақтың қалыптасу ортасында тұрмыс, салт-дәстүрі жүйелі тәртіптің болуының ықпалы зор.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды болашақ ұрпақтың ақыл парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасына сан ғасырларда қалыптасқан сан дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты біліп, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуді міндетім санауы қажет.
Әрі келешек ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруға маңызы зор. «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап тұруы, қауіпсіздігі бүгінгі оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күнгі дән дегеніміз – оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер. Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат оқушыларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек ете білуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ойлау, сөйлеу бір-бірімен тіл табысу қабілеттерін дамыту. Бала бойына адамгершілік құндылықтарын оқыту барысында қалыптастыру қажет. Ұлттық тәрбиенің өркенді мақсатының бірі- ұлттық құндылық ата-бабалардың сан ғасырлық қазақ ақын-жыраулар мұрасы, келешек жас ұрпақтың санасына сіңіре тәрбиелеудің қуатты құралы айналуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |