Тақырып Несие операцияларының есебі. Сабақтың мақсаты


Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі



бет3/3
Дата19.12.2023
өлшемі20.88 Kb.
#486954
түріСабақ
1   2   3
лекция 9

9.3. Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі
Несиелеу принципінің бірі-төлемділігі боып табылады, яғни клиент несиені пайдаланғаны үшін белгіленген пайызын төлеуі керек. Осы үлгіде несие ұсына отырып банктер делдалдық қызметі үшін өтемақы алады, себебі олар несие бойынша төлемдер төленбеуінің тәуекелін өздеріне алады, өйткені банктің салымшылар алдындағы өзінің міндеттемелерін орындамауы тәуекелді жоғарылатады. Банк қызметінің негізгі түрі сырттан қаражат тарту және басқаларға несие беру боып табылады. Бұл қызметтің өзін-өзі ақтау себебі сырттан тартылған қаражаттың пайыздық мөлшерлемесі банк өзі берген несиеге қарағанда едәуір төмен.
-несиелік қаражатқа деген сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Қандай да болмасын нарықта сұраныс несиелік қаражат ұсынысынан жоғары болады және керісінше;
ҰБ саясатының реттеу бағыты. Бізде ҰБ екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатын анықтауға араласпайды, банктің несие үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету немесе жоғарылату, ынталандыру, міндетті резерв нормасын, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін икемдеу жолдарымен анықтайды;
-берілген несиенің көлемі және мерзімі (несиенің көлемі жоғары және несие ұзақ болса, онда пайыздық мөшерлеме де жоғары болады);
-несиелік капитплдың өзіндік құны (яғни тартылған қаражат банкке қаншалықты қымбатқа түседі);
Банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі деңгейіне әсер ететін тағы да бір қажетті фактор-сол банктің қаржылық жағдайы. Меншік капиталы жеткілікті мөлшерде қалыптаспаған банктің табыстық деңгейі жоғары емес және күтілмеген жағдайлар кезінде резервтің сенімділігі немесе шығындылығы агрессивті пайыздық саясат ұстанғаннан басқа әрекет ете алмайды. Банктер бұл позициялар бойынша тиісті деңгейде болса, онда либералды пайыздық саясатты ұстануларына жол береді. Банктің пайыздық деңгейіне инфляция жағдайы үлкен әсер етеді. Банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі де инфляцияның өсуіне сәйкес өседі. Бұған мысал ретінде мына фактіні айтуға болады: 1993-94 жылдары инфляцияныңөсу қарқыны өте жоғары болғандықтан, республикамыздың коммерциялық банктері несиені 360 жылдық пайызбен берген.
Кт 1858 «банктің шетел валютасы бойынша қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».
Бір уақытта теңгемен берілсе былай жазылады;
ДТ уақытта 1859 «шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»
2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»
«Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»
Кт 1411,1417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».
Кешіктірілген пайыз сомасына:
Дт 1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»
Кт 1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен кірістер»
Дт 1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»
Кт 4424 «Банктің қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегіне сыйақы алумен байланысты кірістер»
Бақылау сұрақтары:

  1. Несиенің негізгі түрлері мен формалары.

  2. Несие пайызының түрлері

  3. Несиені өтеу төлемдерін есептеу тәртібі

  4. Несиені өтеу кестесін құру

  5. Несие келісім шартының негізгі ережелері қандай?



Пайдаланған әдебиеттер: Негізгі: 1,3,4; Қосымша 7,9,11

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет