Тақырыпқа жетелеудегі сұрақтарды Блум таксономиясына негіздеудің маңызы



бет2/7
Дата10.11.2022
өлшемі59.61 Kb.
#464460
1   2   3   4   5   6   7
Мақала 2

Білу дағдысы

Ақпаратты еске түсіру

Анықтау, сипаттау, атау, таңбалау, білу, жаңғырту, орындау




Түсіну дағдысы

Мәнін түсіну, негзгі ойды түсіндіріп беру

Қорыту, түрлендіру, қорғау, түсіндіріп беру (перифразиривать), мысалдар келтіру




Қолдану дағдысы

Ақпаратты немесе тұжырымды жаңа жағдайда пайдалану

Құру, ұсыну, жобалау, модельдеу, болжау, дайындау




Талдау дағдысы

Ақпаратты немесе тұжырымды жақсы түсіну үшін бөліктерге бөлу

Салыстыру/қарсы қою, бөлу, бөліп таңдап алу, шектеу




Жинақтау (синтез) дағдысы

Жаңаны жасау үшін идеяларды жинақтау немесе біріктіру

Топтастыру, жалпылау, қайта жаңарту




Бағалау дағдысы

Құндылықтар жайлы пайымдаулар

Бағалау, сынау, ақтау, дәлелдеу, дауласу, қолдау, пайымдау

Кез келген басқа да теориялық модель ретінде Блум таксономиясының да күшті және әлсіз жақтары бар. Ойлаудың тәжірибеде құрылымдалған және қолжетімді болуы оның басты артықшылығы болып табылады. Блум таксономиясының әр түрлі деңгейіне қатысты сұрақтарды құрастыру нұсқаулығын қолданып жүрген мұғалімдер өз оқушыларының жоғары деңгейдегі ойлау дағдысын қалыптастыру мәселесінде бұл ақпаратты қолданбайтын мұғалімдерге қарағанда, елеулі жетістіктерге жетіп жүр. Әрине сұрақты күнделікті сабақ үдерісінде оңды-солды қолданып жүрген мұғалім үшін де, әрбір сұрағын айқын мақсатқа жетелеуге бағыттап, талғаммен, ізденіспен қолданып жүрген мұғалім үшін де кез келген тақырыпқа сұрақ немесе тапсырманы Блум таксономиясына негіздеп құру оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Бұл білімнің оңайдан қиынға, жеңілден ауырға бағытталған деңгейлік өсімі алдыңғы сатылардан өткен жағдайда ғана жүзеге асатындығы дәлелденген. Білу деңгейін меңгермей, түсінуге, түсінуді меңгермей, қолдануға өту мүмкін емес дегенді білдіреді. Дегенмен, көп жағдайда білу мен түсіну, қолдану мен талдау немесе талдау мен жинақтаудың арақатынасын ажырату өте қиынға соғады. Бұл пікірмен осы әдісті қолданып, оны өз әріптестерімен талқыға салып жүрген кез келген мұғалім келісе алады. Алайда, ол деңгейлердің ара жігін ажырату, араларына нақты шегара сызығын орнату міндетті емес. Мұндай таным белгісі ұқсас, жақын деңгейлердің басын қосып, жалпы бір саты ретінде қолдану жағдайлары да жиі ұшырасып отырады. Ал осы тәсілмен үздіксіз қолданып жүрген сыныптың кей жағдайда білу сатысынан аттап, түсіну деңгейінен серпін алып отыратын тұстарын да жоққа шығармаймыз.


Блум таксономиясы туралы талдау жұмыстыры мен өзіндік таксономия жүйесін жасау, жетілдіру жұмыстарымен педагогика және психология саласының ғалымдары нешеме жылдар бойы айналысып келеді. Бұл таксономия жүйесінің қатып қалған белгілі бір ұстанымы жоқ екендігінің айғағы бола алады және әрбір мұғалімінің өзіндік таксономиясын құрылымдауға мүмкіндіктер береді. Бастысы, деңгейлік өсу қағидасын ұстану болып табылады.
1999 жылы Лорин Андерсон мен оның әріптестері Блум таксономиясының оқу мен оқыту үдерісіне әсер ететін факторларының анағұрлым кең жиынтығын жариялады. Ғалымдар нақтыланған бұл таксономияда алғашқы нұсқадағы кейбір қателіктерді түзетуге тырысқан. Мұнда басты назар «нені меңгергеннен» «қалай меңгергенге» бет бұрады [2].
Яғни, басымдық меңгерген білімнің көлемінен оны меңгеру әрекетіне ойысады. Нақтыланған Блум таксономиясында түпнұсқадағыдай когнитивтік үдерістердің өлшемі алты дағдымен өлшенеді. Олар қарапайымнан неғұрлым күрделіге ойысып отырады.
Жады ұзақ мерзімге сақталған естен тиісті ақпаратты тану мен еске түсіруден тұрады. Түсіну – оқыған мәтін немесе мұғалім түсініктемесі секілді оқу материалдарынан өзіндік мән қалыптастыра білу қабілеті. Бұл үдерісте іске қосылған дағдылардың қатарына түсіндіру, мысалдар арқылы түсінік беру, жіктеу, жалпылау, қорытындылап пайымдау, салыстыру және мәнін ашуды ендіреді.

1-сурет. 1999 жылы Л.Андерсон мен оның әріптестері нақтылаған Блум таксономиясы.


Үшінші қолдану деңгейіне өзіне таныс немесе бейтаныс ақпаратты оқудағы меңгерген рәсімдерді пайдалана алуын жатқызуға болады. Талдау деңгейі деп қалыптасқан білімдерді жіктеп, олардың жалпы құрылымға қатысын пайымдау қабілетін атайды. Оқушылар оқығандарын саралау барысында талдау жасауға үйренеді. Түпнұсқада соңғы орында тұрған бағалау нақтыланған нұсқада бесінше деңгейге түсірілген. Ол өзіне тексеру мен сынауды қамтиды.


Бұрынғы таксономияда қарастырылмаған шығармашылық деңгей жаңа нұсқада ең жоғарғы деңгей болып табылады. Мұнда оқушының жаңаны құру үшін бұрынғы білгендерінің басын біріктіру қабілеті екшеленеді. Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңаны жоспарлау, тудыру және жасаумен айналысады.
Блум таксономиясының нақтыланған нұсқасы арқылы құрылымдалған сұрақтар негізінде оқушының танымдық әрекетін гуманитарлық пәндерде қалай дамытуға болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет